Саба? жоспары. ?дебиеттік о?у. ?нерлі жігіт


Күні: 08.04.16
Пәні: сауат ашу
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Сабақтың тақырыбы: Өнерлі жігітСабақтың мақсаты:1. Білімділігі: Мәтінді дұрыс түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Заттыңсынын білдіретін сөздерді анықтай білугесауаттылықтарын арттыру.2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, білімдерін толықтыру.3. Тәрбиелігі: Өнерлі, білімді болуға тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақСабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау, сұрақ – жауапСабақтың көрнекілігі: Әбу –Насыр Әл-Фараби портреті, слайд.Сабақтың жүру барысы:І. Ұйымдастыру бөліміПсихологогиялық дайындықАмансың ба, күн: (қолдарын жоғары көтереді, күнге созады)Амансың ба, дос! (бір-біріне алақандарын ашады)Амансыз ба, ұстаз қауым!(бас иіп, сәлем береді)ІІ.Үй жұмысы1-тапсырма. Ахмет Байтұрсыновтың «Тарту» өлеңін жатқа сұрау.1) Көктемде алғаш гүлдейтін гүла) бәйшешекә) қызғалдақ2) Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?а) не істеді? не қылды? қайтті?*ә) кім? кімдер? не? нелер?3) Жуан айтылған сөздерді тап.*а) дала, тазалықә) өзен, сәбізІІІ.Жаңа сабақБүгін бәріміз орталық жүйеге бағына отырып, орталықтың әрбір тапсырмасына сатылап жауап береміз. Біз қазір қай орталыққа тоқтадық?«Оқу орталығы» осы орталықта мәтінді сатылай кешенді талдау әдісі арқылы түсіндіру. Оқулығымыздың 146-шы бетін ашып мәтінмен танысайық.1. Өнерлі жігітЕл аузынанБұрынғы заманда жазу сызу болмағандықтан әңгіме ел арасында ауыздан ауызға жетіп отырған. Ел аузынан алынғандықтан оның авторы болмайды.Әңгімедегі Фараби туралы қысқаша мәлімет беру. Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб қаласында отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген. Толық аты-жөні Әл-Фараби Әбу – Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан.Әл-Фараби өздігінен оқып жетілген ғалым. Ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған Аристотельдің «Метафизикасын», «Қырық жан туралы», еңбегін жүз рет,ал «Риторикасын» екі жүз рет оқып шыққан.Әл-Фараби «Кемеңгерлік меруерті», «Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы», «Бақытқа жету», «Логика» сияқты тағы басқа трактаттар жазған. Әбу-Насыр Әл-Фараби 950 жылы қайтыс болған.2. Өзара мағыналық байланыста айтылатын екі немесе одан да көп сөйлемнен құралады.3 Шығармадағы негізгі ойды немесе тақырыпты қысқаша атау деген сөз. Бұл тақырып мәтінгесай алынған.4 Автордың айтайын деген басты пікірі. Мәтіндегі негізгі ой мен тақырып бір-бірімен тығыз байланыста болады. Бұл шығармадағы негізгі ой-жігіттің тісімен шеге суырып, әр түрлі өнер көрсетуі. Фарабидің қамқорлық жасауы. Кейін сол баланың үлкен ғалым болуы.Жазу орталығы- Балалар! Дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадысын жазамыз.Сөздік жұмысДирхем - VІІ-ғасырда қолданыста болған араб ақшасы (монета). Салмағы 3,9 грамм болған.Диуана - ақылгөй, дана, қария кісіні айтады.Ережені қайталау. Заттардың сынын білдіретін сөздерге оқушылар мысал келтіреді. Оқулығымыздағы 132-жаттығуды сәйкестендіру арқылы орындайықКүрең-- сиырҚызыл --атАла --қозыМомақан-- бұзауАқ --лақБөрте-- құлынЖирен --ботаСурет арқылы жұптық жұмыс жасайық.жиренақ бозалақараЖүйрікқасқатарғылтоқалҚорытынды: сұрақ – жауап әдісімен сабақты бекіту1) Фараби жігіттің қандай өнерін байқады?2) Ол жігітке қандай ұсыныс айтты?3) Өнерлі жігіт қандай жақсылыққа жетті?4) Фараби қандай еңбектер жазған?5) Сенің қандай өнерің бар?Үйге тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу. Әл-Фараби туралы мәлімет жинақтап келу.Бағалау.
Күні: 08.04.16
Пәні: дене шынықтыру
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Тақырыбы: Жетілдіру аунау
1. Акробатика: ұмтыла аунау, h 80-90 см қолға тұру –аунау,басқа тұру , «көпір»жасау 
2.Керме (ұлдар) .Кермеге асылып тұрып күшпен көтерілу ,таянып тұру Асылып тұрып артқа айналу Тербелеп жасалатын жаттығулар ,асылып тұрып тербелеп котерілу
 3.Түрлі биіктіктері сырық: (қыздар) –асылып тұрып бір аяқты сілтей ,екінші аяқпен итеріле айналып көтерілу,алға айнала «қарлығаш» жасап бұрыла секіріп түсу.Уақыт :45 мин Орын: спортзал Құрал-жабдықтар :керме,ағаш ат, түрлі биіктіктегі сырық ,т.бОқытумен тәрбиелеудің міндеттері : Қозғалыс қасиеттерін дамыту Мақсат:Оқушылардың денсаулығын нығайтуСабақ түрі: түсіндіру ,көрсету,жетілдіру Әдіс- тәсілдер : жалпы ,топтық, жеке№ Сабақ барысы Уақыты Әдістемелік нұсқау1 Сапталу.Амандасу.Сабақ тақырыбын хабарлау. Саптық жаттығулары .Жүру,жүгіру,жүріп,тұрып орындалатын қозғалыс жаттығулар 2 мин8 мин 2 Акробатика –ұмтыла аунау,қолға тұру-аунау ,қолмен басқа тұру «көпір» жасау Һ-80-90 см аунау. 15 мин 3 Керме –асылып тұрып күшпен көтерілу ,таянып тұру Асылып тұрып артқа айналу тербемен алға артқа айналу. Асылып тұрып артқа айналу. 15 мин 4 Түрлі биіктіктегі сырық –асылып тұрып бір аяқты сілтей екінші аяқпен итере айналып көтерілу ,жоғарғы сырыққа таянып тұру ,алға айнала төменгі сырыққа «қарлығаш» жасау ,бұрыла секіріп түсу. 15 мин 5 Сабақты қорытындылау 5 мин
Күні: 08.04.16
Пәні: еңбекке баулу
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруСабақтың тақырыбы: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлеріСабақтың мақсаты: Қазақтың қолданбалы өнері аяққап, қоржынның жасалу түрлері, зергерлік бұйымдар мен ағаш бұйымдарына түсінік беруМіндеттері: білімділігі: өз бетімен меңгерген білімін тереңдете түсуТәрбиелілігі: ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру, әсемдікке тәрбиелеу. Дамытушылығы: өнер мен уақыт саясатын ұштастыруға машықтау.Көрнекіліктер:Қазақтың ұлттық бұйымдары, қоржын, тұскиіз, топтастыру қағазы, бағалау парағы, фишкалар.Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгертуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап ,әңгіме.Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин түгелдеуЖаңа тақырыпты түсіндіру. Қазақтың ұлттық бұйымдарының түрлері:киіз, тұскиіз, текемет, сырмақ, қоржын, алаша, аяққап, тұтқыш. Ағаш бұйымдары: сандық, кебеже, адалбақан. Зергерлік бұйымдар: сырға, білезік,сақина, бойтұмар. Қазақ халқы «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші өнер өмірмен бірге ұштасып келеді.Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз- сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Тұскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т.б. маталардан бетіне ою-өрнектер тігіледі. Текемет- бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою-өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ- киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын- өрмек құрып тоқылатын бұйым. 2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс-аяқ салып сақтаған. Адалбақан- төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.І –гейм «Бой сергіту» Командаларға 10 сұрақтан беріліп, оларды талдауға 5 минут бөлінеді. Команданың бір өкілі жауап береді, ал бәсекелес команда жауаптың дұрыстығын үлгі бойынша қадағалап отырады. Сұрақтарға ең көп жауап берген команда ұтады.ІІ- гейм « Бөшкеден шыққан бас қатырғылар» Команда мүшелері бөшкеден (қапшықтан) нөмірлері бар шарлар алып шығады. Жүргізуші әр нөмірге жұмбақ немесе сұрақ оқиды.Өз ішінде талқылаған соң, команда капитандары жауап береді.1. Аяққап дегеніміз не?2. Қоржын дегеніміз не?3. Тұтқыш дегеніміз не?4. Түйе баласына байланысты ою? (ботагөз)5. Магиялық ою қалай аталады? ( тұмарша)6. Аққу оюы нені бейнелейді?7. Еңбек туралы мақал айтып бер?8. Өнер туралы мақал айтып бер?9. Оқу-білім туралы мақал айтып бер?10.Жансызда бір жансыз бар жалғыз аяқБеліне қыстырғаны шидім таяқКелбетіне қарасаң ештеңе емесБеліне буыныпты аямай-ақ(ұршық)11. Кіруге адам батпайдыТөрт бұрышты тақтайды Затыңды аман сақтайды.(сандық)12. Басы да екеу, аяғы да екеу.(қайшы)ІІІ – гейм «Жұмбақтас» Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген команда ұтады. Егер жауап дайын болса, команда көк жалаушаны немесе қолын көтереді. 1.Өнерлінің он саусағы тең ....(Өнерсіздің бір саусағы кем.)2.Еңбексіз өмір жоқ ...(Ауырсыз жеңіл жоқ)3. Шын шеберде …(мін жоқ)4. Жаңбырменен жер көгерер ....(еңбекпенен ел көгерер)5. Еңбек өмірді ұзартады ...(ұят бетті қызартады)6. Байлықтың атасы еңбек ...(Анасы жер)7. Еңбегіне қарай құрмет ...(жасына қарай ізет)8. Өмір үйретеді ....(еңбек ширатады)9. Өрнегі көптің ....(ермегі көп)ІV- гейм. «Сен-маған, мен-саған». Командалар бір-біріне 2 сұрақтан қояды.1.Жасырылған сөзді тап. Бірінші сан бағана нөмірі, ал екінші сан – жол нөмірі 2. Жасырылған сөзге сәйкес мақал- мәтел жаз.№1 кесте. Кестенің сыры түрінде кілемнің сыры түгіндеКестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды.Қыз еркем, кестесімен көркем, ұл еркем, өрнегімен көркем№2 шебер. Шебердің қолы ортақ.Шеберді өнері асырайды.Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген.Шеберлік шексіз байлықҚорытындылау:Бағалау.Үйге тапсырма: Қазақ халқының қолданбалы өнерінің түрлері
Күні: 08.04.16
Пәні: дүниетану
Сыныбы: 1 «Б»
Мұғалім: Чмаева Ж.Д.
Тақырыбы:Аңдар қалай қыстайды?
Мақсаты: Сабақтың мақсаты:
    а) білімдік: Оқушыларға әңгімені түсініп оқыта отырып,негізгі ойды,идеяны ұғындыру.Қысқы табиғат ерекшеліктерімен таныстыра отырып,аңдардың,үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы түсініктерін қалыптастыру. Өзіндік жұмыс істеуге,ізденуге үйрету.
    ә) тәрбиелік:Экологиялық тәрбие беру,адамдардың жануарларға көрсететін көмегін айта отырып,оқушыларды қайырымдылыққа баулу.
    б) дамытушылық:Сын тұрғысынан ойлауын,сөздік қорларын,тіл байлығын,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Әдісі:Сұрақ –жауап, ойын
Көрнекіліктер:Жануарлар бейнеленген слайдттар,суреттер
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сүйейік, табиғатты аялайық!
Біз де онан жақсылықты аямайық!
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Оқушылар бір – біріне тілек тілейді:
Жаңа сабақ
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы:Аңдардың,үй жануарларының қысқы мекені деп аталады.Аңдардың қысқы тіршілігін бақылау үшін орманға саяхатқа барамыз.Ол үшін біз шанамызға мініп, жолға шығамыз.
-Ал балалар сендер қыста тонасындар ма?
-Иә
-Олай болса жануарларда қыста тонады екен.
Қосымша түсініктер:Ұйқыға кететін жануарлар:аю, бақа, борсық, тышқан, кірпі.
-Жануарлардың ұйқыда болу мерзімі бірдей емес кейбіреуі қыста мезгіл-мезгіл сыртқа шығып қайта келіп жатып жүреді.
- Ал енді балалар бізге үйге қайту керек. Енді шанамызға отырып көзімізді жұмамыз да жолға аттанамыз.
Ауылға оралу: (Үй жануарларының суретін көрсету).
-Ал үй жануарлары қалай қыстайды? (оқушылар жауабы)
-Олардың қандай пайдасы бар?
 
-Балалар бізді үйде үй жануарлары  күтіп тұр. Олардың төлдері жоғалып кетіпті. Енді балалар біз оларға көмектесеміз бе?
Оқушыларға жануарлардың суреттері мен олардың төлдерін іліп оларды сызық арқылы тапқызу.
 
 
Қыста үй жануарлары ауыл маңында жайылады. Адамдар оларды бағып,күтеді. Үй жануарларына арнайы жылы қора-жай дайындайды. Онда жем-шөп салатын ақыр және су құятын науа қояды. Ауа райы ашық,жылы күні малды далаға,таза ауаға шығарады.         Жылқы мен қой қарды теуіп,астындағы шөпті ашып жейді. Көктемге қарай үй жануарлары төлдейді. Сиыр бұзаулайды,бие құлындайды,түйе боталайды,ешкі лақтайды,қой қоздайды.Олар енесінің сүтін еміп өседі.
-         Үй жануарлары немен қоректенеді?
-         Сиырдың адамға қызметі?
-         Жылқының адамға қызметі?
-         Иттің адамға қызметі?
-         Мысықтың адамға қызметі?
8.Сергіту сәті:
Оқушылармен аңдардың қимылдарын қайталап билеу.
9.Дидактикалық ойын:”Қай жануар қайда мекендейді?”Аңдар айтысы.
Дала жануарларын айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.
Үй жануары мен аңдардың дауыстарын келтіру.
10.Жұмбақтар.
 Қорыққанда желаяқ,                                       Отырғанда томардай-ақ (қоян)
 
Қаймықпайды күшті аңнан,Қорқады тек тышқаннан. (піл)
 
Иір-иір денесі,Сахараның кемесі,Ащы шөптер тамағы,Шөлге шыдап бағады.(түйе)
 
Ойын: Егер мен            болсам .....
            Егер мен                   болсам.....
            Егер мен                 болсам
 
 
11.Қорытындылау:
-Бүгін нелерді бақыладық?
-Қайда шықтық?
-Нелерді көрдік?
-Аңдар өз қорегін қалай табады?
-Саған ұнағаны?
Бағалап, мадақтау.