Орта??ы тобыны? 2016-2017 о?у жылына арнал?ан «Та??ы жатты?улар» жина?ы


Бекітемін:
«Ақбөбек» ББО-ң
Меңгерушісі: Г.А.Алпанова
Ортаңғы тобының
2016-2017 оқу жылына арналған
«Таңғы жаттығулар» жинағы
“Ғажайып табиғат” топ тәрбиешілері: Айманова Ж.М.
Искалиева С.Е.
Ақтөбе қаласы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
Айы Аптасы Тақырыбы Мақсаты Жүру барысы
ақсаты: Кеңістікте, жазықтықта, өз денесінде бағдарлауды, қимыл - қозғалыстың үйлесімділігін олардың дәлділігі мен нақтылығын дамыту. Саусақтарының ұсақ қол қимылын дамыту, мүсінді дұрыстау.
Зейінмен сөйлеу тілін дамыту, бала бойындағы жалпы мәдениет пен көркем талғамды тәрбиелеу.
Білімдік: Дәстүрден тыс тәсілі: Балалар ертегі кейіпкерлерін өздегінің елестетуі бойынша рольге бөлініп ойнау арқылы балалардың ырғақ іс - әрекетіне қызығушылығын арттыру. Кеңістікті бағдарлауға үйрету.
Тәрбиелік: Үлкендерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу,
Түзете дамыту: Балалардың мүсінді дұрыстау, ұсақ қол моторикасын жетілдіру, есте сақтау қабілетін арттыру. Балалардың зейіні тұрақтау.
Әдіс - тәсілдер: Түсіндіру көрсету. Сұрақ - жауап, релаксация. Саусақ, қол жаттығуы.
Көрнекті құралдар: СД диск, атрибуттар,
Іс - әрекет кезеңдері Маманның іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотиватциялық ынталандырушылық
- Сәлематсыздар ма!
Екі қатарға шахмат тәртібімен тұру ІІІ поз. иілу
Жүру, жүгіру (тұр), сапқа түру, жолға адамдай секіру жүру.
шеңбер болып тұру.
- Сәлематсыз ба!
Жүру, жүгіру (тұр), сапқа түру, жолға адамдай секіру жүру.
шеңбер болып тұру.
Ұйымдастырушылық ізденушілік
І. ІІІ - поз тұру.
1. Б. қ.: түзеу тұру, екі қол белде, отыру - тұру.(plie)
2. Аяқты кезек - кезек алға еденнен көтермей созу - 4 р.(Battemеnt tendu)
- Балалар бүгін біз ертегілер еліні саяхатқа барамыз, ол үшін әдемі және дұрыс жүріп, жүгіруіміз қажет.
Диагональ бойымен жүру түрлері: Жәй, шоқырақтап, бір қырындап, аяқ ұшымен жүру.
- Балалар көзімізді жұмамыз терең дем аламыз, дем шығарамыз (әсерлі, жай әуенмен тыныс алу жаттығуын орындау) Ал енді көзімізді ашамыз міне ертегілер еліне келдік.
ІІ. Негізгі қимылдар:
Балалар өздері таңдаған өсімдік немесе жануардың атрибутын алып, оған ат қояды. Соған еліктеп қимыл жасайды.
Мысалы:
Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп айналу, екі қолды кезек алға қарай сермеу, алға - артқа жүру, шеңбер бойымен жүру, иілу, аяқ ұшымен жүру, секіру.
Саусақтар гимнастикасы:
Саусақтарымен құстың бейнесін көрсету.
«Сиқырлы түс»
/денені босаңсытуға арналған жаттығу./
Малдас құрып отыру, қол тізеде, басты төмен түсіру.
Педагог мәтінді оқиды:
Біздің қолымыз демалады...
Біздің аяқтарымыз да демалады...
Демалады... ұйықтайды...
Бүкіл дене босаңсиды.
Жеңіл, терең дем алады.
- Енді балалар бәріміз шеңбер отырмыз әр бала өз кейіпкері туралы (педагоктың көмегімен, сұрақ - жауап арқылы) әңгімелеп береді.
ІІІ. Қимылды ойы:
«Көңілді маймылдар»
Мақсаты:
Еркіндік бере отырып тыңдауға, тәртіптілікке шақыру арқылы шыдамдылыққа, ұжыммен бірге қимылдауға үйрету.
Ойынның шарты:
Жүргізуші - «Маймылдардың апасы»:
Біз – көңілді маймылдар,
Өте қатты шулаймыз,
Алақанды соғамыз,
Еденді де таптаймыз.
Ұртымызды үрлеп,
Әндетеміз гулеп.
Төбеге де секірдік,
Маңдайға саусақ келтірдік.
Құлағымыз – қалқан,
Құйрығымыз – салпаң.
Бірақ тәртіп – қатаң,
«Үш» дегенде апаң -
Бәрің тілді алыңдар,
Қозғалмай, қатып қалыңдар!
І. ІІІ - поз тұру.
1Б. қ.: түзеу тұру, екі қол белде, отыру - тұру.(plie)
2Аяқты кезек - кезек алға еденнен көтермей созу - 4 р.
Балалар:
- Иә, біз дайынбыз.
Диагональ бойымен жүру түрлері: Жәй, шоқырақтап, бір қырындап, аяқ ұшымен жүру.
Аяқтың ұшымен жүру, қолды жоғары көтеріп айналу, екі қолды кезек алға қарай сермеу, алға - артқа жүру, шеңбер бойымен жүру, иілу, аяқ ұшымен жүру, секіру.
Педагогпен бірге қайталау.
Қимыл - қозғалыспен қайталап көрсету.
Рефлексифті
Түзетушілік
ІV. Қортынды бөлім.
- Балалар сендерге ертегілер елі ұнады ма?
- Өте жақсы, көзімізді жұмайық, бақшамызға қайтайық. Шеңбер болып тұру,
терең демалу, дем шығару. Балаларды мақтау, рахмет айту.
Иілу.
- Сау болыңыздар!
ІV. Қортынды бөлім.
- Ия
Шеңбер бойымен жүру, терең демалу, дем шығару.
Иілу, қол шапалақтау.
- Сау болыңыз!
Әуенмен залдан шығып кету.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Шеңбер бойымен жүру, жүгіру Кеңістікті бағдалау
Түсінігі: Әсемдік пен әдептілікті сезіну, жаттығуды дұрыс орындау
Дағдысы: Жарты шеңбер бойымен тұру.
Кері қайту
Бағыттаушы дәріс. Дене тәрбиесі – адамның дене мүшелерін шынықтырып, бала психикасының дамуына әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыл әрекеті мен дағдысының, білімнің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған көп қырлы педогогикалық процесс. Дененің дамуы- тәрбиенің және біздің қоршаған ішкі, сыртқы ортаның әсерінен ағзаның биологиялық функцияларының және адам денесіндегі бұлшық ет тарамдары мен түрлерінің өзгеруі мен өсуі. Дене жетілуі- еңбекке қабілеттілігі, дене дамуының ең жоғары дәрежесіне жетуі. Ағзаның өсуі (сандық өзгеріс) оның құрылысы мен функциясының (сапалық өзгеріс) өзгерумен байланысты. Ағзада сандық және сапалық өзгерістердің жинақталуы жас шамасына қарай дамудың бір баспалдағынан екінші баспалдағына ауысуы болып табылады.
Дене тәрбиесінің мақсаты – балалардың денсаулығын нығайту,денесінің дұрыс дамуын қамтамасыз ету, қолайлы жағдай жасау.
Міндеттері:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту.
Мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.
Бала денесін шынықтыру.
Балалардың жүру, жүгіру. Секіру, өрмелеу, лақтыру сияқты негізгі қимыл әрекеттерін дамыту.
2. Дене тәрбиесінде қажетті жағдайлар: балалардың күтімі мен өсіуіне қолайлы мәдени – гигиеналық жағдай жасау, дұрыс жасалған күн тәртібі, тамақтандыру, дененің тазалығы, баланың жасына және ауа райына жылы-жайлы киіну, гимнастика және қимылды ойындар ойнату, ұйқысын ұйымдастыру, серуенге шығау, күнді, ауаны, суды тиімді пайдалану. Шынықтыру құралдары: ауа, су, күн. Күнделікті өмірде тәрбиеші бұларды сауықтыратын процедура түрінде , ауа және күн ваннасын, шомылу, сулы шүберекпен ысқылану, үстіне суық су құйыну түрінде пайдаланады.
3. Басқа тәрбие салалары сияқты балабақша дене тәрбиесін ұйымдастыру барысында да балабақша меңгерушісі жауапты. Ол балалар өмірінің күн тәртібін жасауға, оның орындалуын бақылауға, тәрбиешілердің жұмыстарын тексеруге тиіс. Балалармен жұмысты тікелей тәрбиеші жүргізеді және олардың өміріне , денсаулығына , дамуына дербес жауап береді. Меңгеруші мен тәрбиеші балалармен жұмысты медбикемен тығыз бірлікте жүргізеді. Тәрбиеші үнемі балалар арасында болып, оларды бақылайды, іс-әрекет барысында басшылық жасайды, байқағандары жайында дәрігермен кеңесе отырып , сауықтыру шараларын жасайды. Олар келісе отырып күн тәртібін түзеді. Күн тәртібі дегеніміз- балаың күнделікті қайталанып отыратын іс-әрекетінің, тынығатын кезеңдерінің нақты , белгілі бір жүйемен ауысып келуін көздейдейтін, тиімділігі ғылыми негізделген, үйреншікті өмір тәртібі. Бұл баланың дұрыс өсуіне жағдай жасау үшін жас шамасына, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, денсаулығына, ата-аналардың жұмыс істеу уақытына байланысты құрылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың күн тәртібін ұйымдастыруда үлкендердің рөлі ерекше. Балалар күн тәртібін үлкендердің басшылығымен орындайды. Оны ұйымдастыратын тәрбиеші. Ол алғашқы күннен бастап жүйелі түрде балалардың күн тәртібін орындауға үйренетеді,, қадағалайды, әр баланың өзі орындайтындай деңгейге жеткізеді.
3. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдаған «Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздік және әл-ауқатының артуы» атты Қазақстан -2030 даму стратегиясын жүзеге асыру барысында ҚР үкіметінің №1678 бұйрығымен 1997 жылдың 3 желтоқсанында салауатты өмір салты қалыптастыру қызметі құрылды. Сол уақыттан бері салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі бойынша аурудың алдын алу мен халықтың денсаулығын нығайтуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрі денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі төмендегідей мәселелердің шешімін тапты:
Салауатты өмір салты (СӨС) қалыптастыру қызметінің құрылымен байланыстары жасалып, материалдық-техникалық ресурстары қамтамасыз етіледі;
Гигиеналық тәрбие процесіне жаңа технологияларенгізілді;
Денсаулықты сақтау мен білім беруді ұйымдастыру үшін СӨС қалыптастыратын мамандар даярлау қолға алынуда;
СӨС –ын қалыптастырудың ұлттық саясаты анықталды, оның тұжырымдамалық негізі ретінде «Салауатты өмір салты» атты кешенді бағдарлама жасалған.
Қортынды: Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және оның мақсат-міндеттері нақтыланды. Дене тәрбиесіне қажетті жағдайлар және дене тәрбиесін балабақшада ұйымдастырудың жолдарымен танысады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларын түсініп, тәжірибеде пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады.
Әдістемелік нұсқау. Дәрісте ұсынылған материалдарды оқушы-студеттер толық меңгеру үшін төмендегідей мәселелерге басым көңіл бөлуі керек:
Тақырыбы:«Жүзден жүйрік»
Мақсаты:Денсаулыққа, спортқа деген құштарлығын дамыту.
Эстафета, ойын арқылы көңіл-күлерін көтеру. Балаларды еркін,
батыл секіруге жаттықтыру. Балалардың дене қимылдарын
дамыту, жаны таза ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар:2 гимнастикалық орындық, 6 құрсау, 2 ат, кедергілер, қаптар, жіп арқан.

Оқу іс-әрекетінің барысы.
Жүргізуші:Армысыздар, ардақты менің достарым, әріптестерім. Сіздер «Айгүл» балабақшасында ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік» ойын-сауықтық мерекемізге келіп отырсыздар. Қош келдіңіздер! Ар-намысын қамшылап, маңдайдан тер тамшылаған ойыншыларымыздың қызықтарынан қапы қалмаңыздар! Енді осы сайысқа қатысатын бүлдіршіндерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.
(Балалар бір қатармен келіп тұрады, қонақтармен амандасады)
Ойынымызды бастамас бұрын денемізді шынықтырып алайық.
(Балалар шеңбер бойымен жүреді жүгіреді, аяқтың ұшымен, өкшемен жүреді. Екі қатарға тұрады, әділ қазылар алқасы тағайындалады)
Балалар екі топқа бөленеді: 1. Қырандар
2.Тұлпарлар
Жүргізуші: «Сәлем сөздің анасы» деген нақыл сөз бар. Командаларымыз өздерін таныстырып жіберсін.
Команда ұрандары:
«Қырандар»Қырандай күшті қанатты
Біз өрендер талапты
«Тұлпарлар» Желмен бірге жарысқан
Тұлпар қалмас жарыстан
Жүргізуші:Құрметті жанкүйерлер, қонақтар көңіл-күйлеріңіз қалай? Ойынды тамашалауға дайынбызба? Олай болса ойынымызды бастайық.






Біздің ойынымыз 5 шарттан тұрады:
1. «Кім жылдам»
Шарты:балалар гимнастикалық орындық үстінен өрмекші болып жүріп, әр
құрсауды көтеріп, оны өзінен кигізіп, жерге түсіріп, белгіленген жерге жүгіріп
барып қайту.
1. «Жүйрік ат»
Шарты: Балалар атпен секіру арқылы жарысады. Белгіленген жерге барып
кері қайту.

1. «Жүйріктер»
Шарты:Балалар кедергілер арасымен жүгіріп өтіп, белгіленеген жерден кері
қайту.
1. «Қаппен секіру»
«Арқан тартыс»

Жүргізуші:Құрметті көрермендер, әділ қазылар, біздің сайысымыз өз мәресіне де келіп жетті. Ендігі шешім әділқазыларда.

Құрметті әділқазылар сөз кезегі өздеріңізде
Жүргізуші: Ардақты әріптестер, қонақтар! Біздің сайысымыз өз мәресіне жетті. Болашақта білімді, спортшы балаларымызды тәрбиелей берейік. Келесі кездескенше. Қош сау болыңыздар!
Балабақша кеңесі
Мақсаты:
Мектепке дейінгі ұжымның жұмысының ынтасын дамыту
Оқу тәрбие үрдісінде балабақшаның өз дербестігін көтеру
Балалар мен ата-аналардың құқықтарын жүзеге асыру, педагоктармен балабақша жұмысшыларының оқу үрдісінде өзін өзі басқаруын қадағалау
1.Мыкбаева Ә.А. – балабақша кеңесінің төрайымы (ата-ана)
2.Горедулич Т.Г. - балабақша кеңесінің төрайымының орынбасары (ата-ана)
3.Нүсіпбекова Б. – хатшы (ата-ана)
Балабақша кеңесінің мүшелері
4.Рысбеков Ж.Е. – мүше (ата-ана)
5.Мадалиева М.Б. - балабақша кеңесінің мүшесі (ата-ана)
6.Коваленко Г.А. - балабақша кеңесінің мүшесі (ата-ана)
7.Абдыбекова А.Д. – медбике
8.Гайкова В.В. – балабақша тәрбиешісі
9.Махатаева А.Т. - балабақша тәрбиешісі
Педкеңесте қарастырылып, бекітілген
19 балабақша меңгнрушісі
____________ Сұртаева Ж.С.
Балабақша Кеңесінің жұмыс
жоспары
№Іс-шаралар Мерзімі ЖауаптыларОрындалуы туралы белгі
1Балабақша кеңесінің ережесімен жұмыс жоспарын бекітуқыркүйекМеңгеруші, ата-аналар комитеті
2Ата-аналар қаражатының жұмсалуын қатаң бақылау, жүргізу (тамақтану, шаруа-қожалық керекті заттар)Жыл бойыМеңгеріші, кеңес мүшелері
3Балабақшаның көрнекі үгіт – насихат жұмысына белсенді қатысуЖыл бойыМеңгеруші, кеңес мүшелері
4Балардың өмірін сақтауға арналған іс-шараларға белсенді түрде қатысу (ЖЖЕ, сейсможаттығулар)Жыл бойыкеңес мүшелері
5Мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысу : ертеңгіліктерді өткізу, мерекелер, байқаулар, жарыстар, көрмелер, экскурсияларЖыл бойыМузыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушысы ата-ана комитетінің мүшелері
6«Жанұялық ошақ» жанұя клубының жұмысына белсенді араласу, экологиялық сенбіліктерге қатысу, балабақша ауласын тазалауЖыл бойыМузыка жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушысы ата-ана комитетінің мүшелері
7Жалпы ата-аналар жиналысына қатысу:
«Балалар денсаулығы»
«Бала құқығы»
«Бір жылда біз нені үйрендік?»Қыркүйек, желтоқсан, мамырМеңгеруші, кеңес мүшелері
8Қызметкерлер мен балаларды марапаттауға балабақшаны рәсімдеуге көмектесуге белсенді түрде ат салысуЖыл бойыМұғалімдер, кеңес мүшелері
9Жазғы сауықтыру жұмысын ұйымдастыруға белсенді түрде қатысуМамыр - тамызМеңгеруші, кеңес мүшелері
10Топтағы және балабақшаның басқа бөлмелеріне жөндеу жүргізу, кестесін қарастыруМамыр - тамызМеңгеруші, кеңес мүшелері
«Келісілген»
Балабақша Кеңесінің Төрайымы
________Мықбаева А.А.
«Бекітілген»
№19 балабақша меңгерушісі
_________ Сұртаева Ж.С.
Мектепке дейінгі мекеменің балабақша
Кеңесінің ережелері
1.Жалпы ережелер
2.Балабақша Кеңесінің міндеттері
3.Балабақша Кеңесінің қызметтері
4.Құқығы мен жауапкершілігі
5.Іс-құжаттар
1.Жалпы ережелер
Балабақша Кеңесі әкімшілікпен тығыз байланыста және қазіргі заңдар мен актілерге сәйкес жұмыс істейді
-ҚР-ның Конституциясы
-БҰҰ бала құқығы туралы конвенциясы
-ҚР-ның «Білім беру» заңы
-ҚР Президентінің Қаулысы мен шешімдері
-Мектепке дейінгі ұйымның Типтік ережелері
-ҚР-ның Білім беру Министрлігінің нормативті-құқықты актілері
Мектепке дейінгі мекеменің міндеттері
2.1. Мектепке дейінгі мекеменің даму жоспарын құрау
2.2. Мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие үрдісінің қолайлы жағдайда дамуы
2.3. Оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың денсаулығын сақтауды бақылау
2.4. Ұйымдастыру. Ата-аналардың қосымша білім беру шараларының сұранысын зерттеу, сонымен бірге ақылы
2.5. Басқа мекемелермен қарым қатынасты нығайту үшін Мектепке дейінгі мекеме әкімшілігіне көмек көрсету
2.6. Мектпке дейінгі мекеменің бекітуімен актыларды қабылдау
Мектепке дейінгі мекеменің атқаратын қызметтері
3.1. Мектепке дейінгі мекеменің Кеңесі:
- Мектепке дейінгі мекеменің тамыз конференциясының шешімдерін орындау
- Мектепке дейінгі мекеменің даму жоспарына қатысуы
- Кеңес төрайымы Мекеме бастығымен бірге мемлекеттік, жалпы органдарда Мектепке дейінгі мекеменің назарын аудару, сонымен қатар ата-аналар мен ата-аналар комитетімен бірге тәрбиенушілердің ықыласын ұсыну
- Мектепке дейінгі мекеменің жұмыс жоспарымен келісу, сабақтардың оқу жоспарына сәйкес, ертеңгіліктердің өткізілуі
- Мектепке дейінгі мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді, ата-аналар комитетінің жұмыс жоспары мен басқа да актілерді бекітеді
- Педагогикалық ұжыммен бірге өзін-өзі басқару іс-әрекетін ұйымдастырады
- Педагогтардың шығармашылық ізденуін қолдайды, мектепке дейінгі мекеменің университет, институттар мен тәрбиенушілердің жан-жақты дамуы үшін тығыз байланыста болуын қадағалайды
- Мектепке дейінгі мекеменің қаржыны жұмсауын бақылауға алу
- Мекеме бастығының есеп беруін тыңдау, әкімшілік жұмысын жетілдіру, қорытынды іс құжаттарымен танысу
- Педагогтарды және мекеме әкімшілігін қорғау, дер кезінде білім беру басқармасына айту
Мектепке дейінгі мекеменің құрылымы
4.1. Мектепке дейінгі мекеменің құрамына педагогикалық жұмысшылар сайлана алады, ата-аналар, мекеме қызметкерлері. Кеңестегі адамдар саны Мектепке дейінгі мекеменің ұжымымен жиналыста анықталады
4.2. Кеңес айына 1 рет жиналады
4.3. МДМ-ның Кеңесі өз төрағасын сайлайды
4.4. Хаттаманы жүргізу үшін хатшы сайланады
4.5. МДМ Кеңес мүшесін өз еркімен мүшеліктен шығара алады
Мектепке дейінгі мекеменің құқығы мен жауапкершілігі
5.1.МДМ-ның барлық шешімдері, нұсқаулары мекеме ұжымына және барлық ата-аналарға дер кезінде жеткізіледі
5.2.МД мекеме Кеңесінің мынандай құқығы бар:
-Кеңес мүшесі әр-бір жоспардағы сұрвқты талқылауға құқылы, егер оны Кеңестің үштен бір бөлігі қолдаса
-Мектепке дейінгі мекеме бастығына оқу-тәрбие үрдісіндегі іс-шараларының даму жоспарын ұсыну
-Педагогикалық кеңесте, әдістемелік кеңесте және ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие үрдісіндегі даму сұрақтарына қатысты талқылауға қатысу
-Ата-аналар комитетінің жұмысының есеп беруін тыңдап, талқылау
-Мекеме төрағасымен бірге Мекеменің іс-әрекеті жайлы ақпарат дайындау
5.3. Мекеме Кеңесі жауапкершілік алады:
- Жұмыс жоспарының орындалуына
- ҚР-ның білім беру заңын сақтау
- Қабылданған шешімдердің жете білушілігі
- Мектепке дейінгі мекемеде озін өзі басқару принципін дамыту
6. Іс-құжаттар
№ 19 балабақшаның 2009-2010 оқу жылының жұмыс нәтижесінің қорытындысы.
2009-2010, былтырғы оқу жылында № 19 балабақша ұжымы өз алдына бірқатар міндеттерді қойған:
1. Балалардың денсаулығын нығайтумен шынықтыру үшін мектепке дейінгі балалардың физикалық тұрғыдан дамуына жағдай жасау;
2. Мемлекеттік тілді оқыту жұмысын жақсарту, балалардың тіл мәдениетін дамыту:
3. Балаларға өнегелі тәрбие беру және олардың адамгершілік-құқықтық сапа негізін қалыптастыру жұмысын жетілдіру.
Балалардың денсаулығын нығайту мен шынықтыру үшін балабақшада барлық жағдайлар жасалды, дәстүрліемес құрал-жабдықтармен толықтырылып, дене шынықтыру бұрыштары жабдықталды, бал және фито шәйлер, дәруменді терапия кеңінен қолданылды, дер кезінде ауру балаларды емдеу, сауықтыру және шынықтыру іс-шаралары жүргізіліп, қолайлы психологиялық орта құрылып, санитарлы-гигиеналық тәртіп сақталды. Жүйелі түрде сауықтырудың нәтижесінде 2007-2008 оқу жылы мен 2009-2010 жылындағы ауру түрлерін салыстырмалы сараптасақ ауру балалар санының азайғанын көрсетеді.
Педагогтардың кәсіби құзіреттілік деңгейін көтеру үшін, педагогикалық ұжымның жұмысына ізденіс, жаңа мазмұн енгізе отырып, оқу-тәрбие үрдісін іске асыру. Мақсаты:
«Педагогикалық ұжымның алдына қойған міндетін сапалы орындау және оқу-тәрбие үрдісін түбегейлі жақсарту үшін педагогтардың құқықтық бөлімдерін, кәсіби шеберліктерін арттырып, әдістемелік деңгейін котеру»
Педагогикалық кәсіби құзіреттілігінің деңгейін көтеру жолдары:
1. ҚР қаулы, заңдарын оқып үйрену
2. Қала, облыс, Республика, шет елдер жаңалықтарымен танысу
3. Педогогикалық оқу
4. Жас маманмен жұмыс
5. Семинарлар, кеңестер өткізу
6. Білімдерін жетілдіру курстарына жіберу
7. Педагогтарды аттестаттау
8. Озық тәжірибелерді тарату
9. Әдістемелік бірлестік отырыстарын өткізу
2010-2011 оқу жылына төмендегідей жылдық міндеттерді қойып отырмыз:
1. Балалардың денсаулығын нығайту және өмір қауіпсіздігін сақтау, салауатты өмір салты туралы дұрыс ұғымдарды қалыптастыру жұмыстарына оңтайлы жағдай жасауды жалғастыру. Жоспар бойынша балалардың денсаулығын нығайту салауатты өмір салтын қалыптастыру жұмысын ары қарай жандандыру.
2. Театр қызметіне балаларды баулу және іске асыруға жағдай жасау. «Мектепке дейінгі жаста балаларға көркем-эстетикалық тәрбие берудің үлкен маңызы бар, өйткені сол арқылы баланың эстетикалық эмоциялық сезімдерін дамыту жүзеге асырылады. Баланың жан-жақты дамуы үшін театрдың да үлесі орасан зор.
Театр әсіресе баланың эмоциялық әлеміне ерекше әсер етеді, бір-бірімен қарым-қатынасқа үйренуі, шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қатар, театрландырылған іс-әрекет барысында балалардың кейіпкерге тән қимылдары үшталады, қиялы, ақыл-ой қабілеттері, тілдері дамиды.
Үшінші жылдық міндет: Құрастыру арқылы балалардың шығармашылық қабілетін және қимылын дамыту.
Адамның сөйлеу және қол қимылының белгісі адам басының ортаңғы миында өте жақын орналасқан. Баланың саусақ қимылдары тіл қызметінің дұрыс қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Сондықтан баланың тілін дамыту үшін қол саусақтарының қимылын дамыту қажет (Майда маторика).
Ойлау, зейін, қиял, көру қасиеттері қолдың майда маторикасымен тығыз байланысты. Осы міндеттерді шешу үшін балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі жоспар құрылды:
1.Қолдың массажы
2.Саусақ гимнастикасы
3.Әр түрлі құралдармен ойындар (сыммен, түймелер, құрастыру құралы, графикалық жаттығулар, қалыппен)
Увед
Уважаемый_______________________
На осн решения совета директоров АО цтс от _____ протокол №___
Об сокр
Уведом-ем вас о том что ваша должность сокр с _____
В соответствии с пунктом 1 ст56 труд-го кодекска Рк , уведам-м вас о предстоящем рас-и т.д согласно п.п 2(п.1ст54 кодекса РК
Зав __________
С увед ознокомлен ____________ от ____________
Алтын күз
Жүргізші: Құрметті қонақтар , ұстаздар! Бүгінгі біздің «Ғажайып табиғат» тобымыздың «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Армысыздар, балалар
Армысыздар, хлайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бізрге қарсы алайық!
Жүргізуші: Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық. Қонақтарда келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме ол кім?
Балалар: Ол күз.
Жүргізуші: Дұрыс таптыңдар. Ендеше Алтын күзді ортаға шақырайық.
Хормен: Кел жемісті Алтын күз!
Кемелденсін халқымыз!
(Қолына себет ұстап , алтын күз келеді)
Алтын күз: сәлеметсіңдер ме , балалар!
Жүргізуші: Қош келдің Алтын күз. Төрлетіңіз!
Алтын күз: Балалар мен сендердің өлендеріңді тамашалау үшін алыс жерден келдім. Ал, сендер маған өз өнерлеріңді көрсетесіңдер ме?
Жүргізуші: қане балалар біз қарап тұрмайық. Алтын күз апаға тақпағымызды сыйлайық.
1.Жанель: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинаға
Шақырады біздерді
2.Даниал: Қарашы күз келді , күз келді
Жапырақтар жапты іздерді
Құс біткен керуен тізеді
Қара бұлт қабағын түйеді.
3.Үміт: Ел егінді жинайды
Қырманға дән симайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айдала
4.Саламат:Өнім үйіп тастадық
Оқуды да бастадық
Берекелі алтын күз
Ашық болсын аспаның
5.Аяулым: Көбейді құт береке
Астық толы қоймамыз
Құтты болсын мереке
Алтын күзді тойлаймы.
6.Саят: Мерекелі күз келді
Берекелі күз келді
Өлең айтып көңілді
Қуантайық біз енді
Жүргізуші: Ал , балалар, Алтын күзге әдемі өлеңімізді айтып берейікші.
Ән: Алтын күз.
Алтын күз: Балалар , мен сендерді күзгі саяхатқа шақырамын. Менімен барасыңдар ма? Ендеше дайындалайық. Біздің жолымыз ұзақ та қызықты болмақ . Біздер пойызға мінеміз. Онда бәріміз бір-бірімізден ұстап жолға аттанайық. (әуәнмен пойыз болып жүреді, билейді)
Дауыс: «Жемістер аялдамасы»
Бағбан ата шығады: Хе-хе-хе! Біздің елімізге кімдер келіп қалған?
Алтын күз: Біз балалармен бірге күз кереметін тамашалап саяхаттанып, көңіл көтеріп жүр едік. Ал сіз кім боласыз?
Бағбан ата: Мен бау-бақшада тұратын атамын. Бау-бақшаны көктемде егіп, оны жаздай күтіп баптаймын. Күз мезгілі мезгілі келгенде көкөністе мен жемістерді жинап аламын. Ал, балалар сендер нені жақсы көресіңдер?
Жүргізуші: Біздің балалар ертегілерді жақсы көреді.
Бағбан ата: Олай болса менде өте қзықты ертегі бар, соны сендерге айтып берейін, жарайма?
«Көкөністер айтысы» (сценка)
Ерте-ерте заманда
Еңбек сүйген адамға
Екі қолға бір күрек
Табылыпты әманда
Өсіріп бау-бақшаны
Адал тауып ақшаны
Күнелтіпті бір бағбан
Мәуелеп өсіп баққаны
Дәнегін егіп көктемде
Ақ пейілмен сепкенде
Жеміс бермей қоймайды
Маңдай терді төккенде
Ағарып таңдар атыпты
Қызарып күндер батыпты
Бақшаға келсе бір күні
Айтысып бәрі жатыпты
Айлана (Сәбіз):
Адам бойын өсірем
Ауруын көздің кетірем
Бойшаң сұлу сәбізбін
Күн көзімен жетілем
Е.Айару (Алма):
Алма деген арумын
Темірдің көзі дәрумін
Сақталамын тым ұзақ
Сондықтан мен тәуірмін
Ерасыл (Картоп):
Адам жеуін тыймайды
Қаптап күзде жинайды
Төресі деп жемістің
Мына мен сыйлайды
Ислам (Қарбыз):
Шөлдесе шөлі қанатын
Бүйрекке шипа табатын
Адам үшін пайдалы
Жоғары менің санатым
О.Аянат (Қызылша):
Қызылша деген атым бар
Қант берер затым бар
Адам қанын көбейтем
Ал сендер тыныш жатыңдар
Ш.Айару (Қияр):
Сөлді дәмді қиярмын
Дәрумен бойға жиярмын
Салаттың менсіз сәні жоқ
Кез келген жерге сиярмын
Саят (Пияз):
Жасауратып көзіңді
Ауруға қылам төзімді
Мың да бір шипа қиярмын
Серт қылам осы сөзімді
Аруназ (Қызанақ):
Мен күштімін бәріңнен
Тербеймін тегіс әніммен
Сұлу да тәтті мен ғана
Көрінбей ме сәнімнен?
Бегім (Қырыққабат):
Тамақта да текті едім
Жиірек мені жесеңдер
Семіздіктен шектермін
Бағбан:
Таласпаңдар , қойыңдар
Арыздықты жойыңдар
Бәрің қымбат мен үшін
Бағбанмын ғой мойындар
Алаласам егерде
Сендерге су берем бе?
Жидегің бар жемісің
Тәттісіңдер жегенде
Мәпеледім баламдай
Әрқайсыңа алаңдай
Жайқалып тек өсіңдер
Қаңқу сөзге таланбай
Алтын күз: Қандай жақсы ертегі еді. Балалар сендер білесіңдер ме жемістер мен көкөністердің бізге пайдасы мол.
Жүргізуші: көкөністер дауласпаңдар. Өйткені сендердің бәрің де денсаулыққа пайдалысыңдар. Оны біздің балалар жақсы біледі.
Бағбан ата: Жомарт күздің біздерге
Берерін алып шашпайық
Алтын күз тойын бәріміз
Бимен жалғастырайық
Би: «Көкөністер» биі
Бағбан ата: Өнерлеріңе тәнтімін балалар. Ал енді мен сендерді ойын ойнауға шақырамын. Сендердің шапшаңдықтарын мен ой-қабілеттерңді байқап алайын.
Ойын: Жеміс-жидек пен көкөністер.
Алтын күз: ал балалар біздің жол жүретін уақытымыз келді. Саяхатымызды жалғастырайық.(пойызға мініп кетеді).
Дикитор дауысы: «Күзгі орман аялдамасы»
Жүргізуші:Балалар қараңдаршы біз күзгі орманға да жетіп қалдық. Табиғаты өте тамаша екен. Енді мен сендерді күз туралы әдемі тақпақ айтуға шақырамын. Қане кімнің дайындаған тақпағы бар? Алтын күзге әдемі тақпақтарымызды айтып берейікші.
1.Ақмаржан: Алақай, алақай
Шаттанды балақай
Береке салты күз
Мереке алтын күз
2.Азима: О, алақай, тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші алаша
Аунар ма еді жатып ап
3.Нұрдаулет: Сарғайды тоғай
Сап сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
4.Нұрым: Кездескен соң күзімен
Бұтағынан үзілген
Ай жапырақ сары алтын
Айналаның бәрі алтын!
5.Дәмелі: Алтын, сары,қызыл көк
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап.
6.А.Санжар: Сары теңге жапырақ
Бояған ба жер бетін
Тоңазыпты топырақ
Ызғарлы екен жел де тым.
7.С.Санжар: Жүзім, алма жинаймыз
Алтын мақта тереміз
Үлкендерді сыйлаймыз
Алтын күзді тойлаймыз.
Алтын күз: Суық желмен желпініп
Ысқырынып келеді.
Жалаңаштап ағашты
Жапырақтан бөледі.
Қанекей балалар менің әдемі жапырақтарыммен би биледер. Ал мен тамашалайын.
Би: «Жапырақтар» биі
Жүргізуші:Біздің күз түрлі көңіл-күйде болады. Біресе көңілді алтын күз, біресе қоңыр салқын болады. Соны біз өлеңге салып «Жаңбыр» деген өлеңді айтып берейік.
Ән: «Жаңбыр»
Жүргізуші:Алтын күз біздің Азима деген қызымыз сізге өзінің төрт жол шумағын айтуға келіп тұр.
Азима: Күзім-ау, күзім-ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп
Келгенің қызық-ау.
Алтын күз: Иә балалар жұрт мені жылауық күз деп те атайды. Өйткені күзде көп жаңбыр жауады, солай емес пе? Ал жаңбыр Жауғанда сендер не ұстайсыңдар? Дұрыс: қолшатыр.
Ө.Алихан: Жаңбыр, жаңбыр жауа бер
Қорықпаймыз біз сенен
Көшеге біз шығамыз
Жаңбырдан біз қашамыз.
Алтын күз: Жақсы, қазір соны мен байқаймын. Қане бәріміз ойын ойнасақ қалай болады.
Ойын: «Кім тез?» (қолшатырмен)
Алтын күз: Балалар бізге жол жүретін уақыт келді. Саяхатымызды жалғастырайық. (пойызға мінеді)
Дикитор дауысы: Келесі аялдама: «Көңілді алаң»
Алтын күз: Балалар бұл аялдамада біз сергіп, демалып, көңілді өлеңдер мен тақпақтар айтып, би билейміз. Келісесіздер гой?
Жүргізуші: Алтын күз , біздің балалар тағы да сағат арнап өз тақтақтарын айтуға дайын.
1.Айсель: Көрініп еліме
Күндері береке
Келді гой жеріме
Күз дейтін мереке
2.Айзере: Ұшты талдан жапырақ
Сары көбелек секілді
Аспанда жай шатырлап
Тамшы жерге секірді
3.Досжан: Гүл жайнаған даланың
Жапырағы солыпты
Таң қалып мен қарадым
Танымастай болыпты.
4.Айлин: Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді
Кел жемісті алтын күз
Кемелденсін халқымыз
Алтын күз: Өте керемет! Тағы кімнің тақпақ айтқысы келеді?
5.Мансур: Ел егінді жинайды
Қырманға дән симайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
6.Рустам: Астық жеміс жиылды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз мың алғыс
Алдық өнім сиыңды
7.Саида: Сарғайды тоғай
Сап сары маңай
Соңғы әнін айтып
Құс кетті қайтып
8.Сезім: Ел егінді жинайды
Қырманға дән симайды
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Алтын күз: Теріп алдық жемісті
Толтырамыз қаптарды
Өлең айтып, би билеп
Қыздырайық думанды.
Би: «Жаңбыр» биі
Алтын күз: Балалар сендермен уақытымыз көңілді өтті. Өздерің күз мезгілін өте жақсы көреді екенсіңдер. Мен сендерге ризамын. Бірақ қайтатын уақыт қане , бәріміз тіркесіп, бір бірімізді ұстап балабақшамызға қайтайық. (пойызға мініп кетеді)
Дикитор дауысы: Келесі аялдама: «Ақбөбек» білім беру орталығы
Ән: «Балабақша» әні
Жүргізуші: Әуеледі әніміз
Жаңа кірді сәніміз
Күз апаны ортаға алып
Би билейік қане біз.
Алтын күз: (қолындағы себеттегі шырынды алып)
Астық жеміс береке
Бір айға нәр беремін
Барлығынды қимаймын
Барымды мен сыйлаймын
Менде көп ақ мереке
Өздеріңмен біргемін
Жомарт күздің сыйлығын
Бәріне де беремін.
Балалар өмірлерің осы шырындай тәтті болсын!!!