?аза? тілі п?нінен саба? жоспары Абай ??нанбай?лы ?ыс 5 сынып


Сабақ жоспары
Сынып: 5а сынып
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев «Қыс»
Етістік.
Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімділік: Етістік туралы түсініктерін қалыптастыру. Тақырып бойынша өткен белсенді сөздерді меңгерту.Айтылым,жазылым,оқылым,тыңдалым, тілдесім әрекеттерін іске асыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау. Тапсырмалар арқылы сын тұрғысынан ойлау аясын кеңейту және сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өздеріне қарау,топтастардың ой-пікірлерін сыйлауға, тыңдауға үйрету.
Тәрбиелік:Оқушылардың әдебиет тұлғаларына сыйластығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік материал:Абай туралы кинофильм,үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: жұппен, ұжымдық түрде бірлесіп білім алу.
Сабақтың әдісі: көрнекілік, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы:
Сәлемдесу. Сабақ басын ұйымдастыру
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын ашу.(Тақтада Семей, ақын,сазгер,аудармашы, қыс, жаз,мұражай.)
Бұл сөздер қандай ақынға сай келіп тұр?
Абай Құнанбаев.
Қыс туралы сурет көрсету. (Интербелсенді тақта арқылы).
Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс.
Бүгін нешесі?
Жақсы олай болса, біздің қандай мақсат қоямыз?
Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді жазып алайық.
«Бинго» ойынын ойнату. Берілген мақал-мәтелдерді аяқтап. Бірінші толтырған топ жеңімпаз болады.
«Бинго» ойыны
Күшіңе сенбе, адал ісіңе .... Бойыңа мақтанба, ... мақтан. Отансыз адам
Ормансыз .....
Көз ....,
Қол батыр. Ынтымақ ... іс болмас. Әдепті бала ... бала,
Әдепсіз бала сорлы бала.
Жаңа сөздер.
Тыңдалым (мәтінді түсініп тыңдау).
Бізде қыс желтоқсан айынан басталады. Бұл мезгілде күн суытады. Батыстан суық жел соғады. Күн қысқарып, түн ұзарады. Жиі-жиі қар жауады. Жердің бетін аппақ қар басады. Адамдар қыстыгүні жылы киінеді. Бұл мезгілді, әсіресе, аңшылар өте ұнатады. Олар аң аулайды. Үлкендер де, жастар да коньки теуіп, шаңғымен сырғанайды. Әр жыл мезгілінің өз мейрамы бар. Қыста біз Жаңа жылды қарсы аламыз...
Бұл мәтінде не туралы айтылған? Негізгі ойды дәптерге жазып алыңдар.

Оқылым
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы – ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды....
Іштей оқу.
Дауыстап оқу.
Мәнерлеп оқу
Балалар мәтінде не туралы айтылған?
Кім мазмұнын айтып бере алады?

Кинофильм көрсету. Абай Құнанбаевтың мұражайы.
Сергіту сәті.
Жазылым – дәптермен жұмыс.
1 – тапсырма. (міндетті деңгей) Берілген сөйлемдерді дұрыс сәйкестендір.
Ол дәптерді сатып ...... ..... .
Оған айтпай .... .
Дүкен ашылған .... .
Сүтті жерге .... .
(жоқ ,кетпе, төкпе, алған жоқ,)
2- тапсырма. (міндетті деңгей) Болымсыз етістіктің жұрнағын жалға, орыс тіліне аудар.
Көп сөйле...,өтірік айт...., сабақтан қал ..., отпен ойна ....,жамандық тіле..., нанды бас..., досыңды алда ..., сабаққа кешік ....
(-па, - пе, - ма,- ме)
3 – тапсырма. (міндетті деңгей) Қыс айларын атап шық.

4- тапсырма. (мүмкіндік деңгей) Берілген етістіктерді жіктеңдер : шешу ,түсу.
5- тапсырма. (мүмкіндік деңгей). Берілген сөйлемдердегі болымсыз етістіктердің астын сыз.
Ағам бір айдай келген емес.2. Күлме досыңа, келер басыңа. 3.Асқар бұл киноны көрген емес.

Тілдесім. «Көріністі кім сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттегі көріністі сөйлету.
Рефлексия. Қорытынды.
Бүгін сабақта мақсатымызға жеттік пе?
Бүгін сабақта алған білімдеріңіз қажет пе?
Сіздер оны өмірде қолдана аласыңдар ма?
Қай кезде? Қашан?
Бағалау. Бағалау парағын тапсыру, бірін-бірі бағалау.
Үй жұмысы.
Қыс өленің жаттау.
Абай Құнанбайұлы бойынша презентация жасау.