Презентация Ринолалик баламен ж?ргізілетін т?зете — дамыту ж?мыстары


Ринолалик балаға арналған сабақ жоспары
Мақсаты: балалардың жемістер туралы білімдерін анықтау; сызба бойынша
әңгіме құрастыруға дағдыландыру; сөздерді жекеше және көпше түрде айтуға дағдыландыру; белсенді сөздік қорды дамыту; зейінді, есте сақтау қабілетін дамыту.
Түзете-дамытушылық міндеттері: мұрын және ауыз арқылы тыныс алуды үйрету, диафрагмальді тыныс алуды жетілдіру. Дауыссыз дыбыстарды анық айтуға , әңгіменің мазмүнын айтуға үйрету. Танымдық процесстерін дамыту.
Көрнекілігі: демонстрациялау материалдары - жемістердің бейнесі көрсетілген муляждар, бірдей жемістердің бейнесі салынған суреттер; конвертке салынған таратпалы cypeттi картиналар.
Ұйымдастыру кезеңі.
Баламен амандасу, сабаққа дайындау.
Негізгі бөлім.
Артикуляциялық жаттығулар орындау.
« Сағат», «Ат шауып келеді», «Алтыбақан», «Футбол».
Тыныс алу жаттығуларын орындау.
« Көбелекті гүлден ұшырамыз», « Мақта үрлеу».
Ауыз қуысына арналған жаттығулар:
Тамақты шаю;
Жөтелу;
Жұтыну;
Екі ұртты тістеу;
Екі ұртты үрлеу.
Сабақ барысы:
Жұмбақтар шешу. (Шeшyi жемістердің атауы болып табылатын
жұмбақтар жасырылады).
Сырты тәтті, іші тәтті.
Ортасында сүйегі қатты.
(Өрік)
Іші толған шәрбәт,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты-
(Жүзім )
Балаларға cypeттi картиналар таратылады. Олар туралы сендер не білесіңдер?
Сергіту сәті
Бip кәрзеңкеге сопақша көлеміндегі жемістерді, екінші кәрзеңкеге дөңгелек
көлеміндегі жемістерді жина.
Зат eciм мен сан есімді байланыстыру
Логопед балалардың алдындағы жемістерді рет бойынша санап, олардың
нешінші? сұрағына жауап беруін бақылайды. Мысалы, «Алма нeшiншi
жеміс?»
Дидактикалық ойын. «Қандай шырын дайындаймыз?»
Зат есімдерді көпше түрде айту.
-Жемістердің қандай түрлері болады? Қалай ойлайсыңдар? (Шикі, қайнатылған, пicкeн, кептірілген)
-Жемістерден қандай тағамдар жасалады? (Шырын, джем, тосап, компот)
Сабақ қорытындысы.