Д?ниетану п?ні бойынша саба? жоспары та?ырыбы: Орман-то?ай ?сімдіктері мен жануарлары


Пәні: дүниетану
Күні: 07.02.17ж.
Сыныбы: 4 Сабақтың тақырыбы: Орман - тоғай өсімдіктері мен жануарлары.Сарамандық жұмыс.Сабақтың мақсаты: Білімділік: Жаңа сабақ мазмұнын түсіндіру.Дамытушылық: Өтілген сабақпен салыстыру арқылы теориялық білімін, тіл байлығын, сөздік қорын, мазмұнын жүйелеп жеткізу қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.Сабақ типі: аралас сабақКөрнекілігі: суреттер.Әдісі: түсіндіру, баяндау, әңгімелеу, сұрақ - жауап, жинақтау, талдау, көрнекілік.1. Егін шаруашылығы Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?Мейірімді жүрекпен,Ақпейілді тілекпен,Амандасып алайық,Бір жадырап қалайық!ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:1. Мазмұнын сұрау.Дала мен шөлді жердің егіншілігі мен мал шаруашылығы.2. Топпен жұмыс2. Мал шаруашылығы3. Шаруашылықтардың пайдасы3. Сызбамен жұмысІІІ Білімді тексеру кезеңі:- Қуаң дала, шөл шөлейт жерлерде бау - бақша қалай өсіріледі? Малды адамдар қандай өнімдері үшін өсіреді? Күріш қалай дастарханға келеді? Еділбай қойы мен арқар - меринос қойының айырмашылығы қандай?V Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:1. Кіріспе: орман - тоғай туралы не білеміз? Орманда қандай өсімдіктер өсіп, қандай жануарлар тіршілік етеді?2. Жаңа сабақ.Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен.Тоғай – шөл және шөлейт аймақтардың жайылма сулы өзен алаптарында өсетін орман. Орталық Азияның Сырдария мен Әмудария, Мургаб, Зерафшан, Вахш, Шу - Іле т. б. өзендер бойында, аралдарда кездеседі.Еліміздің солтүстігіндегі Оңтүстік Орал мен Алтайға дейінгі кең алқаптың жазық бөлігінде шағын ормандар өседі. Далалы және шөлді жерлердегі кішірек өзендер мен көлдердің жағасында шоқ тоғайлар көп. Орман мен тоғайлардың өсімдіктеріне қолайлы жағдайлар жеткілікті, топырағы құнарлы, ылғалы мол, топырағы қыста тоң болып қатып қалмайды. Жануарларына мол азық, ыңғайлы баспана да бар.Қызылжар қаласының төңірегінде қайыңды ормандар жиі кездеседі. Қарағайлы орман мен шыршалы орманның қандай ерекшелігі бар екенін айту. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа»енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.Суреттер бойынша түсіндіру.Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.Суреттерін көрсетіп түсіндіру.Сергіту сәті. Экологиялық есептер1.Бір илеудің құмырсқалары 1 тәулікте 20 мың зиянкес жәндіктерді құртады.
Ал үш тәулікте қанша зиянкестерді құртады?
2. Егер бір борсық бір күнде 1кг жәндіктер мен тышқандардыжейтін болса, 1 аптада қанша зиянкестерді жей алады?
3.Бұлан қыс уақытында тәулігіне 12кг шөп жейді екен. 2 бұланға тәулігіне неше кг шөп керек?
4. 4.Ең ірі тоқылдақтың денесінің ұзындығы 50 см. Осындай3 тоқылдақ денесінің ұзындығы қанша болады?
5.Ақ аюдың дене тұрқы 3м, салмағы 1000 кг дейін жетеді.
Осындай 2 аюдың салмағы қанша болады?
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап тізбектей оқыту.Дәптермен жұмыс
Сарамандық жұмыс.Орман - тоғай өсімдіктері Орман - тоғай жануарларыҚайың, көктерек, шырша, терек, қарағай;Қойбүлдірген, таңқурай, тошала, шеңгел, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, қоғажай, айдаршөп. Сілеусін, жапалақ, шымшық, құмырсқа, елік, қасқыр, түлкі, тоқылдақ, көкқарға, бартоғай бұғысы, тиін, мысықторғай т. б.Сөздікпен жұмыс.
Тораңғы - терек туысына жататын ағаш.
Дiңi түзу, жуандығы кейде 1 м-ге жетедi, қабығы сарғылтсұр, таспа тәрiздi сыпырылады. өркендерi бастапқыда нәзiк түктi, кейiн түксiз, түсi қоңыр сарғылт. Сәуiрде гүлдейдi, мамырда жемiс бередi.
Шеңгел- бұршақ тұқымдасына жататын бұта түріндегі өсімдік.
Ұшқат - шырмалған бұта, кейде ағаш.
Мақал- мәтелдер Балалар ендеше, орман, ағаш туралы кім мақал-мәтелдер біледі?
 Ағаш айғайға кұламайды.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен Ағаш тамырымен, адам досымен мықгы.
 Орман ел дәулеті, жер сәулеті.
Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
 Орманшы отынға жарымас.
Көрікті даламыздың ормандары,
Орман деген-аң, құстың қорғандары.
Адамдардың дұрыс қой толғанғаныЕндеше, табиғат байлығымызды үнемі қорғауда болайық!

Есте сақта!
Орманға саяхат кезінде табиғатты аялай білген дұрыс.
Жағажайда, бұлақта немесе көл жағасында болсақ, суға ештеңе лақтырма.
Сұлу табиғатта қоқыс қалдырм, өзіңнен кейін жинап кет.
«Халық шаруашылығы үшін орманның пайдасы» деген кестені толтыр.
VІ Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:Орман мен тоғай өсімдіктері мен жануарлары адамдар үшін қаншалықты қажет деп ойлайсыңдар? Өз ойларын әңгімелету.VІІ Бекіту кезеңі: Қорытындылау- Орман - тоғай жануарлары неге алуан түрлі болатынын айт.- Орман мен тоғайдың айырмасы қандай?- Тоғайда әсіресе не көп өседі?VІІІ Үйге тапсырма.93 - 95 - беттерді оқу, мазмұны, дәптерге қосымша мәліметтер жинастыру.
Бағалау.