Ересектер тобы балаларына арнал?ан танымды? ойын-саба? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекетіні? технологиялы? картасы.


Мещерова Г.Д.
Қазақ тілі мұғалімі.
КМТБО «Радуга» бөбекжай
Бақшасы
«Гүлдер» ересектер тобы балаларына арналған танымдық ойын-сабақ ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің түрі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Өткен сабақтарға саяхат
Мақсаты: Өткен сабақтарды бекіту.Балалардың қазақ тілінде сөздік қорларын молайту, белсенді диалогқа шығуларын дамыту,жағдай туғызу арқылы және модельдеу әдісі арқылы өз ойларын байланыстыра айтуларын дамыту. Балаларды толық қазақ тілі ортасына кіргізу.
Тәрбиелік кезеңі: Балалардың мемлекеттік тілге қызығушылығы және сыйлауы.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Ойыншықтар мен отбасы суреті
Әдіс тәсілдері: Сұрақ жауап, ойын, практикалық.
Сөздік жұмыс: Күз осень Суық холодно қар жауады снег идет ойыншықтар аялдамасы остановка игрушек отбасы аялдамасы остановка Семья үлкен большой кішкентай маленький синий көк красный қызыл сары желтый.

Іс әрекет кезеңдері Педагогтың іс әрекеті Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды шаттық шеңберде ұйымдастырамын:
Сәлеметсіздер ме балалар!
Жалғыз саусақ тіпті де
Ұстай алмас жіпті де
Екі саусақ бірікті
Ине қолға ілікті
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ ,жол салсақ!
Сұрақтармен мотивациялаймын:
Балалар, қазір қандай жыл мезгілі?
Ауа райы қандай?
Не жауды?
Диалогқа шақырамын:
Сенің атың кім?
Сенің жасың нешеде?
Сен кімісң?
Іс әрекет жасауға шақырамын:
Қане, балалар өткен сабақтарға саяхат жасаймыз ба?
Саяхатқа немен аттанамыз? Ұшақпен?
Мәшинемен?
Барлығымыз ұшақпен ұшып барайық! Балалар мұғаліммен амандасады.
Шаттық шеңберін бірге қайталап, орындайды.
Қазір күз.
Ауа райы суық.
Қар жауады.
Менің атым Никита.
Менің жасым бесте.
Мен ұл баламын.
Жауап береді.
Ұшақпен.
Ұшақ болып ұшады.
Ұйымдастырушылық
Ізденістік. Бірінші аялдамадағы суреттерге сұрақтар қою арқылы, балаларды суреттер, белгі бойынша сөз тіркестерді моделдеуге шақырамын:
Мынау не?
Доп қандай?
Мынау не?
Қуыршақ қандай?
Мынау не?
Шар қандай?
Мынау не?
Мәшине қандай?
Қуыршақ қандай?
Саяхатты жалғастыру үшін жағдай туғызу:
Балалар саяхатымызды жалғастырамыз ба?
Саяхатқа ары қарай немен аттанамыз?
Мәшинемен әлде ұшақпен?
Барлығымыз мәшинеміз!
Екінші аялдамадағы суреттерге сұрақтар қою арқылы, балаларды суреттер, белгі бойынша сөз тіркестерді моделдеуге шақырамын:
Мынау кім?
Ата қандай?
Мынау кім?
Ана қандай?
Мынау кім?
Аға қандай?
Мынау кім?
Әпке қандай?
Мынау кім?
Әже қандай?
Мынау кім?
Әке қандай?
Балалар балабақшаға ораламыз ба? Немен ораламыз? Барлығымыз ұшақпыз! Балалар жауап береді:
Мынау доп.
Доп үлкен.
Мынау қуыршақ.
Қуыршақ әдемі.
Мынау шар.
Шар көк.
Мынау мәшине.
Мәшине жасыл.
Қуыршақ кішкентай.
Мұғалімді тыңдайды, жауап береді.
Мәшинемен.
Мәшине болып жүреді.
Мынау ата.
Ата үлкен.
Мынау ана.
Ана кішкентай.
Мынау аға.
Аға үлкен.
Мынау әпке.
Әпке кішкентай.
Мынау әже.
Әже үлкен.
Мынау әке.
Әке үлкен.
Тыңдайды, жауап береді.
Ұшақ болып топқа оралады.
Рефлексиялық түзетушілік. Балалар саяхат ұнады ма?
Саяхатта болған материалдарды бекіту. Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жанұя, ойыншықтар туралы түсініктерді.
Игереді: сұрақтар қояды, жауап беру дағдысын.
Меңгереді: күз белгісін біліп, түсініп айтуды.