Ересектер тобына арнал?ан ашы? ?йымдастырыл?ан о?у ?ызметі.


Балалар қонақтармен амандасады. Балалар шеңбер бойында тұрғанда, есік қағылып пошташы хат әкеліп береді. Тәрбиеші хатты ашып оқиды: «Осы №5 «Жұлдыз» бала бақшасының «Балдырған» тобының балалары шахмат ойынын жақсы үйренген, ойнай алады деген соң, сіздерден шахмат ойының үйретулеріңізді сұраймын. Сәлеммен Орманшы» Балалар орманшыға бару үшін жолға шығады.Ал,кәнекей балалар жолға шығайық, бірімізден соң біріміз жүрейік-деу.
Біз орманға барамыз,
Онда аюды көреміз.
Аю маң –маң басады,
Түлкі бұлаң қағады,
Қасқыр ылаң салады,
Қоян үркіп қашады.
Орман іші көңілді,
Құстарда әнге салады.
Балалар жолда тиінге кездеседі. Ой, балалар мына жерде нені көріп тұрсыңдар? Тиін -деп жауап береді.
Ал ,кәнекей тиінмен амандасалық.Тиін айтады :«Жаңбыр жауып, қатты жел соғып бүрлері шашылып қалған ,соны жинай алмай отырмын » енді не істейміз,ендеше көмектесейік. Ендеше бір-бірден қолдарына себет алыңдар, себеттеріндегі санға қарап алыңдар, әркім себеттегі санына байланысты бүрлерді жинайық.Д/о: «Санына қарай жинап ал». Әрі қарай жолға шығайық
Қараңдаршы, балалар нені көріп тұрсыңдар ? Балалар қоян -деп жауап береді. Кәнекей, амандасалық. Қоян бізден көмек сұрағысы келіп отыр,ол көжектеріне арнап сәбіздер жинаған екен, енді оны қалай бөліп берерін білмей отыр. Кел Бақтияр санап берші , қоянда неше сәбіз бар екен ? Барлығы қанша? Барлығы тоғыз - деп айтады. Қалай бөлуге болады деп ойлайсыңдар? сұр көжекке нешеу береміз, қыз көжекке нешеу береміз? нешеуі артық қалды? артық сәбізді енесіне берейік, қоян бұдан басқа өте көп сәбіз жинаған, үстел үстіне барып әрқайсысың осы тапсырманы орындаңдар-деу.
Кәне, денемізді сергітіп алайық :
Міне биік қарағай,
Күнге қарай созылған
Қәрі емен ағашы
Бұтақтары жайылған
Бұтақтан бұтаққа секіріп
Тиын шықты биікке.
Орманшыға келу,амандасу. Орманшы «Амансындар ма балаларым, аталарына шахмат ойнату үшін алыс жолдан келесіңдер шаршаған шығарсыздар, жоғары шығыңдар»-дейді.Тәрбиеші балалар өздерінің шахмат туралы білетіндерің үйреткісі келіп тұр, ата бізде мынадай «Таны да сипатта» деген ойын бар.
Кубикпен ойын ойнау. Фигураларды ажыратады, жүру жолын, түсін, ұпай санын айтады. Мыс:«Ферзь фигурасы түсі ақ,өз түсіне сәйкес торда тұрады, жүру жолы барлық бағытқа.тігінен, көлденең, қиғаш, бір емес бірнеше торға аттап жүре алады ,ұпай саны тоғыз»деп жауап береді.енді
Д/о: «Фигураларды салыстыр»
Бұл ойында фигуралардың үлкен-кішілігін салыстыра отырып ажыратайық . ойынды ойнау үшін қажетті таңбасын тауып қойып ,жарты шеңбер құрып тұрайық.
Ферзь > Ладьядан,Ладья< Ферзьден:
Ладья> Пілден,Піл <Ладьядан.
Біздер Д/о:«Орталыққа жол» ойынын ойнайық. Д/о:«Жанды сандар» ойынын ойнағым келеді. Рет -ретімен тұра қалыңдар . Өз орындарыңды өте жақсы таптыңдар . Осы сандарға байланысты шахмат фигураларының ұпайың жинаңдар. Д/о: «Өз ұпайынды жина» деген ойын ойнаймыз, қазір себет таратам осы мойындарындағы сандарға байланысты себеттеріне шахмат фигураларынан ұпай жинайсындар . Мыс:жеті санына ладья мен екі пешка фигурасын алдым , себебі ладья бес ұпай , пешкалар бір ұпайдан қосқанда жеті ұпай шығады - деп жауап береді .
Енді, орманшы атай қазір біздің балалар « Шахматтық шалқан» ертегісін қойып береді. Атай шалқанды неше бала жұлғаны есіңізде ме? жоқ
Кәне, балалар шалқанды жұлғандай қатар болып тұра қалыңдар.
Барлығы қанша фигура шалқанды тартқан?
Ладья фигурасы Арсен реті бойынша нешінші тұр ?
Ат фигурасы Бекзат реті бойынша нешінші тұр?
Пілдің алдында қандай фигура тұр?
«Караңдаршы, көктем мезгілі қандай керемет!
Күн жарқырап шығып,шуағын төгіп,ағаштар бүршік атып,құстар ән шырқауда, уақыт өте келе жыл мезгілдері ауысып отырады.,
Осы көктем мезгілі есімізде ұзақ сақталу үшін көктем келбетін қағаз бетінде бейнелеулеріңізді сұраймын.Қазір мені мұқият зейін қойып тыңдаңдар, менің айтуым бойынша тапсырманы орындаңдар, ал бастаймын
Жоғары оң жақ бұрышына күнді қоямыз,
Төменгі сол жақ бұрышқа үйшікті орналастырамыз,
Жоғары сол жақ бұрышқа бұлтты қоямыз,
Төменгі оң жақ бұрышта қоянды қоямыз,
Қағаздың дәл ортасына шыршаны қоямыз ,
Шыршаның оң жағына қайың ағашың, сол жағына емен ағашын қоямыз.
Қандай тамаша әсем бейне пайда болды». Орманшы балаларға шахмат ойынын үйреткендеріне рахмет айтады, орман жаңғағын сыйға тартады. Орманшымен қоштасу.
Қорытындылау

Білімділік: Балаларға теңдік пен теңсіздікті салыстыра отырып анықтауды үйретуді жалғастыру:
Дамытушылық: Дидактикалық ойындар арқылы кеңістікті бағдарлай білуін, логикалық ойлау,есте сақтау және сөйлеу қабілетттерін дамыту.
Тәрбиелік: Айналасындағыларға қайырымдылықпен қарауға, өзара жағымды қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Ақтөбе қалалық білім бөлімі №5 «Жұлдыз» санаториялық түрдегі туберкулездік ясли бала бақша мемлекеттік мекемесі.
Орманшы атайда қоңақта
Өткізген: Балмагамбетова Э.А.

Ақтөбе-2015жыл