Дыбыс. Дыбысты? сипаттамалары.§33Акустикалы? резонанс. §34. Дыбысты? ша?ылуы.Жа??ыры?…


ОҚО Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесі Шевцов көшесі №34 үй Сартаева Гүлжан Е-mail: g.sartaeva@inbox.ru Тел: 8 702 374 77 68
-351401-4198391 сабақ
Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектептің І санатты физика пәнінің мұғалімі Сартаева Гүлжан
9 класс
Физика Күні 14.01.201 жыл Сабақ
Сабақтың тақырыбы §31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.§33Акустикалық резонанс. §34. Дыбыстың шағылуы.Жаңғырық...
Мақсаты Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы Дыбыс туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, акустикалық резонанс, дыбыстың шағылуы, жаңғырық туралы оқушыларға түсінік беру.Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекке баулу,түсінік алуға жағдай жасау.Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Жұмыс нәтижесі Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері , оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау,осы білімнің басқа пәндерді оқуда да қажеттілігін сезіну және оны өмірмен байланыстырып түсіндіре білу.
Сілтеме «Физика 9сынып», БашарұлыА. «Атамұра» 2013 ж,Алматы қ
Қолданатын құрал жабдықтар, ресурстар Компьютер , видеопроектор, слайдтар, домбыра, плакаттар, суреттер, өзін-өзі бағалаупарақтары,топтық бағалау, формативті,сумативті бағалау парақтары, кмертон,гитара,баян,қоңырау,ұялы телефон,үй телефоны, дидактикалық таратпа материалдар,флипчарттар, компьютер, проектор өзін-өзі бағалау.
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Қолданылатын әдіс тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқуды және оқыту үшін бағалау; АКТ-ны қолдану; Ынтымақтастық және ұжымжағы бірлескен жұмыс; Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту. Диалогты оқыту;Топтық жұмыс,жұптық жұмыс;Ролдерде ойнау;
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Шаттық шеңбер. (Ыстық тілектер )
2. Топқа бөлу (Дыбыс түрлерімен.)
(Білу)
№1 Бағалау парағы (топ басшысы бағалайды)(1,5 мин.)
р/с Оқушы аты-жөні Үй тапсырмасы
балдық шкала(1-3 бал) Мәтінді оқып,түсіндіру
Балдық шкала
0-5 бал Постер қорғау
1-4 б Тәжірибе жасау 1-4 б Рольде ойнау
1-4 б Қорытынды
баға
20-дан жоғары «5»
15-19 «4»
10-14 «3»
1 2 3 4 1 2 3 4 5 Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
(Түсіну)
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар: «Ой толғау»
1.Толқын дегеніміз не?
2.Көлденең толқын қандай ортада пайда болады?
3.Бойлық толқын ше?
4.Музыкалық дыбыстар деген не?
5.Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
6.Дыбыс тембрі деген не?
7.Негізгі тон, обертон деген не?
8.Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарып келгенін тексеру.
25 – жаттығу
№ 3Серпімді жіпті бойлай 20м/с жылдамдықпен көлденең толқындар таралады. Тербеліс периоды 0,5с. Толқын ұзындығын табыңдар?
(Қолдану)
Физикалық диктант, 5 минут «Кім жылдам »
1 .Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі __________________ деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына ________________
бағытта жүзеге асатын толқынды ___________ толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның ___________
____________ жүзеге асатын толқын
4. _________________– периодқа тең уақыт аралығында толқын
таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – ______________________ бөлшектердің
периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. _________________ – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің
таралуы.
7. ___________________ – ауырлық және беттік керілу күштері
әрекетінен туындайтын толқын.
Жауабы:
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
2. Бөлшектердің тербелісі толқынның бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең толқын деп атайды.
3. Бойлық толқын – бөлшектердің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқын
4. Толқын ұзындығы – периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
5. Толқын жылдамдығы – толқын ұзындығының бөлшектердің периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама.
6. Сейсмикалық толқын – жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы.
7. Гравитациялық толқын – ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайтын толқын.
(Талдау)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Акустикалық резонанс құбылысын түсіндіруге арналған тәжірибе көрсету.

Дыбыстың шағылуы.
247015736602705100192405Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары. Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
2700655476250Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
5524545720
16 Гц-20000 Гц →дыбыс толқындар, акустикалық дыбыстар.Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.

Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
15938575565
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
IV. Пысықтау.
(Жинақтау)
Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
Ү. Қорытындылау.
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыс қалай таралады?
3.Вакуумда дыбыс тарала ма
Дыбыс толқындары – адамда дыбыс әсерін туғызатын тербеліс жиілігі 16Гц –тен 20000 Гц – ке дейінгі механикалық толқындар.
Инфрадыбыстар –
Ультрадыбыстар –
Дыбыс туындауының себепкері – денелердің тербелісі
Дыбыс барлық ортада тарала алады. Дыбыс әртүрлі ортада белгілі бір жылдамдықпен таралады.
1.Домбырамен күйсандықтан бір нота орындату.
2.Сұрақ: Осы аспаптардың шығаратын дыбыс жиіліктері бірдей ме?
Жауабы: Бұл аспаптардың жиілігі де бірдей, бірақ тембірі әртүрлі болады. Біз тембіріне қарай музыкалық аспапты немесе кімнің сөйлеп жатқанын анықтай аламыз. Дыбыс тембірі бойынша дыбыс көзі анықталады
VІ. Есептер шығару.27-жаттығу. №3, №4, 27-жаттығу. №2.
Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.
26-жаттығу 1,2
Қосымша есептер.
№1К.
Толқын ұзындығы 2 м, бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды 0,2с. Толқын қандай жылдамдықпен тарайды?
Бөлшектердің толқындары тербеліс жиілігі 0,6Гц, толқынның таралу жылдамдығы 12 м/с. Толқын ұзындығын анықтаңдар.
№2К.
Балықшы қалтқы 1 мин ішінде толқында 24 тербеліс жасағанын, ал көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 8м екендігін байқаған. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Толқынның таралу жылдамдығы 8 м/с, толқын ұзындығы 4 м. Бөлшектердің толқындағы тербеліс периоды қандай?
№3К.
Бөлшектердің тербеліс жиілігі 340 Гц, толқын ұзындығы 1 м. Толқындардың таралу жылдамдығы қандай?
Көршілес толқын өркештерінің арақашықтығы 3м болса, қайықтың 0,5 Гц жиілікпен тербелгендегі толқынның таралу жылдамдығы қандай?
VІІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.
§31,32 дайындық сұрақтарын талдау.
Дыбыс жылдамдығы таралатын ортаға байланысты ма?
Ауада қандай толқын тарайды-көлденең бе, әлде бойлық па?
Дыбыстың қанадй сипаттамаларын білесіңдер?
Қандай дыбыстар музыкалық деп аталады?
Дыбыс қаттылығ немен аныталады?
Дыбыс тембрі дегенді қалай түсінесіңдер?
Бағалау (Бағалау)
Бағалау.
35 – 29 – “5”
28 – 20 – “4”
19 – 15 – “3”
14 төмен болса – “2”
Үйге тапсырма §31,32,33; 1-3 cұрақтар, Есептер шығару. 26-жаттығу. №1, №2.
-351401-4198392 сабақ
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні:физика
Сабақтың тақырыбы: § 11,12 Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса жайлы мағлұмат беру
Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйрету
Денелердің өзарар әрекеттесуі туралы ұғымды қалыптастыруды жалғастыру, күш, күштердің түрлері, тең әрекетті күштер туралы түсінік алуға жағдай жасау.
Оқушыларды өз беттерімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса жайлы мағлұмат алады
Күш. Ньютонның ІІ заңы. Масса күнделікті тұрмыста және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі идеялар Ауырлық күші деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күш әрекетінен денелер Жерге құлайды. Дененің ауырлық күші әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды.

Серпімділік күші дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады.
Гук заңы: │Fc│=k∆ℓ

Үйкеліс күші деп денелер тікелей жанасқанда пайда болатын күшті айтады. Ол әрдайым жанасу бетінің бойымен қозғалыс бағытына қарама-қарсы жаққа қарай бағытталады.
Үйкеліс күші екінші дененің бетін басып қысатын Р күшке, үйкелісетін беттердің материалы мен өңделу сапасына байланысты олады.
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.
│Fүйк.│=μN
13906589535 Күш деп дененің басқа денелер тарапынан болатын әрекеттің нәтижесінде үдеу алатынын сипаттайтын және осы әрекеттің өлшемі болып табылатын физикалық шаманы айтады.
Теңәрекетті күш деп денеге бір мезгілде әрекет ететін бірнеше күштің әрекетіндей әрекет жасайтын күшті айтады.

Денеге туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:
a=F/m

–динамиканың негізгі теңдеуі.
Тапсырмалар Топтық жұмыс «Жигсо»(І-топ: Ауырлық күші, ІІ-топ:Үйкеліс күші,
ІІІ-топ: Серпімділік күші, ІҮ-топ: Тіректің реакция күші)
Тапсырмалар Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)
І.Ұйымдастыру (2 минут)
Сәлемдесу
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
Түгелдеу
1.2. Топқа бөлу (1,2,3,4 сандарына байланысты 4 топқа бөлінеді)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут)
Қандай санақ жүйесі инерциалық деп аталады?
Жермен байланысқан санақ жүйесі инерциялық жүйеге жата ма?
Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
-351401-4198393 сабақ
10 сынып Сабақтың тақырыбы Молекуланың саны, зат мөлшері
Мақсаты Пән бойынша оқушылардың білім-білік дағдысын қалыптастыру, Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы білімін бағалау, сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Жұмыс нәтижесі . Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығын игереді
Сілтеме Оқулық:Физика .10-сынып Р.Башарұлы Г. Байжасарова У.Тоқбергенова
Алматы _,«Мектеп», 2006ж _____________
Негізгі идеясы Молекуланың саны,зат мөлшері формуласын біледі,есептер шығаруда қолдана біледі
Қолданылған әдістері мен тәсілдері Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: ЖИГСО
Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Ресурстар Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы
Сабақтың өтілетін уақыты 45 минут
Сабақ жоспары Ұйымдастыру: топқа бөлу(түрлі –түсті суреттер арқылы топқа бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксаномиясы бойынша
Рефлексия
Үйге тапсырма
Үйге тапсырма Класстер
Ойлау
ды
Блум
Бойын
ша жіктеу Мақсат Тапсырма түрі.
Түрткілер. Нәтиже Бағалау
Критерий
лер Дескрип-тор Ұпай Жиын-тық баға
Білу Үй тапсырмасы
«.Молекуланың өлшемі мен массасы » тақырыбы бойынша
білімін анықтау. Қызығушылы-
ғын ояту.
1.Молекула кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын тұжырымдау.
2.Мұздың, судың, будың МКТ-ның тұрғысынан қандай айырмашылықтары мен ұқсастықтары бар?
3.Қандай қозғалыс Броундық қозғалыс деп аталады?
4.Диффузия құбылысын қалай түсіндіруге болады?
5.Броундық қозғалыстың қарқындылығы қандай факторларға байланысты? Сұрақтарға жауап беру арқылы қызығушы
лығы
оянады, білімін көрсетеді. Білім көлемін зерделеу Сұраққа толық жауап берді 3 Сұраққа жартылай жауап берді 2 Сұраққа нашар жауап берді 1 Түсіну . Оқулық мәтінін игерту
Оқулық бойынша топтық жұмыс Джигсо
Тақырыптың басты идеясын табу Тақырыптың басты идеясын табу Тапсырманы толық орындады 3 Қателіктері болды 2 Мүлдем орындай алмады 1 Қолда
ну Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру. І топ № 18ж 1
ІІ топ №.18 ж2
ІІІ топ № 18ж 3
ІV топ № 18ж4
Сергіту сәті Алған білімін тәжірибеде қолдана
алады. Іс-тәжірибе жасау дағдысын қалыптасты
Ру Қалыптасқан 3 Толық емес 2 Қиын 1 Талдау Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау,
ой шешімін табу. 1. Молекулалардың өлшемі. Сутегі молекуласының өлшемі d=2,3*10-9м. Зәйтүн майы молекуласының өлшемі d=1,7*10-9м.
2. Молекулалардың саны. –бір тамшы судағы молекулалар саны.
3. Молекуланың массасы. –бір молекуланың массасы. 1а.ө.б.=1,66*10-27 кг4. Салыстырмалы атомдық массасы арқылы салыстырмалы молекулалаық массаны есептеге болады Салыстыру арқылы пікірталасқа түседі. Пікірталас
қа түсу диалог құрып,қорытынды жасай
ды 3 тек диалог құрайды 2 жұмысқа қатыспайды 1 Жинақ
тау Бірлік болмай тірлік болмас. 1. Зат мөлшері.
2. Авагадро тұрақтысы. NA=6,02*1023 1/моль
3. Мольдік масса-бір мольдің мөлшеріндегі заттың массасы. M=m0NA M=Mr*10-23 кг/моль
4. Кез келген заттың массасы Қажеттілігін салыстыра нақтылайды Жағдаяттан шыға білу құзыреті Толық шықты 3 Қиналды 2 Шаға алмады 1 Бағалау Дүниетанымын кеңейту. Формуларға класстэр құрастыру Ойланып шешім қабылдайды, ізденеді. Логикалық ойы Креативті 3 Ойы жүйелі, тың ойы емес 2 Жалпыға ортақ ой 1