Дыбысты? а?паратты ??деу.Дыбысты жазу. Саба? жоспары


Сабақ жоспары
Пән аты: Информатика
Сынып: 5
Өткізілетін мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Дыбыстық ақпаратты өңдеу.Дыбысты жазу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Windows-тың стандартты программалары жөнінде түсінік беру. Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету. Өз дауысын жазуды үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын дамыту. Калькулятормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі. Аралас сабақ.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар. Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері, үлестірмелер.
Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру: Windows 8 операциялық жүйесі. Дыбыс жазу бағдарламасы.
Сабақтың өту барысы:
1.Қызығушылықты ояту
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
б) Сабаққа дайындықтарын тексеру.
в) Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.
2.Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Калькулятордың атқаратын қызметі қандай?
Калькулятордың қандай түрлері бар?
Блокнот программасын іске қосу үшін қандай әрекеттерді орындау қажет?
Блокнот бағдарламасы не үшін арналған?
Мәтіннің үзіндісін бөліп алу үшін қандай әдістер қолданылады?
Калькуляторды іске қосу үшін қандай тізбекті орындау қажет?
Соңғы ендірілген цифрды қандай батырма өшіреді?
3.Жаңа тақырыпты түсіндіру.
4.Тапсырмаларды орындау.Практикалық жұмыстар.
5.Мағынаны тану
6. Ой-толғау
7.Үйге тапсырма беру.
8. Оқушыларды бағалау.
Жаңа сабақ
Жаңа түсініктер
Дыбыс жазу бағдарламасы – Windows-тың стандартты бағдарламасының бірі. Дыбыс жазу бағдарламасы сөйлеп тұрған адамның дауысын, не басқа дыбыстарды жазуға арналған. Дыбысты жазу бағдарламасын ашу үшін: Пуск-Все программы-Стандартные-Звукозапись командасын орындаймыз. Бағдарлама терезесінің интерфейсі келесі бөліктен тұрады:
Жазуды бастау батырмасы;(1-сурет)
Жазуды тоқтату; (2-сурет)
Анықтама батырмасы;

1-сурет

2-сурет
Дыбысты жазу үшін, «Жазуды бастау» батырмасын шерту керек;
Дыбысты жазып аяқтағаннан кейін «Жазуды тоқтату» батырмасын шерту керек. Жазылған дыбыс .wma кеңейтілуімен сақталады.
Тапсырмаларды орындау. Практикалық жұмыс.
Компьютерде дыбыс жазу бағдарламасымен жұмыс. Дыбыс жазу.
Сабақты бекіту сұрақтары:
Дыбысты жазу бағдарламасы не үшін арналған?
Дыбыс жазу бағдарламасын қалай ашамыз?
Дыбыс жазу бағдарламасының кеңейтілуі қандай?
Дыбыс жазу бағдарламасында қандай батырмалар бар?
Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білмдерін бағалау.
Үйге тапсырма: Дыбыс жазу бағдарламасы.
Оқушыларды бағалау. Оқушыларды біліміне, біліктілігіне байланысты бағалау.
Оқушының
аты-жөні Үй тапсырмасына дайындалып келуі.
(1-2 ұпай) Жаңа сабақты толық меңгеруі. (1-2 ұпай) Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қосуы. (1-2 ұпай) Өз пікірін ашық айтуы,басқада пікірлерді тыңдап құрметтеуі.(1-2 ұпай) Компьютерде тапсырмаларды орындауы
(1-2 ұпай) Жалпы ұпай:
9-10 ұпай-«5»
7-8 ұпай –«4»
5-6 ұпай-«3»