Та?ырыбы: Буын?а б?лейік. Б?лімі: Сауат ашу ж?не жазу


Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу және жазу
Тақырыбы: Буынға бөлейік. 14 – бет
Оқу іс-әрекетінің мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту, өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: тірек сызбасы, ойыншықтар, жабайы аңдардың суреттері, асықтар.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Қостілділік компонент: буын – слоги, танысу – знакомить, дыбыс – звук
Іс-әрекет
кезеңдеріМұғалім іс- әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады: Біз қандаймыз, қандаймыз? Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз! Шаттық
шеңберін
жасайды.

Ұйымдастыру-іздестіру
2. Педагог: - Балалар, бізге қонаққа Жұмбақбай атай келіпті.
- Кімнің атасы бар? - Атаға қалай көмектесеміз? - Атаны қалай құрметтейміз? Балалар сұраққа жауап бергеннен кейін:
- Қарттар – біздің ақылшымыз. Біз оларды қадірлеп, сыйлаймыз. Қарт Жұмбақбай атайдың сендерге әкелген тапсырмасын, кәне, қалай шешеміз? – деп атайдың қоржынынан жұмбақтар жазылып қыстырылған бірнеше асық алғызу арқылы балаларға тапсырмаларды орындатады.
3. Суретті үлгі бойынша алма сөзіне дыбыстық талдау жасату.
- Сонымен, алма сөзінде неше дыбыс бар екен, ондағы дыбыстарды атаңдар. - Алма сөзінде неше дауысты дыбыс бар?
- Мен неше бөлікке бөліп айтамын, мұқият тыңдаңдар.- Ал-ма, бірінші ал бөлігі ал буыны, ал екінші ма бөлігі ма буыны деп атаймыз.
- Алма сөзі неше буыннан тұрады? Әр буынын атап айт. - Екі буыннан. Бірінші ал, екінші ма буыны. Алма сөзін буындап айтқызу.
Раушан, ата, ай, көбелек сөздерін буынға бөліп айтқызу. Рау-шан, а-та, ай, кө-бе-лек.
4. Жұмбақбай атай сендерге енді жұмбақ жасырмақшы.
Судан ол қорқады,
Бұдан кір қорқады. (Сабын) Сабын сөзін буынға бөлгізу. (Са-бын)
5. Сергіту сәті: Достар бірге жүреміз, Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге балық аулаймыз, Міне біздер қандаймыз!
Бөлінбейді іргеміз, Әрқашанда біргеміз.
6. «Қай буынды жоғалттым?» ойынын ұсынғысы келіп отыр екен. Енді бәріміз осы ойынды ойнау арқылы аталарыңа көмектесіп, жоғалған буынын тауып жіберейік: - Мен қазір сендерге бір буын айтам, сендер сөздің соңғы буынын табасыңдар. Мысалы: са-ғат
а-ғаш мы-сықкү-шік т.б.
7. Дәптермен жұмыс: (піл, доп, қаз, мы-сық, түл-кі, кү-шік, а-рыс-тан, кө-бе-лек, жа-пы-рақ, кі-тап-ха-на, дә-рі-ха-на) суреттегі сөздерді буынға бөлу. Неше буыннан тұратынын айту керек.
8. Үзік сызықпен берілген дөңгелектерді сызып шығу. (14-бет). Балалардың жауаптары тыңдалады.
Алма сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Жұмбақты шешеді.
Ойынды ойнайды.
Үзік сызықтарды қосады.
Рефлексивті-түзетушілік ІІІ. Оқу іс-әрекетін қорыту. Педагог балалардың еңбегін мадақтау тәсілі арқылы қорытындылап: - Буын дегеніміз не? Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту.
Қандай түсініктерді игерді: Сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: өзара қарым-қатынаста достыққа, құрмет сезіміне тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.