Сауат ашу п?нінен К дыбысы та?ырыбына саба? жоспары


Сабақ: сауат ашу
Тақырыбы: Мен және табиғат.
Кк дыбысы мен әрпі Мектеп № 11 МФММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрбергенова ЖұмабикеСынып:1 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.
1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар білуге тиісті:
К дыбысы мен әрпін ажырата алады, әріпті дыбыспен сәйкестендіре біледі.
Сөйлемді бас әріптен бастап жазып, сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қойып біледі.
Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:
Сюжетті суреттің көмегімен мәтінді құрастырады.
Кейбір оқушылар білуге тиіс:
Суреттің көмегімен мәтінді баяндай, дәлелдеулер жасай алады.
Алдыңғы білімдер: Оқушылар тыңдалған материал бойынша өз пікірін айта алады.
Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айта алады.
Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айта алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Дереккөздер
Сабақтың басы
5 минут
(МК;Ұ) Психологиялық дайындық. «Жақсы тілек»
Топқа бөлу:карточкалар бөлініп беріледі.
«Дыбыс», «буын», «сөз», «сөйлем» -тілдік бірліктер бойынша топқа бөлінеді Сабақтың ортасы
20 минут (МК; Т)
1 Топ тапсырмалары:Өлең мазмұнымен жұмыс
С.Мәуленовтің «Ата ақылы» өлеңін тыңдату
«Кім үлкен болған кезінде сыйлы болмақ?» сұрағына оқушылардан жауап алу.
2 –топ тапсырмалары:Мағынасы қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу
3-топ тапсырмалары:Еркіннің хатын тыңдап, сұрағына жауап іздеу.
-Сен неше күн сабақ оқисың?
-Демалыс күні немен айналысасың?
4-топ тапсырмасы:Көп мағыналы сөздерді ажырата алу,қолдану білігін ұйымдастыра алу.Оқушылардың назарын суреттегі есіктің кілті, музыка кілті,машина кілтіне назар аудартып,олардың ортақ нәрсені таптыру.
Оқулық
1 минут
Қорытынды бөлім Дәптермен жұмыс
(МК; Ө) Оқушылардың К әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз әрі көркем жазуын қадағалау. Дәптермен жұмыс
Топтар бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс

Оқушылар сабақ ұнаса, кемені жасыл түске, егер сабақта бір қиындықты кездестірсе, сары түске, егер сабақ барысында тапсырмаларды орындауда қиындық болып, мұғалім көмегі қажет болса, кемені қызыл түске бояйды.
Қосымша мәлімет
Саралау-Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілеті жоғары балалардың алдына қандай тапсырма бересіз?
Бағалау-оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз? Пәнаралық байланыс Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру
АТК
Құндылықтар
Бақылау
Сабақтың мақсатына жеттім бе?
Оқушылар не үйренді?
Ынтымақтастық атмоферасы қандай болды?
Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?