Саба? жоспары сауат ашу. Та?ырыбы ? дыбысы мен ?рпі (1-сынып)


Сабақтың тақырыбы: Ү дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: 1. Ү дыбысы және әріп таңбасымен таныстыру.Ү
дыбысының дұрыс айтылуымен таныстыру,ү әрпі
кездесетін сөздерді білуге үйрету.
2.Оқушылардың сөздік қорын дамыту .Сөздермен
сөйлем құрастыра алуға үйрету.
3.Ү әрпін калеграфияға сай жаза алуға,сонымен қатар
тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, әріптер.
Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: - Амандасу.
-Оқушыларды түгендеу,сабаққа дайындықтарын
тексеру,партада дұрыс отыруларын қадағалау.
Өткен сабақтан алған білімін тексеру: Малдардың төлдерін ата. Бөпешім өлеңін жатқа айт. Дауыстап оқыту. Ө қандай дыбыс? Жуан дауысты дыбыстарды ата. Ө әрпінен басталатын кім көп сөз біледі?
Жаңа сабақ. Тақтаға суреттерді ілу.
-Мынау ненің суреті?
lefttop
-Дұрыс балалар.Ал енді осы сөздерді

а) Суреттегі құстың аты не? Үкі, үйрек сөздеріне буындық, дыбыстық
талдау жасау. Үй құстарын атаңдар. Ү-ү-ү дыбыстату. Ү қандай дыбыс
екен? Ү әріп таңбасымен таныстыру. Баспа түрі – Үү, жазбаша
түрі – Үү.
ә) Ү дыбысына берілген сөздерді оқытып, мағынасын ашу.
б) Ү-ні қай буыннан естіп тұрмыз? ү-кі, кү-ріш, түл-кі, жү-рек, үй-рек,
кү-міс, күл-кі, кү-рек, үй-шік, кү-шік, түй-ме, жү-зік.
Сергіту сәтін өткізу.
в) «Ойлан тап» ойынын ойнату. Жұмбақ шешу.
Шарлап келіп даланы,
Үйіме үйін салады. (қарлығаш)
Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс. (жүгері)
Табаны муды сүйеді,
Қабағы күнге күйеді. (күріш)
г) Тақтамен жұмыс: Үлгі бойынша берілгендерді жазу.
V. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қай дыбыс және әріппен таныстық?