?аза? тілі п?нінен Т?ра?ты с?з тіркестері та?ырыбына арнал?ан ?ыс?а мерзімді жоспары. 5 ? сыныбы


ТҰРАҚТЫ СӨЗ ТІРКЕСІ
Шәкәрім атындағы облыстық дарынды балаларға арналған
үш тілде оқытатын мамандандырылған мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Бодесова Д.Е
ШҚО, Семей қаласы
Жалпы мақсатыТұрақты сөз тіркестерінің еркін сөз тіркестерінен айырмашылығын айыра білу, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Тіл мәдениетін, сөз байлығын, сөздік қорын ояту, шығармашылық қабілетін арттыру, өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Нәтиже Оқушылар тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін біледі, сөйлем ішінде жүйелі қолдана алады.
Дереккөздер, ресурстар Ғаламтор жүйесі (білім беру сайттары), 5-сыныптың қазақ тілі оқулығы, әдістемелік нұсқаулар
Сабақ жабдықтары АКТ құралдары (интерактивті тақта, компьютер), тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Сабақтың түрі Жаңа тақырыпты меңгерту
Пәнаралық байланыс Қазақ әдебиеті
Сабақтың әдіс-тәсілдері «Бұл кім?», «Хан сынақтары», «Жемісті себет», «Суреттер сөйлейді», «Венн» диаграммасы
Модульдер АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері)
Сабақтың барысы
Тапсырмалар / әрекеттер
1. Үй тапсырмасына кері байланыс.
2. Мағынаны ашу (топтар бойынша тапсырмалар)
3. Жаңа тақырыпқа кері байланыс.
4. Рефлексия.
5. Бағалау.
6. Үйге тапсырма.
Ұйымдастыру. 2 минут Мұғалім іс-әрекеті Оқушылар іс-әрекеті
«Бүгінгі білім – болашақта бағындыратын биіктеріңнің бастауы»
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінде қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап.
Абай.
«Бұл кім?»
(қызығушылықтарын ояту
мақсатында тақтаға бүгінгі сабаққа алынған эпиграф ілінеді)
Сөйлем мен өлең шумағы жазылған
плакат ілінеді де, оның авторын балалар сұрақ қою арқылы табады
406409906000
Өткен тақырыпқа кері байланыс
5 минут - Балалар, біз әдебиеттен «Жиренше шешеннің хан сынақтарынан өтуі» ертегісін оқыдық, талдадық. Біз бүгінгі сабағымызда осы ертегінің басқа нұсқасымен танысатын боламыз. Жиренше шешеннің хан сынақтарынан қалай сүрінбей өткеніне куә боламыз, әрі қазақ халқының ғажайып салт-дәстүрлерімен жақын танысамыз. Ол үшін Жиреншенің алдында бірнеше тапсырмалар бар екен, біз сол тапсырмаларды орындау арқылы Жиреншеге көмектесейік.
«Хан сынақтары» соларға жауап берейік.
1-Сынақ. Табу дегеніміз не?
2-Сынақ. Ат тергеу салт-дәстүрін қалай түсінеміз? Мысалмен дәлелде
3-Сынақ. Ат қою неліктен адамға құрмет көрсетудің жолы болып саналады?
4-Сынақ. Ескі наным-сенім бойынша неліктен табиғаттың қорқынышты құбылыстарының атын атауға болмайды?
5-Сынақ. «Эвфемизм», «Дисфемизм» дегеніміз не?
6-Сөзуар, қолды болды деген сөздер қандай сөздер?
Тұрақты сөз тіркестері
Жиренше алдында тұрған барлық кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларды орындап, Қарашаш екеуі жаңа өмір бастайды. Ендеше біздің де жаңа сабағымыз осы жерден басталады. Тақтадағы хан сынақтарының ішінен жанып тұрған әріптерді қосып оқысақ біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы шығады. Топтастыру
2 минут
Оқушылар тұрақты сөз тіркестері және еркін сөз тіркестері жазылған үлестірмелі қағаздар арқылы «Тұрақты» және «Еркін» топтарына бөлінеді Сергіту сәті
2 минут Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық. 410845000
Жаңа тақырып
Мақсат қою.
5 минут «Жемісті себет» ойыны
16586205600700022548854413250024130104838500Екі оқушы төмендегі сөздердің тұрақты тіркес баламаларын тауып себеттеріне жеміс жинайды.
2978151524000979170952500192722572961500142113052260500 Тұрақты тіркестерді еркін
тіркестермен сәйкестендір
Қас пен көздің арасында батыр
Ер жүрек ерінді
Бармағын тістеу айтқаны дұрыс
Тайға таңба басқандай жолы болу
Мойны жар бермеді хабарласпау
Тасы өрге домалау момын
Қой аузынан шөп алмас алыс
Ит арқасы қиянда анық
Ат ізін салмау ашуы тарқау
Сөзінің жаны бар лезде ,тез
Сабасына түсу өкіну
Мағынаны тану
10 минут
Топтық жұмыс.

«Суреттер сөйлейді». Тақтадан суреттер көрсетіледі. Суретке байланысты тұрақты сөз тіркестерін құрау 444562928500 300037582550Ас батпады, ас қайырды
Түлкі бұлаңға салды
Ит арқасы қиянда
Қой аузынан шөп алмайды
Бала басты болу
Ат ізін салмады
00Ас батпады, ас қайырды
Түлкі бұлаңға салды
Ит арқасы қиянда
Қой аузынан шөп алмайды
Бала басты болу
Ат ізін салмады
Құлағы елең етті
Көз байланды
Жылан жалағандай
Қолы ұзарды, қол көтерді
Қасқыр шапқан қойдай
Тіс жармады, тісі батпады
Түймедейді түйедей қылды
Шие жегендей қылды
Түлкі бұлаңға салды
Ит арқасы қиянда
Бала басты болды
Ат ізін салмады
Қой үстіне бозторғай ұялады.
Ас иесімен тәтті
Жаңа тақырып бойынша кері байланыс
8 минут
«Венн» диаграммасы
Тұрақты тіркестер
Ұқсастығы Еркін тіркестер
1.Құрамы тұрақты
2.Мағына тұтастығын сақтайды
3.Мәнерлі, ауыспалы мағынада айтылады
4.Сөйлем мүшелеріне талданбайды
Кемінде екі сөз тіркесінен тұрады 1.Құрамы тұрақсыз
2 Мағынасы құрамындағы сөздердің лексикалық мағынасына тәуелді
3.Сөйлем мүшелеріне талданады
«Венн» диаграммасы бойынша «Тұрақты» және «Еркін» топтары, топ мәртебесін сақтап қалу үшін тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің ұқсастықтарын жазады.
Жинақтау
8 минут Тақтамен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті тұрақты тіркестерді қойып жаз.
1.Сенің жоспарың өзім жасағандай .....
2.Аядай бөлменің ішінде .... ....
3.Оның мына сөзі ..... болды.
4.Бұл отбасы бір-біріне қатты ұқсайды, әсіресе, Айдын әкесінің..... Тиісті нүктенің орнына мына тұрақты сөз тіркестерін қойып жазады: төбемнен жай түскендей, аузы мұрнынан шығады, миыма қона кетті, аузынан түскендей, ине шаншар жер жоқ.
Рефлексия
2 минут «Мен бүгін не білдім?» - тұжырым жасау Мақсаттарына жеткені туралы тұжырымдарын стикерге толтырады
Бағалау
минут 1.Топ басшысының тобындағы оқушыларды бағалауы (бағалау парақтары).
2.Көшбасшы оқушыларды анықтау Үй тапсырмасы
1 минут 113-жаттығу. Тұрақты тіркестерді теріп жазу
114-жаттығу. А.Сейдімбектің «Қорқыт ата» туралы жазылған аңыз әңгімесінен тұрақты тіркестерді табу