Мен ба?ыттымын та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары


07.11.2016 ж.
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі
6 а сыныбы
Сабақтың тақырыбы: Мен бақыттымын. Бүгін – менің туған күнім.
Мұғалім: Матайбаева Жадыра Серікбекқызы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табыс септік, жатыс септік жалғауларын дұрыс қолдана білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға бақыт ұғымын түсіндіру, бақыт құндылығының мазмұнын ашу, туған күнге тілек айтуға үйрету, өзара сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап, бақыт туралы ойларын дамыту,
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыру
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін 3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою.
Барыс септігі қандай сұрақтарға жауап береді? Жалғауларын атаңдар.
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
Диспут өткізу. Тақырыбы «Мен бақыттымын»
Мына сұрақтарға жауап беретіндей болу керек.
Бақыт дегеніміз не?
Мен бақыттымын дегенді қалай түсінесіңдер?
Сендер туған күнге қалай дайындаласыңдар?
Кімдерді қонаққа шақырасыңдар?
Кеш көңілді өту үшін не істейсіңдер?
Бүгінгі біздің сабағымызға мынадай мақсаттар жүктеліп отыр:
Сендер тақырып бойынша өз ойларыңды білдіре отырып, әңгімелей білу керексіңдер. Сонымен мақсаттарымызға жету үшін белсенді болып жұмыс жасайық!
2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Содан кейін оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
мен бақыттымын – я счастлив(а)
туған күн – день рождения
ағайын-туыс – близкие родственники, сородичи
жылы сөз – теплые слова
қабылдау – принимать
ұялату – поселить
қуаныш – радость
3. Табыс және жатыс септігі туралы түсінік қалыптастыру.
Табыс септігі зат пен қимылды ұштастырып, өзара байланыстырып тұрады. Сұрағы кімді? нені?
Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Сұрағы кімде? неде? қайда?
Септіктердің сұрақтары мен жалғауларыАтау - кім? не?Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тіңБарыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -нЖатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -ндеШығыс - кімнен? неден? қайдан? қашаннан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тенКөмектес - кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
1) Кітап бойынша жұмыс.
4 тапсырма. Мәтінді оқып, іш деңгейлі тапсырманы орында.(65 бет)
1 тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жазыңдар. (61 бет)
2 тапсырма Мәтінді оқып, Айдостың досына айтқан құттықтау тілегін көшіріп жазыңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер.
Сергіту сәті.
Зат есім септеледі жеті түрде,
Бір-бірімен шатастырып алып жүрме.
Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес.
Жаттап алсаң балақай,
Зат есімді септе тез.
Үлестірмелі материалдар.
1.Берілген сөздерге жатыс септігінің жалғауын қосып жаз.
Дәптер, қағаз, Асан, үстел, қонақ, көрші, сөре, үй, мектеп, бала, дүкен
2. Дәптерге көшір. Сөйлемнің ішінен табыс септігін тап.
Ол кітапты оқыды. Самал дәптерді көшірді. Ол сабақты жақсы оқиды. Мен анамды жақсы көремін. Әкем хатты оқыды. Мұғалімді тыңдау керек.
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Бақыт дегеніміз не? Мен бақыттымын дегенді қалай түсінесіңдер? Сендер туған күнге қалай дайындаласыңдар?Табыс септігінің сұрақтары қандай? Жатыс септігінің сұрақтарын қандай?
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. 2 тапсырма (64 бет) Мына сөздерге тәуелдік жалғау жалғап, қандай өзгеріске ұшырағанын айт. Сөйлем құра.
Тыныштық,сыйлық, бірлік, игілік.