Он ?ште м?шел жас та?ырыбына арнал?ан ?аза? тілі п?нінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары (6 сынып)


10.11.2016 ж.
6 а сыныбы
Павлодар қаласының № 6 жалпы орта білім беру мектебі
Сабақтың тақырыбы: Он үште бір мүшел
Мұғалімі: Матайбаева Жадыра Серикбековна
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Септік жалғауларын дұрыс қолдана, сөйлем ішінен таба білуге үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларға алғашқы он үште мүшел жасқа толатындарын, мүшел жастарына сипаттама беру. Оларды ата-аналарын сыйлауға, мейрімділікке, қайырымдылыққа, әдептілікке, сыйластыққа, достарын сыйлауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білуіне ықпал жасап, сөздік қорларын толықтыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, үлестірме материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу, түгендеу.
2.Психологиялық дайындық: оқушыларды шеңберге шақыру
Кәне,достар,тұрайық
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
Жақсылық тілеймін Достарың көп болсын!
Бақыт тілеймін Армандарың орындалсын!
Қуаныш тілеймін Ақылды бол!
Жаңа жетістіктер тілеймін Білімді бол!
Мықты денсаулық тілеймін Болашағың жарқын болсын!
Сабағыңды «4» пен «5» ке оқуыңды тілеймін Аспаның ашық болсын!
Жақсы көңіл күй тілеймін 3.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен тақырыпты қайталау. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қою. Септіктерді сұрау. Жалғауларын атаңдар.
ІІ.Жаңа білімді меңгерту.
Жаңа материалды меңгертуге арналған жұмыс түрлері.
Сабақтың тақырыбына жетелейді:
Балалар, сөзжұмбақты шештік, сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
Сабақтың мақсатымен таныстырады:
Он үште мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер?
Алғашқы мүшел жасқа қашан толасыңдар?
13 жас-жақсы мен жамандықты, ар мен намысты, дос пен жолдасты айыра білетін кезең. Қазақ халқы жас жеткіншектердің тәрбиесіне көп көңіл бөлген, олардың бойына мейірімдік, қайырымдылық, әдептілік, сыпайылық сияқты жақсы қасиеттерді сіңіре білген. Міне осындай қасиет сендердің бойларыңнан да табылса деймін.
Ал жиырма бес нағыз жігіттік жас деп есептеледі. Бұл кезде бойдағы күш-қуат кемеліне келеді. Тасыған күш-қайратты қайда жұмсарын білмей жалындап тұратын кез.
Отыз жеті жас — өмірдің жақсы-жаманын, оң-солын танып, ақыл тоқтатып, қырыққа жақындаған кез.
Қырық тоғыз жас-бойдағы күш қайта бастағанымен кәрілікті мойындамаған, ақыл-ойы нағыз кемеліне келген нағыз ердің жасы.
Алпыс бір жас – даналығы артып, өткеніне сын көзбен қарайтын, тәубеге келетін кез.
Жетпіс үш жас. Бұл мүшелдегі кәрілікті мойындап, бойы еңкіш тартады, аяғы тұсалып, жүріп-тұруы қиындайды
Келесі мүшел жас – 85 жас. Бұл тіпті қызық. Бұл жаста адам жүріп-тұрудан, ұйқыдан қалады. Бала сияқты өкпелегіш болып, күйбең тірлікке түседі.
Тоқсан жеті жас. Бұл мүшелге жеткен адамдардың кейбірі алжып, жас баладай жаутаңдап, қауқарсыз болып қалады.
Қосымша дерек13жас - ер жете бастау.
25жас - жігіттік шақ37жас - ақыл тоқтатқан кезең49жас - орта жас61жас - немере сүю73жас - қарттықтың басы
85жас - кәрілік97жас - қалжырау109жас - шөпшек сүю121жас - немене сүю«Тышқан жылы — тыныштық; Сиыр жылы — сыйлық; Барыс жылы — бірлік; Қоян жылы — қамбалы; Ұлу жылы — үлгілі; Жылан жылы — жайлы; Жылқы жылы — жұтсыз; Қой жылы — құтты; Мешін жылы — мерейлі; Тауық жылы — табысты; Ит жылы — игілік; Доңыз жылы — дүниелі».
2. Жаңа сөздермен жұмыс жүргізу.
Содан кейін оқушылар жаңа сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады.
қызықты дерек –интересное сведение
мүшел жас – двенадцатилетний цикл
ерекшелік –особенность
есте ұстау – помнить
қайыру – здесь: считать
намыс – гордость
жас жеткіншек – подрастающее поколение
мейірімділік – доброта
әдептілік – деликатность, тактичность
сыпайылық – вежливость
жақсы қасиеттер – хоршие качества
сіңіру – впитывать
3.Септіктерді қайталау .
Септіктердің сұрақтары мен жалғауларыАтау - кім? не?Ілік - кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тіңБарыс - кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
Табыс - кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -нЖатыс - кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -ндеШығыс - кімнен? неден? қайдан? қашаннан? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тенКөмектес - кіммен? немен? қалай? -мен, -бен, -пен
ІІІ. Жаңа білімді бекіту.
1) Кітап бойынша жұмыс.
5 тапсырма Мәтінді сөздіктің көмегімен оқып, диалогке айналдырыңдар. Қарамен жазылған сөздерді кейінді ықпалға айналдырып, сөйлем құрап жазыңдар.
3 тапсырма. Үзіндіні оқып, кім туралы айтылғанын анықтаңдар.(Б.Момышұлы 68 бет ауызша)
4 тапсырма Әңгімені оқыңдар. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. (68 бет)
Сергіту сәті.
Ал, балалар тұрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Біз демалып алайық.
Оңға, солға түзу тұр,
Солға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адм.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық
Үлестірмелі материалдар.
1–тапсырма. Құттықтау сөзді оқып, аударыңдар. Мәтіннен жаңа сөздерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздермен бірге теріп жазыңдар.
Құттықтау сөз
Құрметті …!Сені туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспіз. Сені тек биіктерден көрейік. Отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманың – асқақ, шығар биiгің асқаралы болсын! Бақытты өмiр сүруiңе шын жүректен тiлектеспiз!
Туған күнің құтты болсын,Денсаулығың мықты болсын.Әр таңың арайлап атып,Өмірің мәңгі нұрға толсын!
Айнұр, туған күнің құтты болсын!Куанышты, бакытты күндерің көп болсын!Әрдайым аспаның ашык болыпІсің табысты, денсаулығың мыкты болсын!
Мүшел жасың құтты болсын,Орындалсын ойда жүрген бар арманТаусылмайтын бақыт беріп басыңаОтбасыңмен аман болшы әрқашан.
ІҮ.Сабақты қорытындылау. Сабақты қорытындылау мақсатында мақсатында оқушыларға сұрақтар қойып, жауаптар аламын. Мүшел жас дегенді қалай түсінесіңдер? Алғашқы мүшел жасқа қашан толасыңдар? Септіктердің сұрақтарын, жалғауларын ата.
Ү.Білімді бағалау. Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
ҮІ. Үй тапсырмасын беру. Құттықтау сөздер дайындап келу.
YII. Рефлексия:
Сабақ өте қызықты өтті. Сабақ қызықты өтті. Сабақ қызықсыз өтті.