?аза? тілі. Астана арман ?ала


Сынып: 4 «А»
Пән: қазақ тілі
№ күні:
Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Астана туралы түсініктерін кеңейту, мәтінмен жұмыс жасай отыра, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Дамытушылық:  Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, бір – біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, презентация
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: (3 минут)
- Сәлеметсіңдер ме, балалар.- Көңіл – күйлерің қалай?Оқушылар 3 топқа бөлініп отырады, амандасу, қонақтармен амандасу-Балалар, бір-біріңе жұмыс алдында не тілейсіңдер? ( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке жетейік деген тілектер айтады)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (5 минут)   арқылы тексеру.
Сөзжұмбақ арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Алты арқар, жеті қаз, төрт бөдене,
Кейде толы, кейде орта бір тегене.
(бәйтерек)
Ал, балалар , айтыңдаршы қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болады?
(балалар жауабы)Иә, бүгінгі сабақтың тақырыбы: Астана –арман қала туралы. Осы тақырып бойынша не біліп, үйренгілерің келеді.?
(балалар жаубы)
Сабақтың мақсатын  айту:
Сызба бойынша Астана қаласымен танысу. Астана қандай екенін айтқыза отырып, сызбаға түсіру.- Енді, балалар, жаңа өздерің Астана туралы айтып өткендеріңді тамашалайық. (слайд көру). -Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше, ол-саяхат сабағы.  Астанамызға саяхатқа шығамыз.
-Ал саяхатқа шығу үшін біздің қолымызда не болуы керек?
-Карта.
-Дұрыс айтасыңдар,ендеше мен сендерге қазір саяхат картасын таратып беремін.
Әр топ жетекшілері алдарындағы бағалау парағына топ мүшелерінің жауаптарын  бағалап отырады.
Саяхат картасы
1. Вокзал
2. Бәйтерек
3. Пирамида
4. Ақ Орда
5.  «Думан»
6. «Хан шатыры»
1-ялдама. Вокзал. Сурет бойынша әңгіме құрау.

2-аялдама.«Бәйтерек» Өлеңді мақтанышпен оқы.
Астана
Талай ақын жыр еткен,
Есілдің оң жағасы.
Есілге әйгілі Қараөткен,
Ескі Ақмола қаласы.
Бүгін еңбек қайнаған,
Жасау үшін бақ қала.
Болады ертең жайнаған,
Ақ Астана – бас қала.

3-аялдама «Пирамида» Оқы, әңгімеле.
Астана 111998 жылдан «Астана» деп аталады. Астана Есіл өзенінің бойында.
Қаланың басты нысаны – «Бәйтерек». Оның биіктігі – 97 метр. Басында алтын шар бар. Ішінде сурет галереясы аквриум және мейрамхана бар.
4-аялдама «Ақ Орда»
Дұрыс сөйлем құра:
1. Астана, қала, жас.
2. Астана, облысында, орналасқан,Ақмола.
3. Астанада, орындары, көп, өндіріс.
4. Астанаға,  қонақтар, келеді, көп.
5- аялдама «Думан»
Ережені қайталау
І топ – Дуысты және дауыссыз дыбысар.
ІІ топ – Буын және оның түрлері.
ІІІ топ – Омоним және антонимдер (мысал келтіру)
6-аялдама «Хан шатыры»
  «Астана»  туралы диалог құрастырыңдар.
-Сәлем, Миша!
-Сәлем, Ажар!
-Қалың қалай?
-Рақмет, жақсы.
-Өзінің қалың қалай?
-Жаман емес,
-Ажар, сен Астана қаласына бардың ба?
-Иә, бардым.
-Саған Астана қаласында не ұнады?
-Маған Астана қаласынан «Бәйтерек», «Ханшатыр», «Ақ Орда» ұнады.
Үй тапсырмасы: Әңгіме жазу. «Астана-арман қала»
Сабақты қорытындылау.
Қазақстанның бас қаласы қай қала?
Астана қаласында нелер бар?
Не үйрендіңдер?
(балалар жауабы)
-Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. 
-Саяхат сендерге ұнады ма?
-Олай болса, бүгінгі сабағымыздың қорытынды кезеңіне де,келіп жеттік. Ендіше ендігі кездескенше аман сау болыңыздар.
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.
Бағалау парағы.