Саба?ты? та?ырыбы: Біріккен с?здер мен кіріккен с?здер


Оқу ісінің меңгерушісі: Жармуханов А.К
Күні: 3.10.2016
Сынып: 6 «а», «ә»
Пәні: Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Біріккен сөздер туралы тақырыпты түсіндіру. Оқушылардың теориялық және іс - тәжірибешілік (практикалық) білім дәрежесін анықтау.Тәрбиелік : Шәкірттерді өздігінен ой еңбегімен шұғылдануға, шапшаңдыққа баулу..Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, логикалық ойын дамыту. шығармашылық ізденіс қабілетін дамыту, ойлау белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеруСабақтың өту әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, талдау, сұрақ-жауап. Оқулықпен жұмыс.Сабақ көрнекілігі: Тақырыпқа арналған сызба, кеспе карточкалар
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Сәлемдесу.
2.Сыныптың тазалығына назар аудару.
3.Оқушылардың назарын тақтаға аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
52,53 -жаттығу.
Сұрақ-жауап:
1.Сөздер құрамына қарай нешеге бөлінеді
2.Дара сөз дегеніміз не?
3.Күрделі сөз дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады?
ІІІ.Жаңа тақырып: Біріккен сөздер мен кіріккен сөздер
Біріккен сөздер


Түбір тұлғасын сақтап біріккен сөздер
Түбір тұлғасы өзгеріп кіріккен сөздер


Аяқдоп
Биыл ( бұл+жыл)

Жолбарыс

Тоқсан (тоғыз+он)

Сегізаяқ

Түрегелу (тұра+келу)

Екі я оданда көп түбірлер бірігіп ,тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер біріккен сөздер деп аталады.
Қазақ тілінде біріккеен сөздердің жасалуы төмендегідей:
1.Біріккен сөздер:
Құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталған сөздер 2.Кіріккен сөздер:
Құрамындағы түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгерістерге ұшыраған сөздер.
Мысалы:Асқазан, саңырауқұлақ, орынбасар, өнертапқыш, балабақша, қолтаңба,т.б. Мысалы: Бүгін (бұл күн): бірінші сөздегі ұ екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп, ү-ге айналған, л дыбысы түсіп қалған, ү-нің әсерінен к ұяңданып,г-ге айналған (бұл-бү+күн-гүн)
Биыл (бұл және жыл), жаздыгүні (жаздың және күні), түрегелді (тұра және келді)
-Аң,құс,жәндік атаулары: Мүйізтұмсық, аққұтан,иманжапырақ, қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу.қарақұрт , итмұрын,
-географиялық атаулар:
(жер,су аттары) Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы
-кісі аттары: Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан,
-ауру аттары: Көкжөтел, қарасан, сарысу, соқырішек, шорбуын, қылтамақ,
-дене мүшелері: Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын,
-ойын атаулары: Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ
-ән,күй,өлең аттары: «Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан»
-қоғамдық өмірге,күнделікті тұрмысқа байланысты әртүрлі атаулар: Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы.
-мезгілге байланысты атаулар: Биыл, қыстыгүні, жазғытұрым, бірсігүні.
-белгісіздік,болымсыздық мәндегі атаулар: Әркім, әлдене, ешқашан, ешбір.
ІV.Кітаппен жұмыс .
55-жаттығу.
Біріккен сөздер Кіріккен сөздер
Алтыбақан, қосаяқ, Айнамкөз, желмая, кемпірқосақ,Жаңақорған, Екібастұз, Қызылжар, Қартбай, Болатбек, Ақайша, пікірталас, сенімхат, Нұрғиса, төраға, қолжазба, қолтаңба, түпнұсқа, Тайбурыл Тоқсан, Ботагоз, Бегәлі, Өмірзақ, белбеу.әнеугүні,биыл, Қазанғап, жаздыгүні,

56-жаттығу. Әдебиет , география, биология, тарих оқулықтарын пайдалана отырып, біріккен сөздердің жасалуына мысалдар жазыңдар.
-Аң,құс,жәндік атаулары: Мүйізтұмсық, аққұтан,иманжапырақ, қосаяқ, тасбақа, егеуқұйрық, жолбарыс, көкқұтан, текесақал, алабота, аққу.қарақұрт , итмұрын,
-географиялық атаулар:
(жер,су аттары) Жетісу, Темірқазық, Жайлаукөл, Шиліөзен ,Сырдария, Ақбозат, Көкбозат, Сарысу, қызылорда, Әулиеата, Алакөл, Жетіқарақшы
-кісі аттары: Қойшыбек, Нұрмұхаммед, Гүлбаршын, Гүлдариға, Үлмекен,Ұлбала, Нұрдана,Айжан,
-дене мүшелері: Сегізкөз, ұлтабар, асқазан, тоқішек, мойыномыртқа, тазқарын,
-ойын атаулары: Айгөлек, көкпар, соқыртеке, бесқақпай, ханталапай, алтыбақан, ақсүйек, доптаяқ
-ән,күй,өлең аттары: «Сарыарқа», «Дайдидау», «Сегізаяқ», «Сарыжайлау», «Қараторғай», «Кісенашқан»
-қоғамдық атаулар: Автобекет, қолбасшы, қайынаға, ақсақал, кәсіпорын, шекара, еңбеккүн, отағасы. Саябақ, әуежай, төлемақы, айыппұл
57-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.Қандай дыбыстық заңдылыққа сүйеніп тұрғанын айтыңдар.
Үлгі: Асан он сегіз жасқа толғанда төлқұжат алады.Атам күнде баспасөз Баспасөз мерзім сайын халық арасына жаңалықтар таратып отырады.
V.Сабақты бекіту.
Сұрақ –жауап:
1.Біріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі мысалы)
2.Кіріккен сөздер дегеніміз не? (ережесі, мысалы)
3.мысалдар айту.
VІ.Үйге тапсырма:
38-бет: 59-жаттығу.
54-бет: 43-жаттығу.