Саба?ты? та?ырыбы: «Бірдей сандарды ?осу» Сыныбы: 2 ?


Математика
2 сынып
Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі: Сарсемалиева Г.А
Атырау облысы
Пәні: Математика
Сабақтың тақырыбы: «Бірдей сандарды қосу»
Сыныбы: 2 Ә
Мақсаты:
1. Екі таңбалы сандарды жазбаша ондықтан аттап қосу және азайтуды игерту
2.Оқушыларды алгоритимге машықтандыру, екі амалмен және бір амалмен шығарылатын есептерді пысықтай түсу. Оларды салыстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Шапшандыққа, ептілікке баулу, білімге деген құштарлықтарын ояту, қайырымды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, шығармашылық, баяндау, іздену, сұрақ - жауап
Құрал – жабдығы: интерактивтік тақта, слайдтар, ойындар, кеспе парақшалары
Жаңа технология: СТО стратегиясы
Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Психологиялық дайындық
Математикалық қызықты есептер
Әжесі барлық немерелеріне байпақ тоқыды.Барлығы 8 байпақ тоқыды. Әженің барлығы қанша немересі болған?
А. 2 немересіБ. 4 немересіВ. 8 немересі
2.Күндізгі сағат 3 бұл .......... Қай сағат?
А. 13 сағатБ. 15 сағатВ. 17 сағат
3.Үш ат 15 км шапты. Әрқайсысы неше км шапты?
А. 5 км Б. 10кмВ. 15км
4.Метрдің екіден бір бөлігінде неше дицеметр бар?
А. 5 дмБ. 2 дмВ. 10дм
5.Кеше Айнурдың туған күні болды. Ертең кун бейсенбі болады. Айнурдың туған куні аптаның қай күні болады?
А. СәрсенбіБ. СейсенбіВ. Бейсенбі
6.Айдостың үйінде әкесі, анасы және ағасы бар. Құсы және төрт алтын балығы бар. Осы үйдегі тұрғындардың аяғының саны қанша?
2- тапсырма
8(6,10,9,12) санын бірдей қосылғыштардың қосындысымен алмастыр.
Үлгі: 8 = 4 + 4, 8 = 2 + 2 + 2 + 2
«Бойы сергектің ойы да сергек»
Сергіту сәті
Мынау менің – жүрегім,
Бәрі осыдан басталған,
Мынау – басым ақылды
Бәрін осы басқарған,
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым
Барлық істі атқарған
Теңдеулерді шеш
5-тапсырма
1-топ 3-топ
х - 32 = 53х + 38 = 40
2-топ 4-топ
84 – х = 2439 + х = 59
Сабақты қорытындылау:
Бірдей сандарды қосу дегенді түсіндік пе?
2.Үйге тапсырма:
6 мысал. Амалдарды жазбаша орындау
3.Бағалау: