Саба? Географиялы? координаталарды аны?тау


Сабақтың тақырыбы: № 2 сарамандық жұмыс:

Карта бойынша географиялық координаталарды анықтау.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға сабақта алған географиялық координаттар, оларды
анықтау, оның әдіс-тәсілдерін, анықтау жолдарын қарастырып, оны
тәжірибе жүзінде қолдана алуды үйрету, білім беру.
Дамытушылық: Интербелсенді тақтамен, глобуспен жұмыс істеуді дамыту.
Тәрбиелік: География пәніне деген қызығушылықты ояту, географиялық мәдениетке
тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақты үйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, ребус.
Пәнаралық байланысы: география, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, глобус, дүниежүзінің физикалық картасы,
Солтүстік Американың физикалық картасы, Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақ барысы
1.Ұйым-у (2 мин)
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. (10 мин)
Үй жұмысы бойынша сұрақтар қою:
1. Географиялық координаттар дегеніміз не?
2. Географиялық ендік дегеніміз не?
3. Географиялық бойлық дегеніміз не?
4. Глобустан қашықтықты қалай өлшеуге болады?
5. Неге жер бетінен картаға еш бұрмаланусыз түсіруге болмайды?
3. Жаңа материалды меңгерту (13 мин)
Сонымен өткен сабақта біз географиялық координаттарды, оларды ендік және бойлық бойынша анықтауды үйрендік. Сонымен қатар глобустан меридиандар мен параллельдердің орналасу ретін, Гринвич меридианы туралы білдік. Бүгін біз өткен тақырыпты бекіту үшін географиялық координатты анықтайтын арнайы формулалармен танысамыз.
Градус торы дегеніміз- меридиан мен параллель сызықтарының қиылысында пайда болған торды айтады.
319278015684500
ІІ ширек — (- ; +)
Батыс бойлық — (б.б.)
Солтүстік ендік — (с.е.)
-7429519113500 Гринвич 0° - 90° с.е.
І ширек — (+ ; +)
Шығыс бойлық — (ш.б.)
Солтүстік ендік — (с.е.)
0° — экватор
0° - 180° б.б.
ІІІ ширек — (- ; -)
Батыс бойлық — (б.б.)
Оңтүстік ендік — (о.е.)
0 ° - Лондон --
0° - 90° о.е. 0° - 180° ш.б.
ІV ширек — (+ ; -)
Шығыс бойлық — (ш.б.)
Оңтүстік ендік — (о.е)
4. Жаңа тақырпты бекіту кезеңі (10 мин)
Оқушылар тапсырмаларды орындау барысында атласты, жарты шарлар картасын және дүниежүзінің физикалық картасын Қазақстанның физикалық картасын және Солтүстік Американың физикалық картасын пайдаланады. Берілген координаттар арқылы географиялық объектіні табады.
Төмендегі ребус тапсырмаларды орындау:
Табылған қала, нысан аттары координаталар жазылған бағандан кейінгі торға жазылады және қала аттары бас әріптері тігінен оқылады.
Дүниежүзі физикалық картасы бойынша
1 60° с.е. 11° ш.б. О сло
2 35° с.е. 51° ш.б. Т егеран
3 13° о.е. 76° б.б. Л има
4 34° с.е. 71° ш.б. И сламабад
5 42° с.е. 89° б.б. Ч икаго
6 29° о.е. 168° ш.б. Н орфолк остров
7 46° с.е. 75° б.б. О ттава
Ұлыбритания және Солтүстік Америка физикалық карталары бойынша
1 51° c.е. 0°ш.б. G rinbih
2 46° с.е. 75°б.б. O ttawa
3 36° c.е. 98°б.б. O clahoma
4 53° с.е. 7° б.б. D ublin
Қазақстанның физикалық картасы бойынша
1 46°1ʹ с.е. 81° ш.б. Ү
2 49°3ʹ с.е. 84°2ʹ ш.б. З ыряновск
3 46°2ʹ с.е. 57° ш.б. Д арбоза
4 44° с.е. 79°5ʹ ш.б. І ле
5 53°5ʹ с.е. 69°5ʹ ш.б. К 5. Сабақты қорытындылау (7 мин)
Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
Тақырыпты қорытындылай келе фронтальды сұрақтар қою:
- Географиялық координаттарды анықтаудың қандай тәсілдері бар?
- Градус торы дегеніміз не?
- Тақтадан ендік пен бойлықты сызып көрсет.
- Гринвич меридианнын тап.
6. Бағалау кезеңі (2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин)
§ 13 оқу. Қазақстанның физикалық картасынан өздерің тұрған елді мекеннің, қаланың координатасын анықту.
Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.
«Топқайың орта мектебі» коммуналдық мекемесінің географиялық координатасы
49°28ʹ56,33ʺ с.е. 85°40ʹ48,16ʺ ш.б. — теңіз деңгейінен ≈ 1250 м.