7 сынып?а арнал?ан ?оз?алыс тарауына ??рыл?ан орта мерзімдік саба? жоспар


Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Миялы селосы, Х. Досмұхамедұлы атындағы орта
мектептің математика және физика
пәнінің 2 санатты мұғалімі
Аккалиева Лайля Маратовна
Түсінік хат
Үшінші деңгей бағдарламасында қалай оқыту керектігін игеріп, еркін әрі дәлелдемелермен сөйлейтін оқушыларды қалыптастыра аламыз.Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.(Хэтти, 2009)
Мектептегі тәжірибемді оқушыларды зерттеп, үшінші (базалық) деңгейлік курсы кезеңінен алған теориялық білімімді және тренир Жумекеева Насипхан Курманбаевна ұстазымның берген нұсқаулық пен ресурстарды басшылыққа ала 2014 – 2015 оқу жылына орта мерзімді жоспар құрудан бастадым. Жоспарды жеке құруда қиналғандықтан ауданымызда бұрын оқып келген екі әріптесімнен және үшінші (базалық) деңгейлік курсына бірге барып, бір топта дәріс алған курстасым Қонысбаева Тілектеспен физика бірлестігінде ақыл-кеңес алдым. Жоспарымның негізгі мақсатына - білім беру дағдысын берік орнықтыруды, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың білім-біліктілігін қалыптастыруды енгіздім. Жаңаша әдіс- тәсілдерімді жеті модуль бойынша ықпалдастыра көрсеттім. Төрт сабаққа белсенділікті дамыту үшін оқушыларды ынталандыратын, қызығушылығын оятатын деңгейлі тапсырмаларды алдым. «Тақырыптық түйінді сөздер», «Бұл мәлімет шындық па немесе жалған ба?» әдістері арқылы өз білімдерін нақтылайтын сенімдерін, қорытынды пайымдауларын жасауға қабілетті екеніне көз жеткізбекпін. Диалогті кері байланысты, сыни ойлауға бағыттайтын сауалдарды, оқыту міндеттерімен алмасу сияқты әдістерді жоспарлауда оқушылардың деңгейін жақсартып отыруды мақсат еттім. Оқушыларда мақсат пен міндеттерінің, ішкі уәждерінің қалыптасуына жағдай жасаймын. Сыни ойлау арқылы жаңа сабақты ашуға, тұжырымдауға, сұрақ қоя білуге,дәлелдеуге, критериймен бағалауға үйренеді. Құрылымдалған және құрылымдалмаған топ жұмыстарында А,В,С деңгейлері анықталады. Сабақта білім беру талабы бойынша оқушыларды АКТ-мен жұмыс жүргізуге толық қамтымақпын. Осы орайда «Ойлан, жұптас, талқылас!», «Бірге ойлаймыз, бірге талқылаймыз!» , «Радиоға қоңырау алу», «Конвертті табу үшін алдымен жұмбақты шеш!?» тапсырмаларын жоспарға енгіздім. Және талқылау, түйінді ой айту, диалогті көрініс жұмыстарында барлық оқушы тартылады. «Домино», «Ыстық орындық», «Өрмекші торы», «ТВ постер», «Өлең шығару», «Ертегі құрастыру» тақырыптарымен жұмыста талантты және дарынды оқушылар анықталса, «Жаңбыр», «Атомдар мен молекулалар», «Машенька» тренингтер мен сергіту сәттерінде жас ерекшеліктеріне сай зейіні мен қабілеттері көрінеді. Жоспар бойынша күтетін нәтижем: белсенді топтық жұмыс болады; ақпараттық мәлімет дайындауға машықтанады; білім деңгейлерін анықтайды; нәтижелерін қорытындылайды; түйінді ой жасайды. Осындай нәтижелерге байланысты болашақтағы жұмысымда: тапсырмаларда оқушы мүмкіндігі мен қажеттілігін ескеру,Lesson Study өткізуді жоспарлау, барлық стратегияларды 45 минуттық сабағыма сыйғызып жүрмін, ал «Маршруттық карта» әдісіне уақытымды жеткізе алмай жүрмін. Бағалау критерийлерін оқушыларым толықтай меңгерді деп сеніммен айта аламын. Оқушыларды бағалау түрлеріне дағдыландыру мақсаттарын әрі қарай тереңге жоспарлаймын. Аудандық «Үздік сабақ – 2014» сайысы болатынын физика және инфарматика бірлестігінің жетекшісі хабарлағанда мені бірлестіктен шығатынымды хабарлаған бойда, дайын орта мерзімдік жоспарымнан 7 – сыныптағы III - тараудың «Қозғалысына» ең бірінші жоспар құруда алдыма нақты мақсат қойып алдым. Сол нақтылаған мақсаттан міндет шығардым. Күнтізбелік жоспардың келіп тұрған төрт сабақтың тақырыбын алып, орта мерзімді жоспарымды жасадым. Алған тақырыптарым:
§22. Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы
§23. Жол және орын ауыстыру
§24 - 25. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық бірліктері
§28-29. Инерция.Кеңістік пен уақыт
Орта мерзімді жоспарымды бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып құрдым. Жеті модульдің басты идеялары білім беру мен білім алудың жаңа тәсілдері деп санауға болады.Балалар өзінің түсінген өзіндік зерттеулері мен әлуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады[1,12б]. Білім беру мен білім алудың жаңа әдістерінің бірі «Диалог арқылы оқыту». Диалог негізінде оқушылардың өзара әңгімелесуі ,сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы өзіндік ой-пікірлерін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін қуатты әдіс болып табылады. Сабақтарымда үй тапсырмасын сұрау, топтарға тапсырмалар беру кезінде оқушылар бір-бірімен диалогқа түсе отырып, пікірлесіп, бірі-бірінен ақпарат алмасып отырғандарын байқадым.
Алғашқы сабағым «Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы» тақырыбында жаңа тақырыпты меңгеру тапсырмасында «Ойлан, топтас, бөліс» әдісін қолдандым. Бұл тапсырмада оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модульдерін ықпалдастырдым.Сыни тұрғыдан ойлаукөбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдер қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізгежаңа немесе түрлендірген тәсілдерді енгізуге даын дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдықәрекеттперге жәнебасқаларды сыни тұрғыдан ойлауғабаулуды білдіреді. [1,49б]Бұнда оқушылар тапсырманы орындау үшін ақылдаса отырып, постерге түсіріп, өздері сыни тұрғыда ойлап, талдап, салыстыра отырып, керектілерін алып отырды. Осы модульді пайдалану арқылы оқушылардың бойындағы өзіндік ерекше қабілеттерін, тұжырымдарын, дара қасиеттерін ашуға көмектеседі. Ерекше ойы бар, сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылардың бойынан талант пен дарындылықтың белгісін анықтауға болады. Оған себеп сабақ өткізген сыныбымдағы [А.І] мысалға аламын. [А.І] тақырыпта берілген тапсырмаға өз қиялынан, сыни тұрғыдан ойлай отырып, керемет туынды шығарады және тамаша қорғап, сипаттай алады.
Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жағдай жасау мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Балалардың қабілеттіліктерін,біліктілігін әлеуетті мүмкіндіктерінкөрсету үшіноларға жағдай туғызу қажет жәнеде бұл олардың ерте жасында қиынға соғуы мүмкін. [1,72б] «Радиоға қоңырау шаламыз» әдісін қолданғанда әр топтан талантты және дарынды бір оқушы шығып сұраұтарға жауап берді. Сонымен қатар оқушылар берілген деңгейлік есептерден жас ерекшеліктеріне сәйкес алып орындады.
АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын,түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп,мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. [1,61б] Осыған орай «Оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану» модулін барлық сабақтарымда қолданып отырдым. Себебі, сабақтарымда интерактивті тақтаның көмегімен электрондық оқулықтан бейнематералдар көрсеттім. Сонымен қатар, оқушыларға жаңа тақырыпты қорғау бойынша тапсырмаларда таныстырылым дайындаған болатын соларды көрсетуде интерактивті тақтаны қолдандым.
Бағалау одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқудың нәтижелерінжүйелі түрдек жиынтықтайға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.[1,56б] «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша жүргізген сабақтарымда күнделікті қорытынды бағалау немесе мадақтау арқылы және сабақ соңында жиынтық бағалау үрдісі жүріп отырды. Осы уақытқа дейін мен балаларды сабақ барысында ынтасын жоғарылату мақсатында мадақтап, марапаттап отырмаппын. Курстан алған білімді тәжірибеден өту кезінде дәстүрлі сабақ беру үрдісімнен мүлде басқа екенін байқадым.
Оқытудағы басқару және көшбасшылық модулі «мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Бұл модулде мен сабақты оқушылардың өздері бағалап, бақылауына, басқаруына мүмкіндік бердім және де әрбір сабағымда өзім көшбасшы бола білдім.
Жалпы осы аталған бағдарламаның жеті модульін болашақта да барлық өзімнің сабақтарымда қолданып, белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге тырысамын. Бұл модульдердің сабақтарда тигізетін пайдалары аса көп.
Орта мерзімді жоспарлауда менің ойыма түйгенім, енді Бағдарламаны басшылыққа ала отырып, жеті модульді кіріктіріп сабақты жүйелі жоспарлай білсек, оқушыларымыз сыни ойлауы қалыптасқан, өздігінен шешім қабылдай алатын белсенді тұлғаға қалыптасатынына сенімім мол.
Орта мерзімді сабақ жоспары
р/с Сабақтың
тақырыбы
Оқып үйренудің негізгі мақсаттары
Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер
Бүкіл оқушылар үйренгенін қалай білесіз?
Оқып үйренудің нәтижесі
Үйрену мақсатындағы бағаны қоса бағалау
Бәрін қоса есептегенде
(дарынды балалар)
Негізгі деректер
1 §22. Материялық нүкте Қозғалыс траекториясы Қозғалыс траекториясы.Материялық нүкте жүйесі жайлы мағлұмат беру
Қозғалыс траекториясы.Материялық нүктені күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы топ бір – бірімен ынтымақтасып жұмыс жасайды. Сергңту сәті «Машенка»Топтық, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (сөзжұмбақ, жұмбақ шешу,ребус), АКТ қолдану(интерактивті тақтамен жұмыс,CD-ROM мен жұмыс), оқытуды басқару және көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, оқытуды және оқуды бағалау.
Сабақ арқылы оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, материялық нүкте туралы ассоция жазды. 1,2,3 сандары арқылы үш топқа бөлінеді.
Психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізіледі, оқушылар түгел қатысады. Ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыстары пайда болады.
Оқушылар бір-бірін оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді. Қозғалыс траекториясы.Материялық нүкте жүйесі жайлы мағлұмат алады
Қозғалыс траекториясы.Материялық нүктесін күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Топта бағалай алатын болады
Мадақтау
Критерий арқылы бағалау
Бағдаршам

Екі жұлдыз бір ұсыныс
Рефлексия
Диалог арқылы оқушылардың сөздік қоры дамиды.
Ашық-жабық сұрақтар,
Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау
Блум таксономиясы Р.Башарүлы «Атамұра» 2003ж
7-сынып тест жинақтары
интернет, 7 – сынып жұмыс дәптері
рефлексия күнделігі
2 §23. Жол және орын ауыстыру Жол және орын ауыстыру жайлы мағлұмат беру
Жол және орын ауыстыруды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу Жылдың Үш мезгілі бойынша сынып үш топқа бөлінеді.
«Миға шабуыл» Бейнематериал көрсету арқылы оқушылар ойларын ортаға салады, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындап, жинақтайды. .(сыни ойлау)
«Ратация» әдісі бойынша топтар берілген сұрақтарға жауап береді
Топтар сұрақтарын ауыстырып толықтырады.
Үш топтың әрқайсысы тақтаға шығып, жұмыстарын қорғайды.
Оқушылар сабаққа құрылған критерий бойынша бағалайды.
«Синквейн» әдісі арқылы тақырып түйінделеді.Кері байланыс парағын толтырады. Сабақ арқылы оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, жол туралы постер, ертегі, өлең жазды.
Психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізіледі, оқушылар түгел қатысады. Ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыстары пайда болады.
Оқушылар бір-бірін оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді.
Жол және орын ауыстыру жайлы мағлұмат алады
Жол және орын ауыстыруды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Бірін-бірі бағалай алатын болады Мадақтау
Критерий арқылы бағалау
Бағдаршам

Екі жұлдыз бір ұсыныс
Диалог арқылы физикалық сөз қоры дамиды. Ашық-жабық сұрақтар,
Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау
Блум таксономиясы Р.Башарүлы «Атамұра» 2003ж
7-сынып тест жинақтары
интернет, рефлексия күнделігі
3 §24 - 25. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар. Жылдамдық бірліктері. Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат беру
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Бірін-бірі бағалауға баулу Үй тапсрмасын «Домино» әдісі арқылы сұралады. Смайликтер арқылы үш топқа бөлінеді. Сергіту сәті «Көңілді күн». Топтық, жұптық әдіс, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету (ой қозғау, миға шабуыл, тірек сөздер сатысы), АКТ қолдану(интерактивті тақтамен жұмыс,CD-ROM мен жұмыс), Жигсо әдісі, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, оқытуды және оқуды бағалау. Сабақ арқылы оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға постер, сурет, өлең, ертегі жазады.
Психологиялық жағынан жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында өткізіледі, оқушылар түгел қатысады. Ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыстары пайда болады.
Оқушылар бір-бірін оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді.
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстар жайлы мағлұмат алады
Бір қалыпты және бір қалыпсыз қозғалыстарды күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді
Бірін-бірі бағалай алатын болады Мадақтау
Критерий арқылы бағалау
Смайлик

Екі жұлдыз бір ұсыныс
Рефлексия
Диалог арқылы физикалық сөз қоры дамиды. Ашық-жабық сұрақтар,
Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау
Блум таксономиясы Р.Башарүлы «Атамұра» 2003ж
7-сынып тест жинақтары
интернет, рефлексия күнделігі
4 §28-29. Инерция.Кеңістік пен уақыт Инерция.Кеңістік пен уақыт жайлы мағлұмат беру
Инерция.Кеңістік пен уақытты күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету
Топта бағалауға баулу «Өрмекші торы» арқылы үй тапсырмасын сұрау. Кәмпиттер арқылы 3 топқа бөліп, бейнебаян арқылы жаңа тақырыпты ашады. Сергіту сәті «Балапан». «Радиоға қоңырау шалу», «Ыстық орындық», Жигсо, Ратация әдісімен қызу жұмыс жасап, бір – бірлерін бағалайды. Сабақ арқылы оқушылар өз пікірлерін ашық айтып, инерцияға слайд дайындау, ТВ постер, ертегі жазу керек.
Ынтымақтаса жұмыс жасауға ұмтылыстары пайда болады.
Оқушылар бір-бірін оқытады, топта талқылайды, сұрақтар қояды, жауап береді. Инерция.Кеңістік пен уақыт жайлы мағлұмат алады
Инерция.Кеңістік пен уақытты күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді
Топта бағалай алатын болады Мадақтау
Критерий арқылы бағалау
Смайлик

Екі жұлдыз бір ұсыныс
Рефлексия
Диалог арқылы физикалық сөз қоры дамиды. Ашық-жабық сұрақтар,
Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау
Блум таксономиясы Р.Башарүлы «Атамұра» 2003ж
7-сынып тест жинақтары
интернет
7 – сынып жұмыс дәптері
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ - деңгей. 2012ж. 306 бет.
Р. Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева, Алматы «Атамұра» 2012ж. 237 бет.