Сандарды координаталы? т?зуде кескіндеу


Пәні: математика Пән мұғалімі: Сайфуллина Гүлден Сыныбы: 6 "ә" Мерзімі: 15.10.14 ж
Тақырыбы: Координаталық түзу
Мақсаты: Оқушылардың координаталық түзуге оң және теріс сандарды жаңылмай кескіндеуге, екі санның қашықтығын координаталық түзуден табуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Өз пікірлерін анық, ашық жеткізуге дағдыландыру. Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Координаталық түзуді сызып, берілген сандарды кескіндей алады.Оң санның 0-санының оң жағында, теріс санның сол жағында екенін жаңылмай табады. Сыни тұрғыдан ойлай алады.Жасаған жұмыстарына гипотез жасап, қорытындылайды.Топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.
Қолданылатын модульдер: Тренингтер, есте сақтау стратегиясы, сергіту сәті, кері байланыс. Топпен жұмыс, диалогтық оқыту, сұрақ - жауап, көшбасшылық
Уақыт
(мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Стратегиялар Ресурстар
І. Кіріспе (5 мин) Әлеуметтік өзара қарым-қатынасты құру сатысы
5 мин Сәлемдесу. Жестпен амандасу. Бір-бірімен амандасады әуен
ІІ. Тұсаукесер (3мин) Қызығушылығын оят у.
3 мин Топтастыру. 1-ші топ: Оң сандар
2-ші топ: Теріс жұп сандар
3-ші топ: Теріс тақ сандар
Он адам жүрген жерде із қалады,
Жүз адам жүрген жер - соқпақ, Мың адам жүрген жерде жол қалады.
Үш топ болып топтасады.
сандар жазылған кеспе қағаздар .
Слайд 1.
ІІІ. Негізгі бөлім (30 мин) Мағынаны тану сатысы . Ой толғаныс сатысы
5 мин
1.Координаталық түзуді танисың ба?
Сипаттама бер.
Қалай кескінделеді? Неліктен?
Бірлік кесінді дегеніміз не?
Бірлік кесінді 1 км-ге тең болуы мүмкін бе ?
Координата сөзі қандай мағына білдіреді?
Бір санға сәйкес координаталық түзуде қанша нүкте сәйкес келеді? Неліктен ?

Координаталық түзу болып табылатынның түсініп және ережесін атайды. Формативті бағалау
сұрақ - жауап Миға шабуыл Слайд 2
5 мин 2.Мұқият қарап жануаларды орналастыр.
Әр топқа жануарлардың суреті таратылады.( қанша бала болса, сонша) Әр жануардың артында координатасы жазылған. Тапсырмаға сәйкес координаталық түзуге орналастыру керек.
Координаталық түзуге сәйкес жануардың суретін жапсыру керек.
Жұмысты біріне бірі алмастыру арқылы тексереді. Топпен жұмыс
Слайд 3
Кеспе қағаздар.
Қайшы,
Клей,
Маркер
Постер.
10 мин
3.Оқулықпен жұмыс.
Ғалым болам десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышкер болам десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан
№ 310, 314, 320 есептерді шығарту.
Шығарылған тапсырманы дұрысын тақтада көрсету. Әр деңгейдің тапсырмасын оқушылар өздерінің әлдері келетінін таңдап алады. Егер барлығын үлгеріп шығарам десе, шектеу жоқ.
Бағалау парағы
Оқулық
6-сынып.
1 мин
Топқа бөлу.
Санау арқылы 1, .2, 3 болып бөлінеді 2 мин
Сергіту сәті
Мен қазақпын
Видеороликке қарап билейді. музыка
13 мин Сыни ойлауға үйрету
Тапсырма: Координаталық түзуді өмірде неге ұқсатасыздар?
Топ болып плакатқа жазып, сызып, суреттерін салдыру.
Әр топ жұмыстарын аяқтағаннан кейін, түсіндіріп пікірлерін айтады. 2жұлдыз ,
1 тілек
смайлик Сын тұрғыдан
ойлау
Топпен жұмыс
Постер,
маркер
4 мин Логикалық тапсырма. Тілек хат.
3 конвертке салынған тілек хат. Бірақ олар солдан оңға қарай жазылған. Мәтінін тез арада оқып берулері керек. Мәтіні:
"Қымбатты достар! Сендер еліміздің болашағысыңдар! Елбасымыздың алға қойған бір мақсаты өркениетті ел қатарына кіру. Сондықтан біріншіден жақсы білім алып, Қазақстанның көркейуіне ат салысайық! Алға, тек қана алға достар!"
Оқушылар бірігіп оқиды да бір-біріне тілек айтады. Конверттер,
мәтін
IV. Қорытынды (7 мин) Кері байланыс
7 мин Қорытындылау.
Оқыту үшін бағалау.
Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Сабақтан не үйренді, не үйренгісі келеді, ұнады ма ойын жапырақшаларға жазып, қу ағашты жапырақтармен толтырады.
Рефлексия Жақсы түсінген болса жоғарырақ, орташа түсінсе орта жағына, дұрыс түсінбесе астыңғы жағына іледі. смайликтер