Біржан сал Абай ауылында



Жұмағали Айкөркем
С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп
Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы


Сабақтың тақырыбы: «Біржан сал Абай ауылында» ( 6-сынып.)
Сабақтың мақсаты: білімділік – шығарма маңызын толық меңгертіп Абай мен Біржан арасындағы ортақ қасиетті рухани байланысты сезіндіру, өнерлі жастар тобын, олардың өнердегі орнын таныту;
дамытушылық -оқушының көркем шығарманы оқуға қызығушылығын арттыру, өзіндік пікірін, шығармадағы кейіпкерлердің іс­әрекетімен порретіне талдау жасатып, мінездеме беруге дағдыландыру, өз бетімен ізденуге жетелеу;
тәрбиелік – шығарма тақырыбы арқылы өнер адамдарының жан дүниесін түсіне, оларға құрметпен қарауға, өнерді бағалауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Абай Мұхтар мен Біржан сал портреттері, интербелсенді тақта, Абай І, ІІтом, оқулық.
Сабақтың типі: талдау, бекіту
Сабақтың әдісі: сұрақ­жауап, баяндау, іздендіру, әңгімелеу
Пән аралық байланыс: музыка, қазақ тілі
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу
ІІ. Тест интервью
Үзінді қай шығармадан алынған?
(«Абай жолы» эпопеясынан алынған.)
М.Әуезов кім? (1897жылы Шығыс Қазақстан облысына қарасты Шыңғыстау жерінде дүниеге келген.)
Абай үйіне қонақтар қай оқиғадан кейін келді? (Абай Айгерімді 3 ай бұрын ұзатып әкелген кезден кейін.)
Қонақтарға сипаттама бер?
(Өңшең қыз –келіншек пен боз бала, сал–серілер, Арқаға аты шыққан, бүкіл Орта жүзді әсем үнімен ұйытқан Біржан сал.)
Біржан әндері Абайға қалай әсер етті?
(Мынасы жаңа әні... Дәл осы арада туған, бізбен қоштасып айтқан ән ғой! Шын шабыттың өзі ғой – қызығып тыңдап қалды.)
Абай ауылындағы қадірлі қонақ кім? (Біржан.)
ІІІ. Ендеше, балалар! Біржан бейнесін шығарайық.
1834 жылы Көкшетаудағы сексен көлдің бірі – Жөкей көлінің маңында дүниеге келген.Біржан - асқақ үнді, күміс көмей әнші, сал-сері, сазгер, ақын, өр мінезді, дамбырашы т.б.
ІҮ Үзіндіде Біржан мен Абай бейнесінің ашылуына, бұлардың қасиетін таныта түсуге қызмет етіп тұрған қосымша кейіпкерлер бар. Сол кейіпкерлердің портретін оқулықтан тауып оқиық.
Ү. «Абай жолын» ұлттық энциклопедия десе де болады. Шығарманың өн бойында оқиғаны жетелеп отыратын ұлттық озық дәстүрлері айтылады. Ұлттық дәстүрлердің шығармада қай түрлері айтылатынын зерттеп, зерделеп келу үшін сыныптағы 1­2 балаға тапсырма берілген. Сол ұлттық дәстүрлерді санамаласақ.
ҮІ. Оқулықта Абай қандай баға берді? Соны таптыру
VII. Біржанның Абайға айтқан сөзі. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, ...!- ».
VІІІ. Венн диаграммасы Абай Біржан
ІХ. Типтік образ
Көркем шығармада адамның өмірі, өзара қарым­қатынасы, наным­сенімі, ой­сезімдері, мінез­құлықтары жинақтала суреттеледі. Бірақ жазушы шығармада өзіне белгілі бір адамның ғана сипатын көрсетіп қана қоймайды, сол адаммен өмір сүреді.
Х. Үзіндіде Біржан мен Абай бейнесінің ашылуына, бұлардың қасиетін таныта түсуге қызмет етіп тұрған қосымша кейіпкерлер бар. Сол кейіпкерлердің портретін оқулықтан тауып оқу.
ХІ Қыздар (Керімбала, Үмітей, Әйгерім) портреті мен әнші жігіттер (Әмір, Оралбай) портреті
ХІІ. «Абай жолы» ұлттық энциклопедия десе де болады. Шығарманың өн бойында оқиғаны жетелеп отыратын ұлттық озық дәстүрлері айтылады. Сол ұлттық дәстүрлерді санамаласақ Мысалы: ат қою, бата беру, сәлем салу т.б.
ХІІІ. Осы шығармадағы ұлттық киім атаулары.
Пұшпақ бөрік, оқалы тақия, кәмшат бөрік, «сері жаға» ақ көйлек, кемзал т. б.
ХІV. Қазақ ­ шешен халық. Айтайын деген сөзіне көп мағына сыйғыза білетін от ауызды, орақ тілді халық. Үзіндіден тұрақты сөз тіркестерін таптырып дәптерлеріне жаздыру. , Мысалы: Апшысын қуыру (ұрысу), қыбыр етпей ұйып(қозғалмай) т.б
ХҮ «Біржан сал Абай ауылында» шығармасына сатылай кешенді талдау.
1.Оқиғаның басталуы: қонақтардың келуі:
2.Оқиғаның дамуы:өнердің өрге самғауы:
3.Оқиғаның шиеленісуі: Абайдың Біржан әніне көңілі біткені (Құлақтан кіріп бойды алар) әнінің шығуы:
4.Оқиғаның шарықтау шегі: Біржанға Абай мен Ұлжанның ризашылықтарымен сый тартуы:
5.Оқиғаның шешімі: Біржанның жаңа әнінің тууы, Әмірдің «үйреніп қаламын » деп соңынан кетуі.
ХVІ. Шешімінен мынандай ой туындайды. Абайды таңқалдырған өнердің өміршеңдігі. Біржанның әні бізге Әмір сияқты өнерді қадірлеген жастар арқылы жетті. Біржанның бізге жеткен 60­қа жуық әндері бар.Мысалы: «Жиырма бес», «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Баян ауыл», «Қаламқас», «Айтбай», «Қарға».
ХVІ. Досмұқасан тобының орындауында жаңа заман ағымына қарай өзгерткен «Ләйлім Шырақ» әнін тыңдасақ.
ХVІІ. СЭККУЭЙ әдісі бойынша ән сөзіне талдау жасайық.
Зат есім: ӘН
Сын есім: Жақсы,әсем,сазды
Етістік: Шырқайды,айтады
Синоним: Жыр,әуен, өлең
ХVІІІ. Абайдың шығармалар жинағынан «Құлақтан кіріп, бойды алар» өлеңін жатқа оқыту.
ХІХ. Сабақты бекіту. Балалар, осы үзіндіден біз қандай тәрбие аламыз?
Адамгершілік, сыйластық, кішіпейілділік, ұйымшылдық, қарапайымдылық, қонақжайлылық
ХХ. Ой толғау жазу. «Әнді сүйсең менше сүй», «Біржан өмірі маған үлгі», «Біржандай перзентімін туған жердің».
Сабақты қорытындылау, бағалау.