Саба? жоспары М.?уезов «Біржан сал Абай ауылында»


Сабақ жоспары
Пән аты: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 «А» Күні, айы, жылы: 21.12.15Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»Сабақтың мақсаты:Білімділік:Көркем шығарманың мазмұнын меңгерту, шығарманы оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін дұрыс қолданып, талдай білуге баулу;Дамытушылық:Теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, шығармашылық ізденістерге баулу;Тәрбиелік:Қазақтың салт-дәстүрін білуге, қарапайымдылыққа, адамгершілікке, қонақжайлыққа, сыйластыққа тәрбиелеу;
Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, іздендіру, т.бСабақтың түрі: іскерлік дағдыны қалыптастыруПәнаралық байланыс: музыка, география, тарихКөрнекіліктер: Абай, Біржан, М.Әуезов портреттері.
Сабақтың жоспарыІ Ұйымдастыру бөліміПсихологиялық дайындық «Шаттық шеңбері»ІІ Үй тапсырмасын сұрау:-Балалар, 3 топқа бөлінген себебіміз, бүгінгі сабақта тапсырмаларды топ болып ақылдасып орындап отырамыз. Ендеше, І топ –«Абай», ІІ топ – «Біржан»,  ІІІ топ –«Мұхтар» болсын. Әр топ осылар туралы қысқаша мәліметті тақтаға «Топтастыру» стратегиясы бойынша жазсын.
ІІ топ –БіржанІІІ топ –Мұхтар Сабақтың барысы:
Эпиграф
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй! Абай
ІІІ Жаңа тақырып
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында» Біржан әнінің зор құдіреті.
1-тапсырма. Мәтін бойынша жұмыс.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жоспар құру Композициялық құрылысына талдауАбай мен Біржанды «Венн диаграммасы» арқылы салыстыру2- тапсырма. «Тұжырым» кестесі бойынша жұмыс
Топ КейіпкерлерІс-әрекеті Адами қасиеті
І Абай    
ІІ Біржан   
ІІІ Әйгерім    
3-тапсырма
Оқулықпен жұмыс
І топ ІІ топ ІІІ топ
Біржанның «Жанбота» әні туралы үзіндіні тауып, мәнерлеп оқу Абайдың Біржан әнінен алған әсері бейнеленген жерді тауып оқу Ұлжанның Біржанға бата берген кезін тауып оқу
4-тапсырма Тест жұмысы
Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған атыа/ Сабалақ    ә/Телғара     б/Ерасыл«Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы!» Кімнің сөзі?
а/ Абай    ә/Біржан    б/Әйгерім
«Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі?
а/ Жиренше   ә/ Абай    б/ Біржан 
«Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьяда көрген жерің?...» -деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді?
а/ Жаяу Мұса «Ақ сиса»     ә/ Абай «Көзімнің қарасы»    б/ Біржан «Жанбота»
Шығармадағы типтік образды атаа/ Абай      ә/ Біржан      б/ Әйгерім
«Біржан сал» фильміндегі Біржанды сомдаған актер кім?
а/ Т.Жаманқұлов       ә/А.Әшімов    б/Д.Жолжақсынов
Әйгерімнің шын аты кім?
а/ Үмітей     ә/Шүкіман     б/БалбалаӘйгерімге алғыс айтқан кейуанаа/ Зере     ә/Иіс    б/Ұлжан
Керімбала:
Тағы бір ауыз!-деп еді.
Оралбайға:
 Тағы! Тағы! –деп Біржан да ықыласпен айтты.
а/ диалог    ә/монолог      б/ эпилог
Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән
а/ «Жамбас сипар»     ә/ «Жиырма бес»     б/ «Жанбота»
IV.БекітуБіржанның «Көкек» әнін Ақсамалдың орындауында тыңдау
V.Қорытынды
6-тапсырма
Өнерліге өріс кең.
Өмірде кең бол,
Өнерде өр бол.
Өнерде қызығу орынды, қызғану –күнә.
Өнер бәйгесі үнемі тігуліӨнеге желісі үзілмесе, өнер өрісі де үзілмейді
Сұрақ: Елімізді дүние жүзіне танытқан қандай әнші, өнер адамдарын білесіңдер? /Әміре, Б.Төлегенова, Р.Бағланова, «Ұлытау» тобы, М.Бисенгалиев, т.б./
Ендеше, екі ұлы  -Абай мен Біржан өнер құдіретін түсініп, бір-бірінің қадірін қалай арттырса, біз, кейінгі ұрпақ та өнерді сүйіп, қастерлей білуіміз керек.
«Өнерім –өмірім» тақырыбында бейнеролик көрсету.
VI.Үй тапсырмасы «Өнерім –өмірім» тақырыбына шағын шығарма жазуVII.Оқушыларды бағалау