Ашы? саба?. Та?ырыбы Біржан сал Абай ауылында


Әдебиет 6 «б»- сынып Күні: 13. 12. 2016 ж С. Мирманова
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Абай ауылында « Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді
Сілтеме К. Ісләмжанұлы, С.Тілешова, Б. Әрінова, Р.Баттал Алматы, «Атамұра» 2011ж.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға Мұхтар Әуезовтің өмірі, шығармашылығы, «Біржансал Абай ауылында» әңгімесі, әңгімедегі Абай мен Біржан кейіпкерлері жайлы толықмәлімет бере отырып, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу.
Тәрбиелі: елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Оқуты нәтижесі Жеке және топтық жұмыс арқылы білім алмасып, сөйлеу дағдысын, шығармашылық қабілетін, молайтады
Сабақтың түрі Қайталау
Сабақтың әдіс-тәсілдері түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі Сызба-кесте, үлестірмелі қағаздар
Пәнаралық байланыс: Тарих
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі 2 мин а) оқушылармен амандасып, түгендеу
б) сынып тазалығына назар аудару және оқушылардың назарын жаңа сабаққа аударту Мұғалім оқушылармен сәлемдесіп, оларды түгендейді
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 5 мин -М.Әуезовтің өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.
-«Біржан сал мен Абай» эңгімесінің мазмүнын сұраймын.
-Қосымша сүрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.
Оқушылар «Біржан сал Абай ауылында» әңгімесінің мазмұнын баяндап береді.
Өзектілеу кезеңі 2 мин Не білеміз?1) Мазмұндық жоспар бойынша мазмұндау (баяндау)1) Абай аулының қадірлі, сыйлы қонақтары2) Ән тербеген Абай3) Біржан салған «Жанбота» әні4) Әмірдің орындауындағы «Жиырма бес»5) Біржан шәкірттері6) Әйгерімнің әні7) Ұлжанның Біржанға бата беруі8) Біржанның Абай ауылынан аттанып кетуі2) Өткен сабақпен тақырыптық байланыс  Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын анықтап, дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады
Білу 6 мин Біржан сал Абай ауылында « Абай жолы» роман-эпопеясынан үзіндіден шолу жасау
Жиын бастығы Абай болып қазіргі сәтте мына ауылдың өзге тірлігінен оқшау бөлінген бір топ тәрізді. Осындай ойын-сауық жиынның орта-сында ең қадірлі бір топ қонақ бар. Шет елден келген қонақ. Бұлар—қазір төрдің тап ортасында, жағалай көрпе үстінде, үлкен ақ жастықтарды шынтақтаған сал-серілер. Солардың ішіндегі ең көрнектісі және бар жиынға қадірлі, сүйіктісі—мынау қос ішекті домбыраны безілдетіп отырған орта бойлы, қызғылт жүзді, кең ақ маңдайлы, нұрлы жігіт. Құйқылжыған әніне қалың жиын қыбыр етпей ұйып, мүлгіп отырғанда, кербез әнші өзі де жүзіне бір жылтыр майда рең бітіп, нұрлана құбылады.
Әншінің «Біржан сал» атты осы бір әні өзінің майда қоңыр, сырлы қоңыр сазымен бастала жөнелгенде, өзге көп жұрт ішінде демін тартып, қатып тыңдаған кісінің бірі—Абай.
Ерекше әсері бар күй мен аса ұнаған ән тыңдаған уақытта Абай сол сарын сөзбен қатар, өзге бір дүниені жарыса ойлап кететін. Өмір, қиял суреттерін, уақиға тасқындарын, жаратылыс. құбылыс толқындарын көріп, соған шомып кетеді.
Қазір де, міне, белгілі бір қиялы бар ән, ірі туысты әншіні мынау ортадан бөліп, жарып, аулаққа әкетті. Шырқау алыс қияға экетті. Тұлғасы ерен, кең кеуделі, асқақ үнді әнші сахараның ғажайып бір алыбы боп апты.
Біле жүрген абзал!
Біржанның бізге 40-қа жуық әні жеткен
Біржан Абайдың “Мен көрдім ұзын қайың құлағанын” өлеңіне ән шығарған.
Мұқан Төлебаев “Біржан-Сара” операсын жазған
Түсіну 5 мин Абай мұражайына саяхат.
I топ: Шығармада кездесетін салт-дәстүрлерді табыңыз ж»не олардың мағынасын түсіндіріңіз.
II топ: Шығармадан көнегрген сөздерді теріп жазыңдар.
III топ: Шығармадан эпитеттерді теріп жазыңдар Оқушылар 3 топқа бөлініп абай мұражайына саяхат жасайды.
Қолдану 9 мин Топтастыру стратегиясы.
–         Абай мен Біржанды рухани жақын еткен не нәрсе?
–         Өнердің қандай түрлері бар?
Оқушылар Абай мен Біржанның ұқсас рухани жақтарын сипаттап береді.
Қазақтың өнері жайлы ой-қозғайды.
Сергіту сәті 1 мин «Аңыз-адам»
Ұлы адамдардың өмірінен естеліктер айту.
Оқушылар жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату. Оқушылар ақын өмірінен естеліктер айтады.
Талдау 3 мин «Сыр толғау»
Абай арманы не?
Біржан арманы не?
-«Зымыран сұрақтар» 1. Абайға бала кезінде жеңгелері еркелетіп қойған аты? (Телғара)2. Абай: «Бар, көр. Шын өнерлі, қызықты болса, елге әкел. Жас буын өнер үйренсін, үлгі алсын. Мен де көмекші болармын»,- деп, Біржанға кімді жұмсады?3. «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушы сен болсайшы!» Кімнің сөзі? (Біржан)4. «Өнерпаз болсаң, өр бол! Жалқы бол, жарлы бол, ол –кемшілік емес!» Кімнің сөзі? (Абай)5. «Кісісін бір болыстың біреу сабап,Бар ма еді статьяда көрген жерің?...»- деген жолдар кімнің, қай өлеңінен үзінді? (Біржан «Жанбота»)6. Шығармадағы типтік образды ата. (Абай)7. Әңгімеде қандай қазақы салт-дәстүр көрініс тапқан? (қонақжайлылық, бата беру)8. Әңгімеде Біржанға өз үйінен дәм татқызып, бата беріп, оң сапар тілеген кім? (Ұлжан)9. Біржанның сұрауы бойынша қоштасардағы жастар айтқан ән?(«Жиырма бес»)
Оқушылар 2 топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларға сұрақтар қойылады, жылдам, шапшан жауап берген оқушы бағаланады.
Жинақтау 4 мин - Абай мен Біржан өнері бүгінгі күнге қалай жетті? Оны жеткізген кімдер? Оралбай, ӘмірӘкімқожа, Балбала Үмітей, Керімбала- Біздің мектебімізде өнер насихаттала ма? (Мектептегі өнер үйірмелері туралы әңгімелеу)- Бізге, мына сендерге, өнерлі болуға мүмкіндік бар ма? Оқушыларға өткен тақырыптан сұрақтар қойылады.
Үй тапсырмасы 1 мин Әңгімедегі кейіпкерлерге хат жазу
Оқушылар күнделіктеріне үй жұмысын белгілейді
Оқушылардың білімін бағалау 4 мин Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалайды
Рефлексия кезеңі 2 мин «Жүрекжарды»
Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді қалаған бір әріпті таңдап, содан басталатын сөздер арқылы жылы лебіздеріңізді білдіріңіздер.
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін бірнеше сөзбен сипаттап береді.