?аза? ?дебиеті. А.??нанбаев ?ара с?здеріні? т?рбиелік м?ні. (10 сынып)


Күні: 30.01.16 Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 10 «А»
Сабақтың тақырыбы Абайдың қара сөздерінің тәрбиелік мәні
Сабақтың мақсаты
Ақынның жан-жүрегін тербеткен қазақ халқының өміріндегі алуан құбылыстар туралы әлеуметтік, философиялық ойлар, жағдайлар жөнінде айтып, бүгінгімен тоғыстыру.
Міндеттері • ақын қара сөздерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу. • оқушыларды өз беттерінше әрекет етуге үйрету, өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамыту; • оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, дербестігін, көңілін, еңбексүйгіштігін дамыту;
Сабақ түрі Шығармашылық ізденіс сабағы
Модульдер Сын тұрғысынан ойлау, диалогтік оқыту, бағалау, жас ерекшеліктерін ескере отырып оқыту
Оқыту әдістері Сұрақ-жауап, топтық, шығармашылық жұмыс, талдау, жұптық жұмыстар.
Күтілетін нәтижелер - Оқушылар өзінше ой қорытатын болады
- Шығармашылық жұмыс арқылы таным-түсініктері дамиды.
- Оқушының азаматтық бейнесі қалыптасады
Стратегиялар «FILA» кестесі, «ПОПС» формуласы, «Венн» диаграммасы
Пәнаралық байланыс Тарих, өзін – өзі тану
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
2 минут Тәлім сәті:Әрбір адам? Әрбір сабақ? Әрбір ісің? Әрбір сөзің?
Сыныпты Абайдың қарасөздерінің тақырыптары жағынан топтастырамын.
Туысым, досым, жұрағатҮйрену, ұғу, ұлағатТірлік, тірек, адамдықШындық, бірлік, адалдық
І топ. Ыстық қайрат.
ІІ топ.Нұрлы ақыл.
Қызығушылықты
ояту 3 минут Аудио кітаптан қара сөзді тыңдатамын Оқушылар нешінші сөз екенін табады
Білу
5 минут
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын басшылыққа ала отырып Абайдың қарасөздерінен білетіндіктерін сұраймын.
Оқушылар білетін қарасөздерін үш тілде жеткізеді.
Түсіну
10 минут Тапсырмаларды орындау
«FILA» кестесін қолдану.
Топтарға қара сөздердегі көрікті ойлар, түйін, мәңгілік ел болуға байланысты тұжырым жасауды тапсыру.
Кітаппен жұмыс
Топ мүшелері өздеріне берілген тапсырмаларды оқиды.
І топ.
Берілген 33-сөзінің түйінін тауып оқыңдар.Дәптермен жұмыс.ІІ топ.
Абайдың тек афоризмнен тұратын 37 - сөзін дәптерге түсіру, мағынасын ауызша түсіндіру.Өмірмен байланыс.1. Берілген нақыл сөзді қандай мақал - мәтелмен байланыстыра айта аласың?2. Осы нақылға деген өмірлік көзқарасың қандай?
«Өзің үшін еңбек етсең, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың, адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың».«Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес».«Қайратсыз ашу - тұл, тұрлаусыз ғашық - тұл, шәкіртсіз ғалым – тұл».
Қолдану
10минут Дескриптор құру арқылы оқушыларға қорғаған постерлерін бағалауды тапсырады.
Түсінгендерін постерге салып , ортаға шығып қорғайды.
Оқушылар талап бойынша бағалайды.

Талдау
5 минут «ПОПС формуласы» арқылы ақын қарасөздеріне тұжырым жасайды
«Менің ойымша..»
«Мен оны былай түсіндіремін..»
«Мына фактілермен түсіндіре аламын..»
«Мен мынадай шешімге келдім..» Әр топ қара сөздерді мысалдармен дәлелдейді

Жинақтау
5минут «Венн» диаграммасы.
«Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват»
Абай.
«Біз өзгенің қателігінен,өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана- Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.Ол үшін өзімізді қамшылап алға ұмтылуымыз керек»
Н.Ә.Назарбаев Салыстыра отырып ортақ пікірді табады. Пікірлерін постер қорғау арқылы жеткізеді.

Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ( I топ )
1 ұпай 2 ұпай 3 ұпай Ұпай Жалпы ұпай
Ақпаратты талдай алмады,көзқарасын дәлелдей алмады Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болмады Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болды Топта өз ойын еркін жеткізе алмады, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер көп кездесті. Топта өз ойын еркін жеткізе алса да, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер біраз кездесті Жұмысты қорғауда ойы еркін, сөз,ой қайталаулар болмады, тілі таза, ойы жүйелі болды. Жұмыс дизайны нашар безендірілген, сауаты төмен болды. Жұмыс дизайны жақсы безендірілген, сауаты төмен болды. Жұмыс дизайны жақсы безендірілген әрі сауатты толтырылған.
Топтың аты___________________________________________
Бағалаушы___________________________________________
№ Топ мүшелері: Балл
1 2 3 4 5 Оқушы жұмысын бағалауға арналған критерийлер мен дескрипторлар ( II топ )
1 ұпай 2 ұпай 3 ұпай Ұпай Жалпы ұпай
Ақпаратты талдай алмады,көзқарасын дәлелдей алмады Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болмады Ақпараттарды талдайды, көзқарастары дәлелді болды Топта өз ойын еркін жеткізе алмады, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер көп кездесті. Топта өз ойын еркін жеткізе алса да, сөз,ой қайталаулар, жүйесіз сөйлемдер біраз кездесті Жұмысты қорғауда ойы еркін, сөз,ой қайталаулар болмады, тілі таза, ойы жүйелі болды. Жұмыс дизайны нашар безендірілген, сауаты төмен болды. Жұмыс дизайны жақсы безендірілген, сауаты төмен болды. Жұмыс дизайны жақсы безендірілген әрі сауатты толтырылған. Топтың аты___________________________________________
№ Топ мүшелері: Балл
1 2 3 4 5 Бағалаушы___________________________________________
РЕФЛЕКСИЯ:
 Бұл сабақты өткізер алдында мынадай міндеттер қойдым: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыныш отырып тыңдап немесе көшіріп қана қоймай, олар белсенді әрекеттер атқаруы тиіс. Ол белсенді әрекеттерді орындауда ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесулерді қолданады.
Сабақ кезеңдерінде сыни тұрғыдан ойлауға «FILA» кестесін қолданып, сабақта оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруі, пікір алмасуы «ПОПС формуласы» арқылы диалогпен жүзеге асты. Топтық әдісті қолданғанда, оқушылар бір- бірімен ақылдасады, болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын сыни ойлау арқылы көрсете біледі. 10 «а»-сыныбына біршама әріптестестерім сабаққа қатысып өзінің бұл әдісті қолдануға қызығушылықтары туындады.Сабақта оқушылар өздерін еркін ұстап, ұялы телефон арқылы тың мәліметтер жинады. АКТ-ны тиімді қолданды.
Күтілетін нәтиже: Сабақ барысында «Түрткі сұрақтар», «Жетек сұрақтар» арқылы оқушының белсенді әрекет жасауына көшбасшы ықпал жасады. Қалыптастырушы бағалауды үйренеді, өздерін немесе жұпта, топта бірін-бірі нақты бағалайды. Оқушылар топты және өздерін бағалап отырды.
Мен нені жақсы жасай алдым? Оқушылардың белсенді қатысуы, пікірін нақты ойласып бір тұжырымға келіп сыни ойлауы, бірін-бірі нақты бағалауы өз тәжірибемде жақсы нәтиже бердім деп қорытынды жасаймын. Өйткені, оқушылар өздерінің берген кері байланысында сабақтың ұнағанын, нені біліп, нені білгісі келетінін жеткізді. Өз топтарында барлық оқушының қатысқанын және ғаламтор желісін пайдалануда оқулықпен шектелмей ізденіс жасағанын айтады. Оқушылардың белсенді пікір айтуға сыныпта жақсы ахуал орнату жақсы әсер беретінін, еркін отыру өз ойын айтуға нық қадам екенін жеткізді.





...
ТАҚЫРЫПТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАРТАСЫ Тақырып: «Шәкәрім Құдайбердіұлы» Сабақ түрі: теориялық сабақ Меңгеру деңгейі: танысу Сабақ типі/түрі: жаңа оқу мәліметтерін оқу сабағы / мультимедиа құралдарын қолдану арқылы дәріс өту. Сабақ ұзақтығы: 90 мин. Сабақ мақсатының мотивациясы Өмірі мен шығармашылық ізденістерінің кең ауқымдылығы мен алуан түрлілігі, Абайдың шәкірті және оның дәстүрін жаңа өрістерге бағыттап, дамыта жалғастырушы екені. Тойшыл, оқымысты, философ. Өлеңдері: «Жастарға», «Кел, жастар, бір түрлі жол табайық», «Насихат», «Дүние мен өмір», «Жастық туралы». Мақсаттары: Білімділік: • Жас ұрпақтың бойына ұлы бабамыздың өмір жолы мен шығармаларының тарихи мазмұны мен мағынасы туралы білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: • сөз мәдениеті мен сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзия сөйлеу мәдениетін, шешендік өнерге деген құштарлық, поэзияға деген құмарлықтарын ояту; • ақын өлеңдерін жатқа айту арқылы мәнерлеп оқудың қыр – сырын аша білу. • оқушыларды өз беттерінше әрекет етуге үйрету, өз ойларын бөлісіп, пікірлерін қорғай білу дағдыларын дамыту; • оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін, дербестігін, көңілін, еңбексүйгіштігін дамыту; Тәрбиелік: • оқушылардың білім алып қана қоймай, халқымыздың асыл да, абыройлы қасиеттерін, құндылықтарын бойына сіңіру; • орындаушылық, еңбексүйгіштік сезіміне тәрбиелік жағдай жасау; • жауапкершілік, міндеттілік сезімін арттыру; • адамгершілік, эстетикалық, рухани қасиеттерін арттыру. Пәнаралық байланыс: • Тарих • Қазақ тілі • Ән • География Оқытудың техникалық құралдары: • Аудио-визуалды құралдар; • Компьютерлік құралдар; • Мультимедиалық құралдар. Ақпараттық қамтамасыз ету. Негізгі әдебиеттер: • С.Қирабаев. Қ.Мырзағалиев. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасырдың 2-ші жартысы–ХХ ғасырдың басы. • Қ.Әбдібаев, З.Қабдолов. қазақ әдебиеті (11-сыныпқа арналған оқулық) • С.Мақпырұлы, Т.Сыдықов. Қазақ әдебиеті 1-2 бөлім. • Ұ.Асылов. Хрестоматия. 11-сынып. • Ә.Шәріпов, С.Қирабаев. Хрестоматия 10-сынып • Ұ.Асыл. Қазақ әдебиеті (ХІХ ғасыр) Хрестоматия. • Ұ.Асыл, Т.Жұмажанова. Қазақ әдебиеті Интернет-құралдар және электронды әдебиеттер: • http://adebiet.kz/ • http://tarihi-tulgalar.kz/category/akyndar-zhazushylar.html • http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/ • http://1referat.kz/category/kazak-adebieti • http://www.massagan.com/oleng.php • http://ikitap.kz/kk Әдістемелік қамтамасыз ету: • дәріс конспектісі; • дәрістің мультимедиалық презентациясы; • сұрақтар, карточкалар; • тесттік тапсырмалар; • оқытушыларға арналған әдістемелік нұсқаулықтар. Үй тапсырмасы: • дәріс конспектісін толық меңгеру; • өткен тақырып бойынша сұрақтар құрастыру; • қосымша ақпарат дайындау; • өлең жаттау. • ЖұмажановаТ. «Қазақ әдебиеті» 10 сынып. 169-170 бет тен толықтыру • «Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы» деген тақырыпта шығарма жазу. Дәрістік сабақтың хронологиялық картасы Сабақ кезеңдері Уақыты (90 мин.) Қызметін талдау Қызмет мақсаты Оқытушының Оқушының 1. Ұйымдастыру кезеңі Аудиторияның тазалығын, оқушылардың сыртқы түр-әлпетін тексеру, жоқ балаларды белгілеу. Сабақ барысына дайындық Оқушыларды ұйымшылдыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. 2. Танымдық қызметтің өзектілігі 5 минут. Сабақ тақырыбын жариялау, сабақ мақсатын, негізгі тапсырмалар мен оларды шешу жолдарын жариялау. Сабақы жүру барысымен, тапсырмаларды орындау тәртібімен, бағалау жүйесімен таныстыру. Тыңдау. Дәптерге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын жазу. Алған білімдерін тәжірибеде қолдана алуын мотивациялау. 3. Өткен білім деңгейін анықтау Тапсырма №1 10 минут Қоржынға салынған тапсырмалар көмегімен сұрақтарға жауап беру. Қоржынның ішіндегі сұрақтарды оқу, жауап беру. Өткен білім деңгейін әділ анықтау, қатемен жұмыс. 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 40 минут. Дәріс мәліметтерін тарату. Жаңа тақырыпты мазмұндау /презентация/ Тыңдау. Дәрістің қысқаша мазмұнын дәптерге жазу. Жаңа тақырыпты толық меңгеруді қамтамасыз ету. 5. Жаңа тақырыпты бекіту, алған білімдерін жүйелендіру. Тапсырма № 2 15 минут Ұяшықтардың көмегімен сұрақтарды қою, оқушылардың қызметін белсендіру, қатемен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру. Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс. Тапсырма №3 10 минут Тапсырманы орындау тәртібімен таныстыру. Еске түсіру кестесін толтыру Жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін әділ анықтау, қатемен жұмыс. 6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. 8 минут Топтың және әр оқушының жұмысы толық бағаланады. Белсенді оқушыларды атап өту. Өз жұмыстарын талдайды. Сабақ мақсатының орындалуын бағалау. 7. Үй тапсырмасы. 2 минут. Оқушыларға аудиториядан тыс «Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы» деген тақырыпта шығарма жазу екені туралы айтылады.. Тапсырмаларды орындау бойынша нұсқаулықтар айтылады. ҚОСЫМША 1 ӨТКЕН БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ ОҚУДЫҢ НАҚТЫ МАҚСАТТАРЫНА ЖЕТУГЕ АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ТАПСЫРМА №1 Тапсырманы орындау уақыты – 15 минут.(Қоржын ішінде салынған сұрақтарға жауап беру) Шоқан Уалиханов қай жылы кадет корпусына барады? Философ, саяхатшы, гегроф, этногроф, суретші, ғалым бұл қай жазушы? Ыбырай Алтынсарин орыс-қазақ мектебің қай қалада оқыды? Ыбырай Алтысариннің атасының есімі кім? Абай Құнанбаев қай жерде дүниеге келді? Абай Құнанбаевтың қандай шығармаларың білесіңдер? «Ғылым таппай мақтанба» өленің жатқа айт. Абай Құнанбаев кімнің тәрбиесінде болады? Абай Құнанбаевтың неше қара сөзі бар? Абай Құнанбае қандай орыс жазушылардың шығармасын аударған? ҚОСЫМША №2 ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ, ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ТАПСЫРМА № 2 Тапсырманы орындау уақыты – 15 минут. Түсіндірме сөздік. Ақ жол-таза, адал жол Тұл- бос, бекер Мансап - дәреже, атақ, лауазым. Қауым – бірлескен топ. Ғибрат-үлгі, өнеге Нәпсі - тәбет, өз керегін ойлау. Тапсырма жұмысы 1-тапсырма. Адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді бөліп жаз. Білімді, мақтаншақ, арлы, білімсіз, еңбекқор, мансапқор, айлакер, жалқау, өсекші, шыншыл, өнерлі, өтірікші, жомарт, сараң, қайырымсыз, ата-ананы сыйлайды. Үлгі: Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттері Білімді мақтаншақ арлы білімсіз еңбекқор мансапқор шыншыл айлакер өнерлі жалқау 2-тапсырма. Кітаппен жұмыс. Мәнерлеп оқу. Қазақ әдебиеті хрестоматиясы 166 бет. «Жастар» 3-тапсырма.«Жылдар сөйлейді» әдісі арқылы сұрау. (Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына сүйеніп, тапсырманы орындаңыз). 1961 1931 1930 1905-1906 1868 1858 ҚОСЫМША №3 ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ БЕКІТУ, ҚАТЕМЕН ЖҰМЫС ТАПСЫРМА № 3 «Ұяшықты аш!» ойыны арқылы жаңа сабақты бекіту. 1. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жерде дүниеге келді? 2. Қай жылы әкесі дүиеден өтті? 3. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім? 4. Шәкәрім Құдайбердіұлы қандай орыс жазушылардың шығармаларың аударды? 5. Шәкәрім Құдайбердіұлы неше жасында өмірден өтті? 6. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай ғасырлар аралығында өмір сүрді? 7. Шәкәрім Құдайбердіұлы қай жерде жерленген? 8. 1930 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлыға қандай жала жауып абақтыға жапты. 9. Нешінші жылы Ахат деген баласы әкесінің сүйегін құр құдықтан қазып алып, Жидебайдағы Абай қасында жерледі? «Шәкәрім Құдайбердіұлы» тақырыбы бойынша дәріс материалы Дәріс жоспары 1. Өмірбаяны 2. Шығармашылығы Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Өзі өмір сүрген ортаның қоғамдық-саяси және әлеуметтік сыр-сипаттарын керебілуде, қоғам мен адам табиғатындағы кемшіліктерді зерделеуде, туған халқына түзу жол көрсетуде Құдайбердіұлы Абай бағытын ұстанды. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды. Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Өскен ортасының аса бай дәстүрлері мен Абай ағасының төрбиесі табиғатынан зерек Шәкәрімнің жетімдік көрмей өсуіне ғана емес, оның таланты ақын, парасатты ой иесі болуына да зор ықпал жасады. Шәкәрімнің өзі кейінірек былай деп жазады: «Әкеміздің бір шешесінен туған Ибраһим мырза, қазақ ішінде Абай деп атайды, сол кісі мұсылманша Һәм орысша ғылымға жүйрік Һәм алланың берген ақылы да бүл қазақтан белек дана кісі еді, ержеткен соң сол кісіден тағлым алып, әр түрлі кітаптарыноқып, насихатынтыңдап, азғанағылымның сәулесін сездім». Кезінде арнайы оқу орындарында оқып білім алмаса да, ез бетінше ізденіп және Абай ағасының жетекшілігімен жан сарайын байытқан Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол адамдар өмірін жақсартуға тырысқан ғалымдарды мысалға келтіреді. Олардың кейбіреулері адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оку-біліммен, халықты ағартумен адам өмірі түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен түзеледі десе, біреулері тәрбиемен түзеуге болады деді. Өмірдің өзі — тіршілік таласы. Сондықтан адам өмірін жаратылыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған. Шәкәрімнің өзі бұл идеялардың ешқайсысы адам жаратылысын өзгерте алмайтынына сенімді болды. Өмірбаяны Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар, домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды. Ресми ақталуы 1988 жылы Шәкәрім ақталып, оның өлмес, өшпес мұрасы халқына қайта оралды. Осы жылы ақынның “Жазушы” және “Жалын” баспасынан өлеңдер, ал “Өнер” баспасынан әндер жинақтары жарық көрді. Тап осы жылы қажының 130 жылдығы Абай ауданы, 1998 жылы 140 жылдығы Семей қаласы көлемінде тойланды. Осы жылдар аралығында Семейдегі бір жоғары оқу орнына қажы есімі беріліп, ескерткіші орнатылды, қала орталығындағы үлкен бір даңғыл ақын есімімен аталды. Мұның сыртында қаладағы байырғы бір қазақ мектебі ақын есімін иеленді. Бүгінде осындағы екі бірдей жоғары оқу орнында – Семей педагогика институты мен Шәкәрім атындағы Семей университетінде шәкәрімтану ғылыми-зерттеу орталықтары жұмыс істейді. Сол орталықтардың күшімен “Шәкәрім” және “Шәкәрім әлемі” атты екі бірдей журнал жарық көруде. Шығармалары Құдайбердіұлының қаламынан терең ойлы, сыршыл лирик. өлеңдер, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» сияқты оқиғалы дастандар, «Әділ-Мәрия» романы жөне басқа да прозалық туындылар, аудармалар, тарихқа, философияға қатысты еңбектер, сазды әндер туды. 1911 ж. «Түрік, қырғыз, қазақ Һәм хандар шежіресі», 1912 ж. Семей қаласындағы «Жәрдем» баспасынан «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Жолсыз жаза яки кез болған іс», «Енлік-Кебек», «Үшанық», «Мұсылмандық шарты», «Ләйлі-Мәжнүн» т. б. шығармалары жарық көрді. 1978 жылы Ленинградта шыққан «Поэты Казахстана» деген жинақта Құдайбердіұлының бірқатар өлеңдері орыс тілінде басылды. Үлкен жинағы 1988 ж. «Жалын» баспасынан жарық көрді. Лирикасы Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді. Поэмалары Құдайбердіұлы,- поэма жанрында да жемісті еңбек еткен қаламгер. Ол 19 ғасырдың 2-жартысында Абайдан бастау алатын реалистік үлгідегі оқиғалы дастан дәстүрінің дамуына елеулі үлес қосты. Оның қаламынан қазақтың ертеректегі өмірінен алынып жазылған «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ-Айсұлу» атты поэмалар туындады. Жаңа тұрпатты қазақ поэмаларының алғашқылары Абайдың «Eскендірі» мен «Масғұты» десек, одан кейінгі Ақылбай мен Мағауияның, Әсет пен Көкбайдың, Шәкәрімнің дастандары Ұлы Абайдың ақындық ықпалымен, шығармашылық тәлім-тәрбиесімен жазылған туындылар еді. Абай ең алдымен өзінің айналасындағы Шәкәрім тәрізді жастарды жаңа үлгідегі поэмалық өрісін кеңейту ісіне жұмылдырды. Тіпті кейбіреуіне өз жанынан тақырып беріп, жазғандарын талқыға салып, сынынан еткізіп отырды. Соның нәтижесінде Шәкәрімнің лирикалық поэзияда меңгерген көркемдік шеберлігі мен жетістіктері оның поэмаларының табиғатынан да айқын керініп жатады. Оның дастандарына шыншылдық, суреткерлік, терең психологизм, әлеуметтік астарлылық, философиялық ой-тұжырым кендігі тән болып келеді. Ақынның «Еңлік-Кебек» дастаны тікелей Абайдың тапсыруымен жазылған. Ұлы ұстаз Еңлік пен Кебек арасындағы оқиғаны өлеңмен жырлап шығуды Шәкәрім мен Мағауия ақынға қатар тапсырады. Соның нәтижесінде ғашықтық туралы екі дастан өмірге келеді. Кeзінде Абай екі дастанды салыстырып, әрқайсысына лайықты баға берген. Құдайбердіұлы көркем проза саласында да елеулі мұра қалдырды. «Әділ-Мәрия» атты роман (1925) жазды. Онда ғасыр басында қазақ аулында еткен оқиға баяндалады. Әділ мен Мәрия атты ғашық жастардың өмірі арқау болады. Абай бастаған реалистік әдебиетке тек шыншылдық, суреткерлік қасиет бұл шығарманың бойына мол сіңірілген. Абай өлеңдерінде бейнeлеңетін табиғаттың әсем көркі, ауыл мен дала- ның күнделікті қам-қарекеті романда керкем өрнекпен зерленген. Прозалық шығармалары Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді