?аза? тілі мен ?дебиеті п?ніні? м??алімі, м??алімні? шы?армашылы? есебі


№ 20 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Ажибаева Альбина Мұхтарқызының шығармашылық есебі
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз»,- деген сөзі жай айтыла салған жоқ. Еліміздің болашағы мен көркеюі, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және шығармашылыққа баулу мәселесі туындайды. Онсыз мектептің инновациялық үдеріс сатысынан өтпей дамуы мүмкін емес екеніне көзіміз жетіп отыр. Себебі, мектеп келешек ел басқарар, жер - суына иелік етер,ел- халқын гүлдендірер, мерейін өсірер жасампаз жандарды шыңдар бірегей орта,киелі орын. Қазіргі біздің үлкен мақсатымыз: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс - әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал, еркін және жан - жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Әр баланы жастайынан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, тәжірибелік-сынақтық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру бағытында жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, «Әр оқушыны шығармашылыққа баулу» тақырыптарымен жұмыстанудамын. Осы тұрғыда өз педагогикалық шеберлігімді шыңдап, жетілдіру мақсатында Ақтөбе қаласында Кембридж курсының үшінші деңгей бағдарламасы бойынша оқып, бітіріп шықтым. Бұл курсты бітіргеннен соң, орта және қысқа мерзімді жоспар құрып, өзімнің практикамда қолданып жатырмын.
«Ұстаз еңбегінің таразысы- оқушылардың білімі» деп бекер айтылмаған. Әрбір оқушымен жұмыс жасағанда, неге қызығушылыұтары бар екенін анықтағаннан соң, онымен жұмыс жасауға кірісемін. Менің түсінігімдегі Ұстаз-рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдыамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші.
Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін - өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол тауып кетуі үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлеледі шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет.