Ерте орта ?асырларда?ы мемлекеттер


31.10.2013ж Қазақстан тарихы 7-сынып
Сабақтың тақырыбы Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер
Сілтеме1-Бөлім Ерте орта ғасырлардығы Қазақсан
1-Тарау Ерте Орта ғасырлардағы мемлекеттер
Жалпы мақсатыҚазақ жеріндегі алғашқы ерте ортағасырлық мемлекеттердің құрылуын, халқының этникалық құрамы мен шаруашылығын түсіндіре отырып, мәдениетінің негізінде түрік өркениетінің қалыптасуын көрсету;
Оқушыларды түрік тердің тәуелсіздік жолындағы күресімен таныстыра отырып,өздегінен талдап, қорытынды жасауға дағдыландыру;
Түркілер дәуірі кезеңінен тарихи мәлімет бере отырып,оқушылардың отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Оқу нәтижелеріОқыту үрдісін қалыптастыру,қисынды ойлауды дамыту, танымдық іс-әрекететтер арқылы шығармашылығын дамыта отырып, қызығушылығын арттыру.
Негізгі идеялар Рухани мәдениет арқылы, қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлеуге,тәрбиелеу.
Тапсырмалар 1.Сұрақтарға жауап беру.
2.Топ болып тапсырма орындауы.
3.АКТ пайдаланып, слайд арқылы ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді көрсету.
4.Постермен жұмыс
1-тапсырма
Мақсаты: Ең алғашқы құрылған тайпа туралы мәліметтер бере отырып, сабақтың тақырыбын ашу
Оқушыларды топқа бөлу үшін,партаның үстіндегі түрлі-түсті қағазды әр оқушы өзі келіп топтарымен бірігіп отырады. АКТ-дағы суреттерге назар аудара отырып оқушылардың өздері сабақтың тақырыбын ашады.Осыған байланысты мынадай сұрақтар қойылады:
Сақтардың патшайымы туралы сипаттама беру.
Сақтардың шаруашылығы қандай болды?
Ең алғашқы құрылған тайпалық елден кейінқұрылған,ең алғашқы феодалдық мемлекетті атаңдар?

2-тапсырма
Мақсаты: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы ойларын жеткізу.
(топтық тапсырма)
1.Түрік, батыс түрік, түргеш, оғыз, қарлұқ мемлекеттері туралы АКТ-ны пайдалана отырып слайд жасау арқылы әр мемлекетті түсіндіру
2. Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерді постер арқылы тарихи маңыздылығын ашып көрсету
3. Тарихи сынақ хат,эссе жазу
Жабдықтар:
оқулық 11-13беттер;
А-3 қағаз беттері;
маркерлер

3- тапсырма (5 минут)
Сергіту сәті:патриоттық ән тыңдау арқылы

Үйге тапсырма Оқу,мазмұндау картамен жұмыс
Кері байланыс Оқушылар өздерінің нені білгенін, нені үйренгенін туралы. Стикерлерге жазып тақтаға іледі.
Қорытынды Өздерин өзі критерий арқылы бағалайды.
( қосымша № 1)
Пайдаланған әдебиеттер Қазақстан тарихы 7-сынып
Қазақстан тарихы Ғ.Іргебаев.Алматы 2010 жыл.
Директор оқу ісі-жөніндегі орынбасары: Альпенова.Ж.М.

Тарих пәнінің мұғалім: Буданова Г.А.