Канспект ?аза?стан тарихы п?ні бойынша саба? жоспары ?ылым мен білімні? дамуы (7 сынып)


Сабақтың тақырыбы: Ғылым мен білімнің дамуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Х-ХІІ ғасырлардағы даму себептерін, артына өшпес із қалдырған ғұлама ғалымдармен оқушыларды таныстырып, олардың еңбектерінің тарихи маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін жеткізе білуге, ізденіске дағдыландыру. Рухани байлығын көтеру.
Тәрбиелік: Отанымыздың байлығын қастерлеп, тарихты бағалай білуге, адамгершілікке, кішіпейілділікке, имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Қолданылатын әдістер: Сұрақ- жауап, оқулықпен жұмыс, ауызша әңгіме,топтық жұмыс .
Сабақтың көрнекілігі: Қ.Р картасы, әл- Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауидің портреттері, ребус, тірек- сызбалар.
Пән аралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан дайындау.
Әр елдің сәлем беру салтымен амандасу.
Мысалы: 1. Қазақша сәлем беру салты (қол алысу).
2. Италиандықтардың сәлемдесу дәстүрі (төс қағысу).
3. Зимбабедегі сәлемдесу салты (арқасынан қағу).
ІІ. Сабақтың тақырыбын ребустар шешу арқылы анықтау.
ІІІ. Сабақтың мақсатын анықтау.
ІҮ. Оқушыларды топқа бөлу: 1- топ. «Отырар»
2- топ. «Сайрам»
3- топ. «Түркістан»
Ү. Сабақ жоспарымен таныстыру:
1. Ғылымның дамуы
2. Тіл білімінің дамуы
3. Әдебиет
ҮІ. Мұғалім сөзі: Сабаққа жалпылама шолу жасау.
Х- ХІІ ғасырларда қала мәдениетінің дамуы, Оңтүстік Қазақстанда ислам дінінің қанат жаюы қазақ жерінде ғылым мен білім салаларының дамуына ықпал етіп, Сайрам, Отырар, Түркістан қалаларының біршама гүлдене түсті.
Осы ғасырларда ғылым, білім, әдебиет даму үстінде болды. Ғылым саласына тоқталатын болсақ, Қазақстанда ғылымның дамуына үлесін қосқан, екінші Аристотель атанған - Әбу- Насыр әл - Фараби.Әл- Фарабидің бүгінгі күнде математика, логика, философия ғылымдарына арналған 150- ге жуық еңбегі бар.Тіл білімінің даму ерекшеліктеріне тоқталатын болсақ, Х ғасырға дейін түркі тілдес халықтарының бірнеше қоғамдық, мемлекеттік құрылыстарын бастан кешіруі тілдің дамуына кедергі болды. Ал, бұл ғасырлардағы тіл білімінің дамуына үлесін қоқан ғалымдар: М. Қашқари, Ж. Баласағұн. Кесте арқылы түсіндіру.
Үшінші мәселеге келетін болсақ, жазба әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, көзі тірісінде – ақ «ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы» деген атқа ие болған әйгілі ақын- Ахмет Иүгнекиді айуға болады. «Ақиқат сыйы» атты дастанында халықты инабатты болуға, әділеттілікке, білімді болуға, жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға шақырады.
ҮІІ. Оқулықпен жұмыс. Әр топқа тапсырмалар үлестіру.
Тапсырмасы: Оқулық мәтіні бойынша
1. «Отырар» тобы - Әбу Насыр әл- Фарабидің ғалымдық жолына тірек- сызба жасау;
2. «Түркістан» тобы – Қожа Ахмет Яссауидің әдебиет саласындағы қосқан үлесі бойынша тірек – сызба жасау.
3. «Сайрам» тобы – Ж.Баласағұнның еңбек жолы бойынша тірек – сызба құру.
ҮІІІ. Ақын шығармаларынан үзінді оқып, талдау.
Мәселен: М.Қашқаридің «Диуани луғат ат- түріктен» үзінді оқу.
Ж. Баласағұнның «Құтадғу біліктен» үзіндіні талдау.
А. Иүгнекидің «Ақиқат сыйынан» үзінді оқу.
Оқушыларға мәнерлеп оқытып, ақын шығармаларындағы негізгі айтар ойын анықтау, өз ойларын ортаға салу.
ІХ. Сабақты бекіту. Сәйкестендіру тестін алу.
1
1 Махмұд Қашқари а Диуани хикмет
2 Қожа Ахмет Яссауи ә Ақиқат сыйы
3 Ахмет Иүгнеки б Ғылымдардың шығуы
4 әл- Фараби в Түркі тілдерінің сөздігі
2.
1. Ж.Баласағұн а Қашқар
2. Әл- Фараби ә Сайрам
3 Қожа Ахмет Яссауи б Отырар
4 М.Қашқари в Баласағұн
3.
1 Екінші Аритотелі атанған шығыстың аса көрнекті ғалымы а Махмұд Қашқари
2. Ислам дінінің сопылық бағытын насихаттаушы Йасылық ақын ә әл- Фараби
3 Ахмет Яссауидің шәкірті,ел ішінде Хакім ата атанған ақын б Қожа Ахмет Яссауи
4. Түркі тілдерінің сөздігін жасаған тіл білімінің көрнекті өкілі в Сүлеймен Бақырғани
Х. Сабақты қорытындылау
Тақырыпқа қатысты және қатысты емес сөздерді оқи отырып, ішіне, сыртына кестесін толтыру. Ішіне бағанына сабаққа қатысты сөздер, ал қатысты емес сөздер сыртына бағанына толтырылады.
Ішіне Сыртына
Түркістан,
Түрік тілдерінің сөздігі
Сайрам
Бағдат
Хакім ата
Ақиқат сыйы
ислам
тотем
отқа табыну
мешіт
Сәйкестендіру тесті.
1 Махмұд Қашқари а Диуани хикмет
2 Қожа Ахмет Яссауи ә Ақиқат сыйы
3 Ахмет Иүгнеки б Ғылымдардың шығуы
4 әл- Фараби в Түркі тілдерінің сөздігі
2.
1. Ж.Баласағұн а Қашқар
2. Әл- Фараби ә Сайрам
3 Қожа Ахмет Яссауи б Отырар
4 М.Қашқари в Баласағұн
3.
1 Екінші Аритотелі атанған шығыстың аса көрнекті ғалымы а Махмұд Қашқари
2. Ислам дінінің сопылық бағытын насихаттаушы Йасылық ақын ә әл- Фараби
3 Ахмет Яссауидің шәкірті,ел ішінде Хакім ата атанған ақын б Қожа Ахмет Яссауи
4. Түркі тілдерінің сөздігін жасаған тіл білімінің көрнекті өкілі в Сүлеймен Бақырғани
Бағалану критериилері: 10-12 – «5» 8-9 - «4» 8- ден төмен – «3»