Туынды тарауын ?айталау ?ыс?а мерзімді саба? жоспары 10 класс


5462270-109855 Ильясова Карлыгаш Зарубековна, «Р.Марсеков атындағы орта мектеп» КММ, математика пән мұғалімі
24.02.2016 ж.
-1778069850Сагындықова Сауле Даулетхановна, «Р. Марсеков атындағы орта мектеп» КММ, мектеп психологі
Оқушыларға терең де тиянақты білім беру мұғалімнің басты мақсаты. Қазіргі таңда білім сапасын арттыру әр мұғалімнің нақты жоспарда шығармашылықпен жұмыс жасауы, іздемпаздықпен еңбектене білуінде.Оқытудың әдіс – тәсілдерін сабақта қолдану оқушылардың ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Қай әдісті пайдаланса да, мақсат бағдарламадағы материалдың мазмұнын шәкірт ойына сіңіру. Пән бойынша оқушыларға теориялық білім берумен қатар есептер шығару,топпен жұмыстағы қарым-қатынас арқылы да, ойлау қабілеттерін дамытады және мұғалім әрбір оқушының қабылдау қабілетіне қарай жұмыстың түрін тауып сол тақырыпты игертуді көздейді.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Р. Мәрсеков атындағы орта мектеп» КММ
Күні: Мұғалімдердің аты-жөні: Ильясова Карлыгаш Зарубековна, Сағындықова Сауле Даулетхановна
Сынып: 10 А Оқушылар саны: 16
Сабақ тақырыбы: Туынды тарауын қайталау және
өзара жарасымды қарым қатынас
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары Оқушы: Туындыны табу ережелерін, дәрежелік функцияның туындысын табу формуласын игеріп, оларды есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастырады, туынды ұғымы бойынша білімдерін дамытады
Сабақ мақсаттары 1.Туындының негізгі формулаларын таниды
2. Теориялық білімін практикада қолдана біледі.
3. Өзара сыйласымды қарым-қатынас мәнін ұғындыру.
Жетістік критерийлері Өздерінің жетістіктерін өздері талдап, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастырады
Тілдік мақсаттарТуындыны есептеу ережелерін, күрделі, тригонометриялық функциялардың туындысын, туындының физикалық, геометриялық мағынасы жөнінде алған білімдерін тереңдету
Құндылықтарды дамыту
Жауапкершілік пен өзара сыйластық, үзбей білім алу бүкіл сабақ барысында жүзеге асады, дұрыс әрекет.
Пәнаралық байланыстарМатематика және өзін-өзі тану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта
Бастапқы білім
Туындының формулалары және өзін-тану пәнінен алған білімдерін өмірде пайдалана білу.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Сабақтың басы Оқушыларды түгендеу, көңіл күйлеріне назар аудару «Шаттық шеңбер»: 2мин.
Сабақтың ортасы
Жұппен жұмыс: «Топтастыру» 3мин
Жұптардың топтау, ортақ қасиеті- 5мин
Ой қозғау «Мозаика» құру 2 мин
Сәйкестендіру, формулаларды еске түсіру. 2 мин
Деңгейлік тапсырма. Есептер шығару 10 мин
Сергіту сәті 3 мин
ҰБТ туралы түсінік қалыптастыру, есептер шығарту 10 мин
Аңыз тыңдау 5 мин
Сабақтың соңы Рефлексия «Кубизм әдісі»
Нені білдім, нені үйрендім – тапсырма орындау - 5мин
Нені толық түсінбедім?Немен жұмысты жалғастыру қажет? -кері байланыс
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
Дискриптерлар құру арқылы оқушылардың білімін нақты бағалау.
Әр оқушымен жекелей жұмыс жасау Тапсырма Ж Т
Білемін Туындының негізгі формулаларын білемін Түсінемін Туындының физикалық және геометриялық мағынасын түсінемін Қолданамын Практикада қолдана аламын Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқушылар алған білімдерін тиянақты пайдаланып, практикада қолдана білуі
Жалпы баға:
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: «Топтастыру»
2: Ресурс парақтарымен жұмыс
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1: Алған білімдерін ҰБТ есептерін шешуде пайдалана білуі
2: Екі оқушымен жеке жұмыс жасап формулаларды талдату.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
1,2 балалардын жауапкершілігінің төмендігі; Уақытты тиімді пайдалану