Ашы? саба? Туынды тарауын ?айталау


10-сынып
Сабақтың тақырыбы: «Туынды тарауын қайталау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушылардың «Туынды» тарауы бойынша алған білімдерін одан әрі тереңдету, толықтыру, алған білімдерін жүйелеу, қорытындылау.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық ізденістерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, техникалық құрал, ашық – журнал.
Пәнаралық байланыс: физика
Сабақтың өту барысы:
І бөлім. 1. Ұйымдастыру кезеңі.
2.Сабақтың өту әдісін түсіндіру.
ІІ бөлім. 1.Өткен тақырыптар бойынша формулаларды кім қаншалықты меңгергенін тексеру. А) Туындының анықтамасы; Ә) Дифференциялдау дегеніміз не? Б) Тұрақты функцияның туындысы; В) Туындының физикалық мағынасы; Г) Туындының геометриялық мағынасы; Ғ) Функция графигіне жүргізілген жанама теңдеуін жаз. Д) Қосындының туындысы, көбейтудің туындысы,бөлшектің туындысы неге тең; Е) Күрделі функцияның жалпы түрі, күрделі функцияның туындысын есептеу формуласы; Ж) тригонометриялық функциялардың туындысын табу формулалары
2.Ауызша есептер арқылы бекіту.
Берілген функциялардың туындысын табыңдар:
а) ƒ(х) = х8 - 3х4 – х+5
ә) ƒ(х) =х2 – 3х -2
б) ƒ(х) =2,5х2 + 20
в) ƒ(х) =
г) ƒ(х) =7х5 +
ІІІ бөлім. Деңгейлік тапсырмалар.
І деңгей.
ƒ(х) =(3+2х) (2х-3) болса. Онда ƒ(0,5)-тің мәнін есепте.
ƒ(х) = х2 + болса, онда ƒ(х) = 0 теңдеуін шеш.
ƒ(х) = функциясының х=1,5 нүктесіндегі туындысын топ.
Массасы 3 кг материялық нүкте s(t) = 17 t – 2 t2 + t3 заңы бойынша түзу сызықты қозғалады (уақыт – с-пен, координата – м-мен өлшенеді). t=3 с уақыт мезетінде денеге әрекет ететін күшті табыңдар.
ІІ деңгей.
Функцияның х0 нүктесіндегі туындысын тап.
ƒ(х) =sin х+2х-3, х0=
ƒ(х) =sin4 х – cos4 х, х0=
ƒ(х) =2 + , х0= 2
М0 (-2) нүктесінде у= cos 4х – 1 функциясының графигіне жүргізілген жанаманың теңдеуін жаз.
ІІІ деңгей.
ƒ(х) = (1-2х)2 функциясының графигіне жүргізілген жанама х=1 нүктесінде Ох осінің бағытымен қандай бұрыш жасайды?
а – ның қандай мәнінде у= 3х + а түзуі у-2х2 – 5х+1 функциясының графигіне жанама болады?
Материялық нүктенің х=А sin (0) тербеліс теңдеуі берілген. Осы теңдеуді пайдаланып, тербелістегі дененің кинетикалық энергиясын анықтайтын өрнекті анықта.
ІҮ деңгей.
ƒ(х) = х2 + 4х + 8 және g (х) = х2 + 8х+4 функцияларының графиктеріне жүргізілген ортақ жанаманың теңдеуін жаз.
ІҮ. Бөлім.
Үйге тапсырма: Тарау соңындағы тест тапсырмаларын орындау.
«Талапкер-2016» есептер шығару
Ашық журнал арқылы бағалау.
Қорытынды.