Квадратты? функцияны? графиктерін пайдаланып есептер шешу


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3A бөлім: Квадраттық функцияның графиктеріМектеп:
№43 ЖОББМ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Айдынғалиева А.С
Сынып: 9b Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Квадраттық функцияның графиктерін пайдаланып есептер шешу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) МН9.4 Квадраттық функцияны қолданбалы есептерде пайдаланады;
Сабақ мақсаттары Квадраттық функциялардың графиктері мен олардың қасиеттерін жете меңгерту;
Есептер шығаруда қолдану аясын зерттеу есептерін саралау барысында жетілдіру;
Оқушыларға квадраттық функцияны қолданбалы есептерде дұрыс пайдалануды үйрету.
Жетістік критерийлері - ауызша және жазбаша түрде өз ойын және пікірін жеткізе алады;
- өзгелерден келген ақпаратты тыңдау қабілетін көрсетеді;
- квадраттық функцияларды дұрыс анықтайды;
- қасиеттерін дұрыс анықтайды;
- квадраттық функцияның графигін салады;
- квадраттық функцияның а, b, c коэффициенттері мен координаталық жазықтықта орналасуының арасындағы байланысы жөніндегі деректерді практика жүзінде тексереді;
- квадраттық функция жайында білімін көрсетіп, тест тапсырмаларына жауап береді.
Тілдік мақсаттар
Квадраттық функцияның графиктерін салудың негізгі кезеңдерін, қадамдарын түсініп, ауызша айтып бере алады.
график, квадраттық функция, x-тің екінші дәрежесі мәндерінің кестесі, , x-тің квадраты (дәреже көрсеткіші),бүтін сан, коэффициент, дәреже ең үлкен ортақ бөлгіш, x/y остері, қисық, «тегіс» қисық, U тәріздес, симметриялы, теңдеулерді шешу, график құру/нүктелерді алып тастау, /жақшаларды ашу
Кестені толтыру әрбір нүктені анықтау
Пәнге тән лексика мен терминология:
негізгі терминдік сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту және жаза алу
квадраттық теңдеу-квадраттное уравнение- quadratic equation
квадраттық теңдеудің түбірі- root of quadratic equation
толымсыз квадрат теңдеу- HYPERLINK "http://slovar-vocab.com/english-russian/big-polytechnic-vocab/incomplete-quadratic-4713512.html" incomplete quadratic — неполное квадратное уравнение
теңдеуді шешу- to decide(solve)equation
квадраттық теңдеудің дискриминаты-
discriminant of quadratic equation — дискриминант квадратного уравнения
квадраттық функция- квадратичная функция-quadraticfunction
төбе- вершина-vertex
анықталу облысы- область определения функции-functiondomain
функцияның мәндерінің жиыны- область значений функци-range
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
функцияның анықталу облысы....
функцияның мәндерінің облысы....
квадраттық функция графигі...
парабола тармағы....
парабола төбесі...,
график салу...,
х осінен симметриялы....,
Құндылықтарды дарыту
Оқушылар сыныптастарымен бірлесіп жауап беру, ұқыптылыққа, тәрбиелілікке, алған білімдерін тиянақтай білу, жеке, өз бетімен тест тапсырмаларына жауап бере алу.
Пәнаралық байланыстар Физика, сызу,информатика
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта (презентация)
Бастапқы білім
Квадраттық функция, квадраттық функцияның қасиеттері, олардың графиктерін салу, графиктерді түрлендіру.
Күтілетін нәтижие -Квадраттық функцияның графигін сала алады;
-функция графиктерін сипаттау үшін интерактивті графиктік бағдарламаны қолданады ;
-қорытынды жасай алады, графиктерді тұрғызу үшін ережелерді қалыптастыра алады;
-есептер шығаруда қолдана алады;
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
2 минут
3 минут
2 минут
3 минут
І.Ұйымдастыру:
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау (оқу құралдары, оқушылардың сабаққа қатысуы, сыныптың сабаққа әзірлігі)
ІІ.Өткен материалдарға шолу:
Оқушыларға өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында сұрақтар қою.
1) түрінде берілген функцияның атауы. [Квадраттық]
2) Квадраттық функцияның графигі. [парабола]
3) Математикада бір айнымалы шаманың өзге бір шамаға тәуелділігін өрнектейтін ұғымдардың бірі. [Функция]
4) функциясының графигі. [Парбола осі бойымен бір бірлікке оңға жылжиды]
5) Функцияны нөлге айналдыратын аргументтің мәні. [Нөлдері]
Қайталау мақсатындар экраннан өткен материалдарға шолу жасалады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижені айту.
Квадраттық функцияның графиктерін пайдаланып есептер шешу.
Квадраттық функциялардың графиктері мен олардың қасиеттерін жете меңгеру;
Есептер шығаруда қолдану аясын зерттеу есептерін саралау барысында жетілдіру; Квадраттық функцияны қолданбалы есептерде дұрыс пайдалануды үйрену.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
Ол үшін арнайы теңдеулер қолданылады. Әр бір теңдеуге төрт жауап сәйкес келеді. Оқушылар жауаптарды таңдау арқылы теңдеу бойынша топтарға бөлініледі. Бірінші парталарға үш теңдеу жазылған қағаздар таратылады. Оқушылар мұғалім үстелінен жауаптар жазылған қағаздарды таңдау арқылы топтарына орналасады. Топтарға бөлінгеннен кейін топ бесшылары сайланады. Топ басшыларына тобы туралы мәліметтерді енгізу үшін арнайы қағаздар мен жұлдызшалар үлестіріледі. презентация
Сабақтың ортасы
20 минут
10 минут
Оқушылар топтарға бөлінгеннен кейін экраннан
Квадраттық функцияның төбелері
Графиктер
Жасырын коэффициент
тақырыптарына 20 30 40 50 баллдық сұрақтар беріледі.
Әр команда кезек кезек ұяшықтар таңдап есептер мен сұрақтарға жауап берді. Топ басшылары алдарына берілген қағаздарға ұпайларды есептеп отырады. Ойыншыларға ойлануға бір минут уақыт беріледі. Сұрақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде беріледі.
Топ басшысы ұпайларын есептейді.
Келесі ойын кезеңін ұпай саны көп топ бастайды.
Бұл кезеңде топтар экранда көрсетілген үш ұяшытың бірін таңдау арқылы топпен бірге А3 қағазына есептерді шығарып, тақтаға шығып топ болып есептің шығарылуын қорғайды. Экранда есептің жауабы көрсетіледі. Есепті топ мүшелерімен ақылдасып шығаруға бес минут, қорғауға бир минут уақыт беріледі. Қарсылас топтар есепті 1 – 10 балл аралығында бағалайды. Осылай үш топта есептер шығарады. Презентация
А3 көлемді
қағаз
Сабақтың соңы
10 минут
10минут
Екінші сабақта барлық оқушыларға формативтік бақылау ( тест) жүргізіледі. Тест тапсырмасы он сұрақтан тұрады. Тест орындауға 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін экранға тест кілті шығарылады.Оқушылар көршілерімен алмасу арқылы жауаптардың дұрыстығын тексереді. Егер оқушыдан жауаптың барлығы дұрыс болса, онда топ басшысы сол оқушыға «жеткілікті» деген жұлдызша, ал кемінде бір қате болса, онда « талпынады» деген көпбұрыш береді. Ойын соңында топ басшысы тобындағы жеткіліктілерге 10 баллдан, ал талпынадыларға 5 баллдан беріп, барлық ойын уақытындағы ұпай саны шығарылады. Соңында жеңімпаз команда жарияланады. Тест тапсырмалары бар қағаздар. Стикерлер.
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Қайталау сұрақтарына жеке – жеке жауап беру, топтық жұмыс (оқушылар топпен берілген тапсырмаларды тиянақты, асықпай орындайды, есептерді шығарып, графиктер салады), жеке тест тапсырмаларын орындап, көршілермен алмасып жауаптың дұрыстығын тексереді. Формативті (қалыптастырушы) бағалау оқушыларды бақылау және тест арқылы жүргізіледі. Оқушылар компьютерлермен жұмыс жасамайды. Презентация қарауға парта мен экранның арақашықтығы гигиеналық талаптарға сәйкес орнатылған.
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?