Дара ж?не к?рделі етістіктер


Сабақ: Дара және күрделі етістіктер
Мектеп: «Күршім №3 гимназиясы» КММ
Күні: 28.02.2017. 2-сабақ. 45 минут. Мұғалімнің есімі: Алимжарова А.О.
Сынып: 2 сынып Қатысқандар саны:13. Қатыспағандар:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Жаңа тақырыпты түсіну, дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын білу, күнделікті өмірмен байланыстыру, ойларын анық, түсінікті жеткізе білуге үйрену.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: Жаңа тақырыпты түсінеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын біледі. Етістіктерді қатыстырып сөйлем құрай алады.
Кейбір оқушылар: Дара етістіктерді күрделі етістікке айландыра алады. Қайсысы дара және күрделі екенін дәлелдей алады. Етістіктерді қатыстырып шағын әңгіме құрастыра алады. Тақырыпты күнделікті өмірмен байланыстыра алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар: түсінеді және салыстыра алады.
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Диалог құрай алады. Мәтінмен жұмыс істей алады.
Талқылауға арналған тармақтар: Етістік түрлерін талқылау.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Етістік түрлерін ажырата алу.
Алдыңғы оқу
Өткен сабақта өтілген...
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар
Мұғалімнің іс әрекеті
Сәлемдеседі.
Сыныптың психологиялық ахуалын «Шаттық шеңбері» арқылы көтереді.
Топқа бөледі.
Тапсырмаларды орындатуда және бағалауда бағыт-бағдар береді.
Сергіту сәтін ұйымдастырады.
Суммативті бағалау ұпайларына сай нақты бағаны шығарады. Оқушының іс әрекеті
Ортаға жиналады.
Сәлемдеседі.
Етістіктердің түрлері және қима қағаздар арқылы топтар құрады.
Тапсырмаларды орындайды.
«Бас бармақ», « Бағдаршам» арқылы формативті бағалайды.
Табыс критерийлері арқылы суммативті бағалайды. Басталуы
Сәлемдесу. Тренинг: «Шаттық шеңберін» құрастыру.Оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтады. Мысалы: Бүгінгі сабақта тек 5-тік баға алуыңа тілектеспін...
Сабақтың тақырыбын, мақсатын интербелсенді тақтада көрсету.
Балалар сөйлем құру үшін ең қажетті сөз табы қандай?
Мен ойнаймын, күлемін.
Білегімді түремін.
Ата-анама сүйікті
Көмектесе білемін.
Ажар ән айтып тұр,
Мерей болса билеп жүр,
Асан бала
Ауладағы тәшкеге
Қоқыр-соқыр тиеп тұр.
Тақырып қандай деп ойлайсыңдар? Тақырыпты балалар өздері табады.
Оқулықтың авторын жазасың
Ортасы


Аяқталу

Сабақтың барысы:
1. Таныстырылым арқылы оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру (4 слайд). Оқушылар өздерін реттейді, мұғалімнің көмегімен жаңа тақырыппен танысады. Мысал келтіреді.
1-тапсырма: «Қарлы кесек» стратегиясын қолдану.
1 шеңбер құрады. Бірінші оқушының есімі- Дара, келесі оқушының есімі - Күрделі. Дара және күрделі етістіктерге алдыңғы оқушының айтқанын қайталау арқылы мысалдар келтіріңдер. Ойын біткеннен соң қол шапалақтау.
2-тапсырма: «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын қолдану. Оқушылар етістіктер, есімдіктер, даралар, күрделілер болып 4 топқа бөлінеді. Әр топ интербелсенді тақтада жазылған суреттерді пайдаланып, ауызша шағын әңгіме құрастырыңдар. Әр сөйлемнен етістіктерді тауып, дара және күрделі екендігін ажыратыңдар, дәлелдеңдер. Сонымен қай топта ең көп етістік шыққан екен? Жарайсыңдар, балалар. Қол шапалақтау.
Бас бармақ арқылы топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
3-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 375- жаттығу.
I , III – топтар 1,2,3 сөйлемдерді жазыңдар, етістіктерді тауып, дара және күрделілігін ажыратыңдар.
II IV- топтар 4,5,6 сөйлемдерді жазыңдар, етістіктерді тауып, дара және күрделілігін ажыратыңдар.
4-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 376- жаттығу. Әр топ бір-бір етістікті күрделі етістікке айналдырады.
Бағдаршам арқылы әркім өз жұмыстарын бағалайды.
Сергіту сәті: «Көңілді күн» әні.
5- тапсырма: «Үш қадам» стратегиясын қолданып, жарыс өткізу. Мақсаты: мәреге жету, сыйлыққа ие болу. Үш топтан үш оқушы шығады. Мына сұрақтарға жауап берген бала бір қадам алға жыжи береді:
Дара есімдіктерге үш мысалдан келтіріңдер.
Көп нүктенің орнына етістіктер қойыңдар. Сөйлемдер тақтада жазылған. Барлығы: екі сөйлем. Бір-бірімізді қайталамаймыз.
Күрделі етістік дегеніміз не?
«Үш шапалақ» тәсілі арқылы ойынға шыққан үш баланы қалған балалар бағалайды. (шапалақ 1 рет, 2 рет немесе 3-рет шығу керек.)
6-тапсырма. Оқулықпен жұмыс. 377- жаттығу. Қима қағаздар арқылы (қызыл, жасыл, сары) 3 топқа бөлінеді. Әр топ үш сөзден бөліп, дәлелдейді.
7- тапсырма: « Кім жылдам?» стратегиясын қолданып, «Дара- Күрделі» ойынын өткізу. Бір-бір сөзден мысалдар келтіреді. Шапшаңдық бағаланады.
Табыс критерийлері арқылы өз жұмыстарын бағалайды.
Критерийлер Бағалау
Жаңа тақырыпты түсіндім Дара және күрделі етістіктерді ажырата аламын. Мысалдар келтіре аламын Дараны күрделіге айналдыра аламын Рефлексия
«Бес саусақ» тәсілі арқылы сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін туралы сөйлейді. Стикерлерді таңдап, тақтаға жапсырады.
Саусақ№1- сабақ қызықты өтті (қызыл түсті стикер)
Саусақ№2- өзіме қажетті ақпаратты алдым (жасыл түсті стикер)
Саусақ№3- ойындар ұнады(көк түсті стикер)
Саусақ№2- сергіту сәті ұнады(сары түсті стикер)
Саусақ№2- сабақ мен үшін қиын болды( тоқсары түсті стикер)
Үй тапсырмасы: 379- тапсырма, 137 бет.
Деңгейлі тапсырмалар:
1 деңгей – Дарынды оқушыларға тапсырма: Дара етістіктерді кірістіріп 1 немесе 2 шумақ өлең құрастырып келіңдер.
2 деңгей – Сурет бойынша әңгіме құраңдар.
3 деңгей – 4 сөйлем құраңдар. АКТ
Интербел-
сенді тақта.
Оқулық
Сыйлықтар
Оқулық
Интербел-
сенді тақта

Интербел-сенді тақта
Стикерлер
Қосымша ақпарат
Саралау –Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс
жетті талпынады Топ мүшелері бір-біріне қолдау көрсетеді.
А – Дара етістіктерді кірістіріп, 1 немесе 2 шумақ өлең құрастырады.
Нәтижені саралау. Жаңа тақырыпты түсінді.
Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын білді.
Етістіктерді қатыстырып сөйлем құрай алады.
Дара етістіктерді күрделі етістікке айландыра алды.
Қайсысы дара және күрделі екенін дәлелдей алды. Жаңа тақырыпты түсінді.
Дара және күрделі етістіктердің жасалу жолдарын білді.
Етістіктерді қатыстырып сөйлем құрай алады.
Дара етістіктерді күрделі етістікке айландыра алды. Күнделікті өмірмен байланысты.
АКТ қолданылды.
Топпен жұмыс істеу дағдылары (бір-бірін тыңдау, құрметтеу) қалыптасты.
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Оқыту ортасы қандай болды? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Сабақ мақсаттары нақты, шынайы. Бүгін оқушылар тапсырмаларды шапшаң орындауға үйренді. Отбасы мүшелерін құрметтеу және үнемі көмек көрсету керектігін білді. Сыныптағы ахуал жақсы деңгейде. Уақытымды ұтымды пайдаландым. Мен жоспарыма оқушылардың қалай үйренгенін қадағалау мақсатында бағалаудың «табыс критерийлерін» енгіздім, себебі бұл бағалау мұғалімге де, оқушыға да өте қолайлы және тиімді. Сабақ барысында неге қол жеткізгендіктерін нақты көрсете алады.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды?
«Шаттық шеңбері» мен «Қарлы кесек» әдісі арқылы тапсырма сәтті орындалды.
«Үш қадам» стратегиясы арқылы өткізілген жарыс сәтті болды.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1. АКТ-ны пайдаланғанда уақыт үнемделді.
2. Психологиялық тренинг оқушылардың көңіл-күйін көтерді.
Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?
Сыныпта ынтымақтастық ахуал орнады. Оқушылар белсенділік танытты. Әр түрлі стратегияларды қолдану арқылы және 7 модульді кіріктіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын байқадым.