?аза? тілі п?ні. 2-сынып. Саба? та?ырыбы: Дара ж?не к?рделі етістіктер


Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістіктер
390-394-жаттығулар.
Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің дара және күрделі түрлерін еске түсіру,жинақтау, жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту. 2. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 3. Ұйымшылдыққа, мейірімділікке, кішіпейілдікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі:ертегі желісіндегі сабақ. Сабақтың технологиясы: дамыта оқытуСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, топтастыру.
Сабақ көрнекілігі: мәтіндер, электронды оқулық,слайдтар Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Мақсатымыз-білім алу
Міндетіміз- еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»ке қолды жеткізу
-Оқушылар,сендер ертегі тыңдағыларың келе ме?
-иә-Олай болса,мен сендерге қызықты ертегі айтып берейін.
-Ертеде бір Етістік деген ел болыпты.Табиғаты керемет, тұрғындары мейрімді екен. Бір жылы экологиялық жағдаймен көлдері кеуіп, егіндері өспей қалыпты. Етістік елінде тіршілік ететін жан қалмапты. Бұл елде Етістік деген ата тұрыпты.Етістік ата елін қимай, үйін қимай қалыпты. Қартайған шалдың көздері көрмей қалыпты. Әрі қарай не болғанын білгілерің келе ме?
-Иә-Олай болса, мына тапсырмаларды орындайық.Сөйтіп Етістік атаның көздерінің көруіне көмектесейік.  - Үй тапсырмасын сұрау.
387-жаттығу
Етістік ата ағаштың басында отырып өз балаларын сағынып есіне алып «Сөз тума» құрастырады екен. «Сөз тума» сөз құрастыру
Т І Т К Е С І Т І Ң І Р Л Е Р Ү ТЕТІСТІКТІҢ ТҮРЛЕРІ 
-Шалдың екі ұлы болыпты. Ұлдары өсіп жұмыс іздеп кетіпті.Бармаған жерлері жоқ, аралаған елдері жоқ, балалары өз бетімен өмір сүріпті. -Балалар етістік туралы не білесіндер?
-Етістік нешеге бөлінеді.?
-2
-Жақсы балалар,олай болса,өткен сабағымызды тағы бір пысықтап алайық.
Әрі қарай білу үшін мына тапсырмаларды орындау керек. 
Жаңа сабақ
Күннің жады
Сынып жұмысы
Көркем жазу
Сабақтың мақсаты:
Етістік туралы білімдерін кеңейту. Етістіктің дара және күрделі түрлеріне әртүрлі жаттығулар арқылы тақырыпты бекіту. 2. Танымдық қабілеттерін, қайта жаңғыртып есте сақтау қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту. 390-жаттығуды орындайық.
Сөйлемдерді көшіріп жазып,етістіктерді тап.
Ажар биледі.Әсет сурет салып отыр.Құстар жылы жаққа ұшып кетті.Сәуле ертегі оқыды.
-Содан атай кеуіп қалған көлдің жағасында отырып балаларының бала кезіндегі ойындарын еске алып отырғанда –Әке –деген дауысты естиді. Қараса үлкен ұлы іздеп келеді. Дара етістік әкесін көріп қуанып кетеді. Дара етістік әкесімен Бардым, Келдім деп жылап көріседі.
Электрондық оқулықКім шапшаң?ойыны. 391-жаттығу.
Суреттегі зат атауларын олардың қимылын білдіретін сөздермен айту
______ арсылдайды.______мияулайды._____шырылдайды.Шыбын ______.Әтеш_____.-Өте жақсы. Осылайша келесі күні ойламаған жерден екінші баласы Күрделі етістік әкесінің қал жағдайын білуге келеді. Сыйлыққа бұтақтар әкеліп отырғызады. Ары қарай не болғанын білгілерің келеді ме? Мына тапсырмаларды орындайық.
  Электрондық оқулық392-жаттығу.Орны ауыстырылып берілген сөздермен сөйлем құрап жазу.
Тиін тоғайда болады.Дидар тақтайды сүргіледі.Біз малды суардық.Сергіту сәті Атай балаларымен егін егіп, суарып мәз болады. Сонымен атайдың неше баласы болды? Есімдері қандай? -Етістік еліне қараңдаршы, табиғаты керемет, жайнап кетті не жетіспей тұр?
–құстар Құстарда ұшып келді.Құстардың бізге берген тапсырмасы бар.
Шығармашылық тапсырма.
394-жаттығу
Суретке қарап әңгіме құрастыру.
Мақал –мәтелдер жалғастыр. 1.Отансыздың оты ............. 2.Отан –отбасынан .................3.Еңбек- барлығын ........... 4.Ақыл ........., білім...........  -Етістік ата мәз болды. Балаларына ризашылығын білдірді. Сендерге көмектескендеріне рақмет айтып жатыр.
Қорытынды.Жақсы оқушылар,осы атайға көмектескеніміз сияқты үлкен кісілерден көмегімізді аямайық үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білейік.
Бағалау.
Оқушылардың білім деңгейіне қарай бағалау.
Үйге тапсырма: 393-жаттығу.
Маңғыстау облысы,Бейнеу ауданы,Бейнеу селосы Абай атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қонарбаева Қамқа