Бастауышпен ?оштасу кешіні? жоспары.Бастауышпен ?оштасу кеші.


Тақырыбы: Бастауышым бал-бұлағым.
Оқушылардың бастауыш сыныпта алған білімдерін қорытындылау мақсатындағы сынып сағатында өлеңді дауыс ырғағына салып, мәнерлеп оқуға үйрету, өз Отанына, мектебіне, ата-анасына,ұстазына деген сүйіспеншілігін арттыру көзделді.
Көрнекілік: білім туралы нақыл сөздер, түрлі-түсті шарлар,интерактивты тақта.
Ертеңгіліктің барысы:
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін сіздер 4 сынып оқушыларының «Бастауышым бал-бұлағым!» атты бастауышпен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.Қадамдарыңыз құтты болсын!Төрт жыл бойы білімге жол ашқан менің оқушыларым өздерінің бастауыш сыныбымен қоштасып,жоғары сынып табалдырығын аттағалы отыр. «Талаптарыңызға нұр жаусын» деп, ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер демекпін.
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар,аяулы ата-аналар!Біз бүгін ең алғаш қолымызға қалам ұстатып, әліппені ұсынған сүйікті ұстазымызға рақмет айтуға салтанатпен жиналып отырмыз.Жанымызға білімнің жарық сәулесін сыйлаған мектеп-анаға алғысымызды айтамыз.
1-оқушы:Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар,ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-оқушы:Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,
Түстей болып міне бүгін артта қалды.
Ортаға 4-сынып оқушыларын шақырамыз.
Қоштасу тойын бастайық,
Ән мен биге басайық.
Өнерімізді көрсетіп,
Құрметіне бұл тойдың
Ән мен шашу шашайық.
1-оқушы: «Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, әріптерді үйреткен, бізбен бірге құанып, білім нәрімен сусындатқан екінші ата-анамыз-ұстаз екені баршамызға мәлім.
2-оқушы: «Шөлдеген адамға бір жұтым су беретін адам жұмаққа барады»деген сөз бар. Ал мұғалімнің жеткіншек ұрпаққа берген мол тәлім-тәрбиесі, үлкен жүрегі, мейірімі, уыстап жұтқызған өмір шәрбәті-тіршілік зәмзәмі. Сол себепті де ол туралы «Бұл адал –мұғалім,ұстаз» деп бекер айтпаған.
Ән: «Ұстазым менің, ұстазым»
Бүгін біз сауатымызды ашып,білім негізін қалаған бастауыш сыныбымызбен қоштасқалы отырмыз.
Кеше ғана біздер үшін есігін айқара ашқан мектебімізде біздерге талай қиындықтарды жеңуге көмектескен мектеп басшыларына және жеткіншек ұрпақтарға берген мол білімі мен тәлім-тәрбиесі,үлкен жүректілігі үшін мектебімізге, ұстаздарға мың алғыс айтып,бас иеміз.
1-оқушы:Мектебім алтын ұям,нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып,
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
2-оқушы:Өткіздім мұнда балғын жасымды мен,
Жаныма сіңді сенің асыл киең.
Сарқылмас бастауысың ұлылықтың,
Мектебім, мәңгі саған басымды ием.
3-оқушы:Өзіңсің балауса көктемім,
Мен сенен нәр алдым, көктедім.
Өмірде алғашқы өткелім,Мектебім.
Мектебім,сүйікті мектебім.
Ән: «Мектебім»
4-оқушы: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батырда, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-ұстаздан білім, тәлім алған.
Құрметті ұстаздар,Біз сіздер оқытып жүрген барлық пәнді ардақтаймыз,сөздеріңізді ықылас пен ынта қойып тыңдадық. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.
Енді өзегімізден шыққан алғыс сөздерімізді тыңдаңыздар:
Кемшілікті кезінде,кесіп айтып өзіңе,
Өнеге мол өзінде,өсиет көп өзінде.
Үйретіп өмір ұстазым,үлгі іске нұсқадың.
Ақ көңіл,іскер қашан да, Гүлпамхан менің ұстазым.
****
Тілді білсең ағылшын,мол болады табысың.
Нарық деген жолында, жақындайды алысың.
Гульвирадай апайға ағылшын тілін үйреткен,
Шексіз алғыс айтамыз.
****
Ән айтады жарқын-ақ,
Күніміздей жарқырап.
Шахадаттай апайдың,
Қызық өтер сабағы.
****
Көңілінің хошын-ай,
Көп шәкірттің досындай.
Ақ ниетті, ақ пейіл,
«Дене ағай» осындай.
****
Өсиеті жадымда,
«Өнер,білім ал»деген
Үйретіп ел алдында
Қайрат ағай суретті.
****
Ән: «Ұстазым»
1-оқушы: Сауысқанның тамағы,шоқуменен табылған.
Өнер білім бәрі де,оқуменен табылған.-деп Ыбырай атамыз айтқандай,осы заманда білім артық па,әлде байлық артық па? Қалай ойлайсыңдар?
2-оқушы: Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім.дегенмен байлықта артықтық етпес деген ой жетелейді.Олай болса балалардың пікірін тыңдап көрейік.
1.Білім артық, өйткені ол пайғамбардан қалған мирас. Байлық бақылдардан қалған мұра.
2.Білім артық,өйткені білім сені бағады,ал байлықты сен бағасың.
3.Білімді іздей берсең көбейеді,оны жұмсағаныңмен азаймайды,байлықты жұмсасаң азаяды.
4.Білім артық,оны суық қолдан сақтаудың қажеті жоқ,жиған дүниені ұрылардан күнде қорғау керек.
5.білім артық, өйткені ол жандүниеңді байытады,байлық жандүниеңді шектейді,өзіңді тура жолдан тайдырады.
1-оқушы: Иә,дұрыс айтасыңдар,білімді адам орнымен сөйлейді,мәдениеті артады, байлығы көп адам оған мас болып мақтанады, астамшылық көрсетеді, сондықтан да әрқашан білім артық.
Ән: «Отаным Қазақстан»
1.Шаттық шеңбері(ата-аналар балаларды ортасына алып тілек және армандарыны айтады)
2.Ата-аналарға альбом сыйлау. «Бастауышым бал бұлағым»
3.Ант қабылдау(Оқушылар және ата-аналар)
Ал енді үзіліс біз жасайық.
Тойымызды ойынменен жалғайық.-деп концерттік бағдарламамызға шақырамыз.
(Оқушылар киім ауыстырғанша ата-аналарға интерактивты тақтада төрт жыл бойы өтілген ашық сабақ және ашық тәрбие сағаттардан үзінділер,фотосуреттер көрсету)
Оқушы: Қош бол, сүйікті бастауыш! Қош бол, балғын балалық! Алтын ұя мектебіміз бен ұстаздарға РАҚМЕТ!
Ән: «Әр қашан күн сөнбесін»
Мұғалім: Мектеп табалдырығын имене басып,құаныштан жүрегі лүпілдей соғып,жас бүлдіршіннің ең алғаш кірер есігі- бастауыш мектеп есігі екені даусыз.А әрпін танытудан бастап, төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатар бастауыш сыныптың білім мен тәрбие берудың орны ерекше.Олай болса, құрметті ұстаздар, ата-аналар, ақ жаулықты әжелер, кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкене шәкірттерім бүгін міне, төрт жыл алған білімдерінің арқасында, еліміздің білімді бір азаматтары болып отыр.
Өсті міне бойларың,
Өсті міне ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың-деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.
Құттықтау сөз.