?арапайым математикалы? ??ымдарын ?алыптастыру 1 ден – 20 ?а дейінгі сандар ж?не оларды? та?балануы


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тобы:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 1 – 20 көлемінде санау
Мақсаты:20 - ға дейінгі сандар қатарымен таныстыру, 20 көлемінде реттік санауға үйрету. (тура және кері санау)
Көрнекіліктер:сандар, заттардың суреттері
Билингвальды компонент: сандар - цифры
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Қызығушылықтарын ояту кезеңі -Балалар, қазір бізде математика оқу - іс әрекеті, алдымен шаттық шеңберің құрып, бір бірімізге жақсы сөздер айтайық.
Балалар шаттық шеңберде өлең шумақтарың қимыл қозғалыспен айтады
Оқып білім аламыз
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
Ізденіс және ұйымдастыру кезеңі Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін бекіту
Педагог балаларға 1- ден 10 –ға дейінгі сандар қатарын жетілдіруге арналған тапсырмалар береді:
1. 0 ден 10 –ға дейін тура санау
2. 10 – нан 0 –ге дейін кері санау
3. 1 – ден 10- ға дейін реттік санау
4. 10 – нан 0- ге дейін кері санау. Реттік
5. Келесі санды атау...
6.Алдыңғы санды атау....
7. Сандардың көршілерін атау...
Тақтаға 20 – ға дейінгі сандар қатары ілінген.
Бекіту № 1 тапсырма материалдары негізінде жүргізіледі.
№ 2 тапсырма «Санаңдар» ойыны тақтаға текшелер қойылады да, балалар тақтаға шығып санайды.
Ойын: «Алдымен содан кейін»
№ 2 тапсырманы логикалық есептер орындауымен ұштастыруға болады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 3 тапсырма Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешімен бірге тура және кері тәртіппен санайды.
Алдымен балалар санайды, содан кейін сандар қатарына қалып қойған сандарды жапсырады.
№ 3 тапсырманы балалар өз беттерінше орындайды.
Қорытындылау Дәптерде қандай тапсырмалар орындадық?
Қандай сандармен таныстық?
Не қиын болды?
Қандай тапсырманы орындауға ұнады, жеңіл болды? Балалар сұрақтарға
жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Біледі:20 - ға дейінгі сандар қатарын:
Түсінеді: дұрыс санау:
Қолданады: 20 көлемінде реттік санау. (тура және кері санау)
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тобы:
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: 1 ден – 20 ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы (№1)
Мақсаты:Екінші ондық сандарының оқулуымен және жазылуымен таныстыру,
20 көлемінде реттік және есептік санауды бекіту.
Көрнекіліктер: сандар, заттардың суреттері
Билингвальды компонент: сандар - цифры
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеттері Балалардың іс-әрекеттері
Қызығушылықтарын ояту кезеңі -Балалар, қазір бізде математика оқу - іс әрекеті, алдымен шаттық шеңберің құрып, бір бірімізге жақсы сөздер айтайық.
Балалар шаттық шеңберде өлең шумақтарың қимыл қозғалыспен айтады
Оқып білім аламыз
Біздер зерек баламыз
Математика пәнінде,
Тапқыр, алғыр боламыз.
Ізденіс және ұйымдастыру кезеңі Ауызша жұмыс. Тірек білімдерін бекіту
Педагог балаларға 1- ден 20 –ға дейінгі сандар қатарын меңгеруге арналған тапсырмалар береді:
1. 0 ден 20 –ға дейін тура санау
2. 20 – нан 0 –ге дейін кері санау
3. 1 – ден 20- ға дейін реттік санау
4. 1 – нан 20- ге дейін кері санау.
5. Келесі санды атау...
6.Алдыңғы санды атау....
7. Сандардың көршілерін атау...
Әліппе дәптермен жұмыс
Екінші ондық сандарының ретін пысықтауға №1 тапсырма
№ 2 тапсырманы логикалық есептер орындауымен ұштастыруға болады.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс.
№ 3 тапсырма геометриялық ұғымды бекітуге арнаған
Ойын: «Фигураны тап»
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар тәрбиешімен бірге тура және кері тәртіппен санайды.
Балалар сандарды толық -тырып жазады, жапсырады
№ 3 тапсырманы балалар өз беттерінше орындайды.
Қорытындылау Дәптерде қандай тапсырмалар орындадық?
Қандай сандармен таныстық?
Не қиын болды?
Қандай тапсырманы орындауға ұнады, жеңіл болды? Балалар сұрақтарға
жауап береді
Күтілетін нәтиже:
Біледі:20 көлемінде реттік және есептік санау.
Түсінеді: 20 - ға дейінгі сандар қатарын:
Қолданады: Екінші ондық сандарының оқулуымен және жазылуын қолданады: