Тама? ?німдерін тану мен тама? ?зірлеу технология п?ндері бойынша «Аспазды? ?нер» сайыс ойыны


Тамақ өнімдерін тану мен тамақ әзірлеутехнологиясы бойынша «Аспаздық өнер» сайыс ойыны
Мақсаты: Студенттердің білім деңгейін анықтау, тамақ әзірлеу және өнімдер даярлау технологиясы бойынша білімдерін жүйелеу, білімдерін тереңдету, қиялдай білуге, елестете білуге, еңбектенуге, өз бетінше жұмыс жасап, өзін - өзі тексеруге, тапсырманы шығармашылықты түрде орындауға үйрету. Мамандыққа қызығушылығын арттыру, жеке және топ арасында жұмыс жасай білуге үйрету, қарым - қатынас мәдениетіне, өз күшіне сенімді болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: ойынның слайдтары, экран,
Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, практикалық жұмыс орындау
Формасы: сайысСабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі.Құрметті ұстаздар мен студенттер бүгін тамақ өнімдерін тану мен тамақ әзірлеу технологиясы бойынша «Аспаздық өнер» сайыс ойынына қош келдініздер!
Өз туған күндеріңді естеріңе алыңдаршы, үй іші жарқырап, дәмді күлшелердің иісі аңқып және осы иістен жайлы сезім туып, көңілденесіңдер. Әрине, күлшелер мен бәліштерді дүкеннен де сатып алуға болады. Бірақ осы дәмді тағамдарды әзірлеп үйрену соншалықты қиын емес. Сондай - ақ сендер менің ойымша, көп нәрсені жасай аласыңдар және білесіңдер.Бүгін біз бұған көз жеткізуге тырысамыз. Ал біз мұны білу үшін топ арасындағы жарыс түрінде өткіземіз. Ол үшін сіздерді алфавит бойынша екі топқа бөлінеміз. Аты-жөні аталған студенттер ойын үстеліне отырамыз. 1 топ 2 топ
Адилбеков Мейирхан Рахимжанова Фарида
Акшолакова Аида Сайлау Гүлназ
Ахметов Сұлтан Смағұлов Шыңғыс
Дюсенова Айгерим Тажибеков Аман
Қарыбаев Темірұлан Тогайбаев Адиль
Несіпбай Арайлым Түсіпбай Дайана
Оспанов Казбек Уразбеков Бахтияр
Өміржанова Назеркеш Хажахмет Серікжат
Ойынды бастамас бұрын бірі-бірлерімен келісіп топ жетекшісін таңдап алыңыздар.
Ортаға топ жетекшілерін шақыру және оларға жасырылған қағазды таңдау арқылы топ атауын ұсыну.
Жемістер2. Көкөністер.
Сайысымызға қатысушы ойыншыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Бүгінгі сайыстың әділ-қазыларын сайлау.
II Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін:1. Таныстыру.2. Біліммен шықтық жарысқа: 4 бөлімнен тұрады
1.ЖҰМБАҚТАР
2. АСПАЗДЫҚ ӘЛІППЕСІ
3. ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ
4. ДӘРУМЕНДЕР
3. Жас аспаз (практикалық аспаздық өнері)4. «Біздің тағам» жарнама5. Ойлан тап.6.Мені түсін7. Қорытынды.Ойын ережесі.
Ойын топтар арасында сайыс түрінде өтеді, сайыс тапсырмалары ұпаймен бағаланады. Жеңген топ жинаған ұпай саны бойынша анықталады.Бағалау : дұрыс және толық орындау шешімнің өзіндік ерекшелігі тапсырманы берілген уақытта орындау.
1. Таныстыру. Қас-қағым сәтте балалар сәлемедесіп, бір-бірінді таныстыру керек және ұран айту. Сендердің шығармашылық жақтарынды байқаймыз. Әр топ басшысы топ мүшелерімен таныстырады.
– 5 -10 ұпайға дейінгі санмен бағаланады.
2 . Біліммен шықтық жарысқа - ұпай саны 10нан жоғары Жұмбақтар шешу
1.Қалың киімді ұнатады,Шешіндірсең жылатады. (пияз)
2.Бір қазанның ішінде екі түрлі ас. (жұмыртқа)
3. Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.  (тұз)
4.Алтын алдым жапырақ ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған. (өсімдік майы)
Аспаздық әліппесінен сұрақтар
1. Көкөністердің механикалық-аспаздық өңдеу қандай технологиялық әрекеттерден тұрады? (іріктеу, жуу, тазалау, турау)
2. Күрделі өрнекті формаларға турау түрлері (кеспекшелер, сарымсақша, алмұртша, шар тәрізді, ширатпа)
3. Неге орамжапырақты тұзды суға салады? (өңдеу кезінде ұлулар мен құрттар кездессе, өңделген орамжапырақты аздап тұздалған (1л суға 50-60г. тұз салынған) салқын суға салады да 15-20 мин.ұстайды. Құрттар мен ұлулар судың бетіне қалқып шығады, одан оларды алып тастау оңай, қайтадан орамжапырақты жуады)
4. Кептірілген саңырауқұлақтарды қалай өңдейді?
( К.с.іріктейді, бірнеше рет жуады, 3-4сағ.салқын суға салып жұмсартады, сүзіп, сосын суын төгіп тастайды. Саңыр.-ды алдымен ылғалдап алады, сосын жуады, әйтпесе сынып, ұсақталып кетеді)
«Ұлттық тағам»
Ең дәмді спагетти қай елде дайындалады? (Италияда)
Суши қай елдің тағамы? (Күн батыс елдерінің)
Шипалы, емдік қасиеті жоғары ұлттық сусын қалай аталады.( Қымыз)
Қазақ халқында қайың жұрты күйеу жігітке қандай тағам ұсындады? (төс)
Дәрумендер 1. Көптеген өсімдіктер жемісінің құрамында қандай заттар болады? (пектинді заттар) (Пектинді заттардың әсерінен қантты жемісті қою шырындар қайнатып суытқанда тоңба (холодец) түзейді. Осы қасиеті үшін бұл заттарды мармелад, желе өндірісінде пайдаланады).
2. Бұл дәрумен – орамжапырақта, асқабақта, қалақайда көп болады. Қан ұю процесінде маңызды орын алады. Бұл қандай витамин? (К –филлохинон)
3. А витамині майда жақсы еритін күрделі органикалық қосылыс. Ол жануар текті өнімдерде, кейбір балықтардың (треска, палтус, теңіз алабұғасы) киттің, итбалықтың бауырынан алынатын майларда көбірек болдады. А витамині (ретинол) адам ағзасына қандай қажеттілігі бар нені қаматамасыыз етеді? Денсаулыққа қажеті бар ма?
(көздің дұрыс сақталуын, өсу процесін, тері мен шырышты қабықтардың қалыпты күйде болуын қамтамасыз етеді)
4. В2 витамині (рибофлавин) қандай тағамдардан алынады? Көмекші: бұл витаминнің жетіспеуі балалардың бойының өсуін тежейді ж/е салмағының артуына әкеп соқтырады. (сүт, сүзбе, сыр, жұмыртқа, бауыр, ет болып табылады)
3. «Жас аспаз» практикалық жұмыс. Бағалау: 15- 20 ұпай. (әсемдігіне, тазалыққа, жылдамдыққа)
Екі топтан бір баладан ортаға шығады. Қажетті өнімдерді таңдап алып, еркін тақырыпта өз қиялынан бір дәмтатар н/е салат әзірлейді. Әзірлеу уақыты: 7 мин. Соңында жасалу технологиясын түсіндіреді. Бұл балалар өз тағамдарын әзірлегенше отырған балалармен сайысты жалғастыру, келесі кезеңмен таныстыру
4.«Біздің тағам» жарнама жасау. Жас аспаздың тағамына сәйкес , үстелден дайын суреттерді пайдалана отырып, шағын жарнама жасау. (Сөзбен, әуенмен, қимылмен, келтере отырып).
5. «Ойлан тап» . Үш тілде жауап беру. Ұпай саны -5тен 10ға дейін1.Таза, тазартылған және құрғақ күйінде (повидло, джем, тосап) тәтті тағам ретінде пайдаланылады. Пюре әзірлейді, кондитер бұйымдарды әшекейлейді.(Жеміс-жидектер, фрукты, фрут)
2. Жидек – ұзынша конус пішінді, қою күлгін түсті. Олар бүлдірген жидектеріне қарағанда майда, бірақ өте жағымды ароматқа ие.(құлпынай, клубника, рабсберри)
3. Өте ащы және тәтті түрлері болады. Оларды сорттайды, жуады, ұзынынан екіге бөледі. Тұқымдарын жұмсағымен бірге алып тастап, жуады. Салат үшін сабанша, көже үшін текшеше түрінде турайды (бұрыш, перец---)
4. Құрамында белоктар, майлар, қант минералдық заттар, витаминдер болады. Олар экстрактивтік заттарға бай, сондықтан дәмі тәтті, әрі хош иісті. Жеуге жарамды ж/е жарамсыз түрлері бар. (саңырауқұлақтар, грибы, машроом ).
5. Пішіні бойынша: шар тәрізді, цилиндр тәрізді, ұзынша келген; өлшем бойынша: майда, орташа, ірі; бетінің құрылымы бойынша: тегіс қабықты, торлы, бұдырлы деп ажыратады. (қауын, дыня, мелон)
6. Сары немесе қызыл түсті жуан қабықпен қапталған, ірі шар тәрізді жемістер. Жеміс ішінде қызыл немесе қызғылт түсті, қышқыл-тәтті шырынды жұмсақпен қапталған тұқымдары камераға бөлінген. Шырын алуды қолданады. (анар, гранат, гарнет)
7. Пішіні конус тәрізді, цилиндр, ұршық тәрізді. Аспаздықта ашық интенсивті түс береді, себебі оның құрамында каротин мен қант көп болады, ал жұмсағы нәзік және шырынды болады. (сәбіз, морковь, каррот)
8. Құрамындағы эфир майлары мен гликозидтер өткір дәм береді, тәбетті ашып, тағамның сінімділігін жоғарылатады. Аспаздықта пісіріп, қуырып, консервілеп, кептіріп тағамға салады, дәрі жасалады.(пияз, лук, онион)
9. Олардың калориялығы төмен, дәмдік қасиеті жоғары болғандықтан, балғын түрде де, маринадтау, тұздау үшін де кең қолданылады. Тамаққа жетілмеген түрінде нәзік, тығыз жұмсағы бар, қабығы жасыл. (қияр, огурцы, какамбер)
10. Құрамында жеңіл сіңетін қанттар (глюкоза, фруктоза), ароматты және илек заттар бар. Дәмі жақсы және жоғары құндылыққа, емдік қасиетке ие. Одан шарап дайындауға болады. (жүзім, виноград, райсин)
6. «Мені түсін» ойыны: Бұл кезеңде сайыскерлер аспаздыққа байланысты фонтамимамен іс-қимылмен көрсету керек. Әр бала өз тобына түсіндіреді, егерде топ шеше алмаса, жауапты екінші топ бере алады. Ұпай саны – 1-10га дейін (балық тазалау, оқтау, тортты жеу, банан, пышақ, елек, ожау, сүт, картопты қуыру , орамжапырақ, пияз, жүзім, жұмыртқа, нан, бесбармақ, күріш тазалау, шай ішу, саңырауқұлақ, котлет әзірлеу )7. Қорытынды.Бүгінгі сайысымыздың мәресіне де келіп жеттік. (Ұпай сандары есептеліп, жеңген топ анықталды). Көңіл бөліп келген қонақтарымызға қошемет көрсетіп, рахметімізді білдіреміз. Бүгінгі кешіміз туралы топ жетекшілері өз ойларын білдірсің (не үйрендіңдер, қызықты ма). Балалар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер көрсеттіңдер.Бүгінгі сайысымызда сендер аспаздықты жақсы меңгергендеріңді дәлелдедіңдер. Болашақтарын жарқын болсын, білімдерінді дамыта түсіндер.
Ал қазір кімнің ұпайы көп екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Қорытынды бойынша: Жеңген топ мүшелеріне «К Ө М Е К Ш І АСПАЗ» , ал екінші топқа «ТАЛАПКЕР АСПАЗ» атақпен марапатталады.