«?она?жайлы? — салтымыз!» т?рбие са?аты


Тақырыбы: «Қонақжайлық - салтымыз!» Мақсаты: Қонақжайлық қазақтың әлеуметтік,географиялық, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр екендігін,адамдар арасындағы жылы қатынас, ілтипаттылық отбасы тәрбиесінің басты бір саласы екендігін оқушылардың санасына сіңіру.
.Көрнекілігі: Баспасөз материалдары,мақалдар, суреттер,плакаттар,видеопроектор,слайдтар т.б
Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар қауымы,қымбатты да ардақты ата- ана,
адал дос пен сыныптас жолдастар!
Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін
Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.
Қазақ осы – қарасың ба,ақсың ба,
Қоңырсыңба , жатырқауды білмейтін.
2 – Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, ұстаздар бүгінгі 9 – сыныпта өткелі отырған
«Қонақжайлық - салтымыз!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз мынадай бөлімнен тұрады.
Бөлім. «Халқым - менің қонақжай»
Бөлім. «Қонақ келсе - құт»
III. Бөлім: «Мақал – сөздің мәйегі»
IV Бөлім: «Қонақасы»
Жігіттің қапалысын, азалысын,
Жырменен жұбатпасаң жазалысың
Қонақсыз,той думансыз өткен өмір
Өмірге саналмайды қазақ үшін -деп ақын ағамыз жырлағандай қазақ халқы – қонақжай халық.
Халқымызда құдайым би қылмасаң да би түсетін үй қыл деп тілек тілеген,қазақ үйіне қонақ
келгенді бақыт, мәртебе санаған.
1 – Жүргізуші: Қонақжайлық, яғни қонақ күту имандылық, қайырымдылық, әдептіліктің белгісі.
2 – Жүргізуші: Ата – бабамыздың ежелден келе жатқан салт – дәстүрлерінің бірі – қонақжайлық
Қандай жағдай да «Құдайы қонақпын» деп келген адамды кеудесінен итермей,жылы шыраймен қарсы алып «қолдағы бармен» дегендей сый – құрметін көрсетіп аттандыру әркімнің парызы сияқты болатын.Сол әлі күнге дейін өз мәнін жоғалтпай атадан балаға жалғасып келеді.
Көрініс: «Меймандостық»
Көркем сөз: оқитын Сариева Ақтілек
1 – Жүргізуші: Ал қонақ деген кім өзі? Ол қандай адам? Қонақ дегенде нені түсінеміз.Қане кім жауап береді.
1 – Оқушы: Қонақ болу үшін оның таныс болуы шарт емес,Қонақ ол біріншіден адам.Әрбір жолаушы кез – келген үйінде қонақасын « бөлінбеген еншім»деп талап етуге ерікті болған.
2 – Оқушы: Қартайған шағында Алаша хан бар мал – мүлкін теңдей төрт бөлікке бөліп, үш бөлікті үш баласы – Ұлы,Орта және Кіші жүзге беріп төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қалдырыпты. «Бөлінбеген енші» деген халық жоралғысы осыдан калған.
3 – Оқушы: «Қазақ» қырықтың бірі «Қыдыр» дейді.Бұл қонақта қума,оның шарапаты тиеді, бірінен болмаса екіншісінен құт дариды.Қонақты қуа берсең құт қашады деуі содан.
4 – Оқушы: «Қонақпен еріп құт келеді» деген сенім бойынша қонағын қарсы алған отағасы есігін өзі ашып, алдымен қонағын кіргізген.Ал шығарып саларда үй есігін қонаққа ашқызады себебі: үй иесі есігін өзі ашса, онда қонағын қуғанмен бірдей болып саналады.
Көркем сөз: оқитын Сайлаубаева Айгерім.
Көрініс жүрісі:
Атасы: Балам,қазақ қонақсыз болмайды ғой,үйге мейман келіп қалар шәй- пәйіңді дайындап қоярсың.
Келіні: Жарайды ата! Ата, осы Жалғас қайда кеткен?
Атасы: Жаңа ойнап жүрген.
Е, міне келді ғой!
Қонақтар келеді.
Атасы: Қонағы бар үй қоңырсып тұрады,
Қонағы жоқ үй бозымсып тұрады,- демекші үстімізге сіздер келіп, көңіл- күйіміз көтеріліп, әңгіме-дүкен құрып жетісіп қалатын болдық-ау.Мына балам Айгүл де әлі жас,жаста болса
«Ата қазақ халқы ертеде қонақты қалай күткен,қонақтың неше түрі болады деген сияқты сұраулар береді осы халқымыздың қонақжайлылық деген сөзіне байланысты ой бөліссек деп отырмын қалай қарайсыңдар?
Қонақ: Әрине, Ақылбай ақсақал бәрімізде қазақпыз,халқымыз қонақ күту білігі арқылы сол үйдің тәлім – тәрбиесін,кісілігін білуге болады,-деп жатады ғой олай болса, тәлім- тәрбиені үйренгеннің артықшылығы жоқ шығар.
Атасы: Олай болса,сөзімізге кіріспес бұрын қонақтардан конақ кәде сұрасақ қалай болар екен.
Қонақ: Дұрыс айтасыз ақсақал,төрт ауыз өлең айтпайтын қазақ жоқ шығар дегенмен бірінші
«қонақкәдеден» емес, «ауылдың алтыауызынан» бастасақ дегім келеді...
Атасы: Жөн-жөн балам, ауылдың алтыауызын айтуды немерем Жалғасқа берейін.
Немересі: Олай болса, мен сіздерге Қ.Мырзалиев ағамыздың «Қазақ пен қонақ» өлеңін оқып берейін. Өлең....
Атасы: Рахмет балам, өркенің өссін! Өзі де бір жазғыш ақын екен-ау.Ал қонақтар ендігі кезек өздеріңізде
Қонақ: Ал жарайды «Сүгірдің термесін» орындап берейін.
Жүргізуші: Қазақ – сыншы,халық,қонақ бала отырып,оған ғасырлар бойы беріп тастаған.Біздің ерекшелігіміз – қонақжайлылығымызда.Халқымыз қонақты сұрыптап сипаттап қойған, қонақтың неше түрі болады.
1 – Оқушы: Қонақтың «Арнайы қонақ», «Құдайы қонақ»,»Қыдырма қонақ»,»Қылқыма қонақ»,
деген төрт түрі болады.
2- Оқушы: Арнайы қонағың – алыстан ат терлетіп келген жақын туыс,нағашы-жиен,құда жекжат, сыйласқан дос –жолдастарың,бұл нағыз сыйлы қонағың.
3 – Оқушы:Құдайы қонағың – өзің танымайтын, білмейтін алыс шалғайдан жолаушылап жүріп ат басын тірей қалғанда.Бұл- нағыз сауап қонағың.
4 - Оқушы: Қыдырма қонағың – ерігіп,үй-үйді, ауыл- ауылды кезіп, сөз аңдып,өсек теріп,қымыз ішіп,ет жеп жүрген сандалма қонақ. Бұл нағыз далбаса қонағың.
5 – Оқушы: Қылғима қонағың – Кімнің түтіні түзу ұшса,соның үйін торып, ас піскенде пайда болатын қарны тойған соң басы ауған жаққа лаға беретін көлденең көк атты.
Бұл – нағыз сұғанақ конағың.
1 – Жүргізуші: Ой бәрекелді! Міне қонақтың түрлерін де біліп алдық –Қазақ үшін бәрібір қонақтың аты қонақ!.
2 – Жүргізуші: Қазақтардағы «Қасым ханның қасқа жолы,Есім ханның ескі жолы» дейтін көне заң жарғыларында да, оған дейінгі ережелерінде де қонақ күту мәселесі арнайы қарастырылған,оның тіпті заңдық күшке ие «Құдайы қонақ» деген термині де бар.
Жүргізуші: Мысалы: «Құдайы қонақты» қондырмай жіберген үй айып төлеген, бұл қонақжайлылық дәстүрді берік орнықтыру,оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туған.
Жүргізуші: Өткен ғасырда поляк саяхатшысы әрі зиялылысы Янукеевичтың « Дүние жүзін қазақ жайласа, жер шарын тегін айналып шығар едім» деп риза көңілмен берген бағасынан – ақ халқымыздың қонақжайлылығын айтуға болады.
Ән: «Қазақ осы»
Жүргізуші: Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген.Сондықтан қазақ мәтелі «Асың барда ел таны - беріп жүріп,атың барда жер таны – желіп жүріп» деп, ер азаматқа үйіңде отыра бермей,ел көріп,жер көріп көппен аралас,деп кеңес бергендей сыңай білдіреді.Ал енді қонақ туралы мақал-мәтелдерді тыңдайық.
– оқушы: «Қонақ келсе - құт»
– оқушы: «Сұрап бергенше – ұрып бер»
– оқушы: «Жаман үйдің – қонағы билейді»
– оқушы: «Құтты қонақ келсе – қой егіз табар»
– оқушы: «Сыпайы қонақ сыйыңды жейді – мылжың қонақ миыңды жейді»
– оқушы: «Қонақ қойдан жуас,май берсең де жей береді»
– оқушы: «Қонақ аз отырып, көп сынайды»
– оқушы: «Қелгенше қонақ ұялады, келген соң үй иесі ұялады»
– оқушы: «Қонаққа кел демек бар да,кет демек жоқ»
– оқушы: «Қонағыңнан алтын алма,алғыс ал»
– оқушы: «Асыңа тойғызбасаң да ниетіңе тойғыз»
– оқушы: «Етім болмаса,шәйім бар, тоқты қарын майым бар»
– оқушы: «Қонақ келсе ет пісер,ет піспесе бет пісер»
– оқушы: «Қонақ келсе есікке жүгіріп шық кешікппе»
– оқушы: «Сыйларға асың болмаса да, сипарға тілің болсын»
– оқушы: «Жақсы бала қонаққа үйір»
– оқушы: «Шақырғанға бармасаң, шақыртуға зар боларсың»
– оқушы: «Жолаушыны сусындатпай тұрып,бұйымтайын сұрамайды»
Жүргізуші: Атадан ұл туса игі,ата жолын қуса игі демекші келесі кезекті мақал-мәтел айтысына берейін.Бұл да ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, қымбат қазына.
Айтыс: Шыңғыс пен Хакімзада.
Ән: Төлебаева Арайлым.
Жүргізуші: Қазақ дастарханы ертеден мол әрі тартымды, дастархан жаюдың ертеден келе жатқан бай тарихы, қонақты қарсы алудың ерекше дәстүрлері бар.Қазақтың қанына сіңген,дастарханнан ұлы нәрсе жоқ.Бір дастархан басында отырып дәм алғандар өзара жамандыққа бара алмайды.Үлкен кісілердің үйінен дәм татқан немесе үлкендерді үйіне қонақ еткен болса кейін «Дәмдес болғанбыз», «Қолынан дәм татқанбыз», «Дастарханға батасын берген» - деген сияқты жақсы сөз, мақтаныштар айтылып жатады.Қонаққа сый-сияпат,ерулік,көңіл шәй беру сияқты қазақтың кеңпейілділігінің белгісі.
Ән: «Қазақы дастарханым»
Жүргізуші: Дастарханға қойылатын ет тағамдарының қонақ түріне қарай,сыбаға ретінде мүшелеп тартылуы немесе қуырылып берілуі туралы айтып өтейін.
1 - Оқушы: Дәстүр бойынша ет табаққа салынып,қонақтардың ретіне қарай табақ
тартылады.Табақтың үш түрі бар:
1 – Бас табақ, 2 – Орта табақ, 3 - Кіші табақ. Бұлардың әрқайсысына өздеріне тән сыбағалары салынады..Бас табаққа міндетті түрде бас пен жамбас,қыс айларында қазы-қарта болуы тиіс.
2 – Оқушы: Жастар табағының ең кәделі жілігі – асықты жілік пен төс.Асықты жілікті әдетте күйеудің жолдасы немесе қыздың жеңгесі турайды, күйеу төсті кесуге тиіс.
3 – Оқушы: Қос табақ – құда – құдағиларға тартылатын арнаулы табақ.Мұның да кәделі мүшелері бас табақпен пара-пар.
4 – Оқушы: Сый табақ – Жекжаттық қатынасы болмаса да ерекше сый құрметке лайық адамдарға тартылатын қосалқы табақ.
5 – Оқушы: Бас табақ,қос табақ,сый табақтарға жаурын,тоқпан жілік, сияқты кәдесіз жіліктерді араластыруға болмайды.
Жүргізуші: Сонымен бірге ұлттық сусындардың жасалу жолдары туралы оқушыларымыз баяндамақ.
1 – Оқушы: «Үйірілген сары алтындай сары қымыз,ауруға ем сауға қуат,дәрі қымыз»,дегендей ата-бабамыздың сүйіп ішетін сусыны туралы білетінімді ортаға салайын.Қымыз – биенің ашыған сүті.Қымызды ашытып баптау өте күрделі үрдіс.Қымыз ұлттық тағамның ішіндегі қадірлі сусынның бірі.
2 – Оқушы: Айран – піскен сүтті ұйыту жолымен әзірлейтін тағам.Айран балалардың ішек жолдарының қызметін, ас қорытуды жақсартады.
3 – Оқушы: Шалап шөл қандыру үшін ашыңқыраған айранға су қосып шалап істеп ішеді.
4 – Оқушы: Шұбат –түйе сүтінен әзірленетін ұлттық сусын
5 – Оқушы: Қатық ұйытылған айранды кенепке салып сүзіп,сары суын ажыратып алып тұздап, сорпаға қосатын қоспа тағам.
6 – Оқушы: Құрт сөзінің мағынасы да құрғатылған,кептірілген сүт деген ұғымды білдіреді.Пісіп майы алынған айранды қайнатып,кенеп дорбаға сүзіп алып,тұздап кептіріп сақтайтын тағам түрі.Жасалу тәсіліне қарай құрт сықпа құрт, ақ құрт, қара құрт, майлы құрт т.б болып бөлінеді.
Жүргізуші: Келген қонақты қарсы алу,қонақасы берудің үлкен мәні бар,үй адамдары қонақ күтуге әрдайым дайын отыруы керек.Ол үшін тәжірибелі адамдар үйде ас-дәм қорын жинап отырған.
Жүргізуші: Қонаққа дәмді аспен бірге жылы лебіз де керек, келген кісінің сырт киімін шешкізіп ілу, төрге отырғызу т.б істерді жас балалар атқарған.
Сәйгүлікті құйрық – жалы таралған
Сүйетұғын қазақ осы,қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып,ән салып
Көкпар тартып,қыз қууға жаралған.
1 – Оқушы: Қонақтарға шәй құю үйдің бойжеткендеріне жүктеледі.Дастархан жайып,шай құюға қажетті икемділік пен шеберлікке жастай баулыған бойжеткен шәй құйып отырғанда кесе- шәйнек орынсыз сылдырламауы олардың қонақтарға ұсынылуы әдептілікпен орындалуы керек.
2 – Оқушы: Әдетте,шайға қанған қонақтың болдым,ішпеймін деп берген белгісі түрліше болады.Қонақтардың біреуі кесенің бетін алақанымен жапса, екіншісі кесені төңкереді,үшіншісі бір бүйіріне жантайтып жығып қояды. Жөн жосықты білетін бойжеткен осы жайтты жіті аңғарып, қонақтарына тағы да шай ішкізудің жолын қарастырады.Мұндағы әзіл –оспақ зілсіз күлкі, қонақтарды көңілдендіре түседі.
3 – Оқушы: Қазақ әйелдері қонақ күтуді өздері үшін қатал сын деп түсінген.Қонақ күтуге отбасында сол үйдің қарттарынан бастап,жас балаларына дейін түгел қатысып,өз үлестерін қосуға міндетті.Қонақтың ризашылықпен аттануын,отбасының парызы деп түсінген.
Жүргізуші: Әу, халайық жиылып
«Қонақкәде бер» дедің
«Жоқ десем де өлеңім
Бұл сөзге нанып кетпедің
Ақысы кеткен адамдай
Қол қоюға беттерің.
Отқа қарай сүйрелеп,
Тартуға қонақ ептедің дегендей құрметті қонақтар сіздерден «Қонақкәде» сұрағалы щтырмыз.
Жүргізуші: Баталы құл – арымас
Батасыз құл жарымас,
Батамен ел көгереді,
Жауынмен жер көгереді – дейді дана халқымыз.
Құрметті қонақтар сіздерден дастархан батасын сұраймыз.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар бүгінгі «Қонақжайлылық- салтымыз!» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Көңіл бөліп, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп-көп рахмет!
Қорытынды сөз сынып жетекшіміз Сән апайға беріледі.