Желілілер типіне жалпы сипаттама. ?андауырша — басс?йексіздерді? ?кілі


Бекітемін: ______________ Күні: 03..02.2016ж Сыныбы: 7
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша - бассүйексіздердің
өкілі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша - бассүйексіздердің
өкілі туралы мағұлмат беру
Тәрбиелілік: Оқушыларды желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша -бассүйексіздердің
өкілі туралы білуге тәрбиелеу
Дамытушылық: Оқушылардың желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша
бассүйексіздердің өкілі туралы ой - өрісін дамыту
Сабақтың түрі: Дәстүрлі
Сабақтың көрнекілігі: плакат
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеруII. Үй тапсырмасын тесеру1. Қазіргі кезде буынаяқтылардың қанша түрлері бар?2. Буынаяқтылардың типтерінің неше класы бар?3. Буынаяқты жәндіктердің арғы тегі не?4. Буынаяқты жәндіктерінің буылтық құрттардан айырмашылығы неде?5. Хитин дегеніміз не?III.Жаңа сабақ
Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.ЖелілерЕң кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі– тұйық. Желілердің тип тармағы. Бассүйексіздер Қабықтылар ОмыртқалыларҚандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше «эпи» – сырты, «дерма» – тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік – терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады. 
Асқорыту жүйесі ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады. Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәр шығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.
Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.
Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.
IV. Бекіту
1. Желі қандай қызмет атқарады?
2. Желілілер қандай тип тармағына бөлінеді?
3. Қандауырша қалай көбейеді?
V. Қорытынды
Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ. Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан, олар желілер деп аталған.ЖелілерЕң кішілерінің дене тұрқы 0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар. Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі– тұйық. Желілердің тип тармағы. Бассүйексіздер Қабықтылар ОмыртқалыларҚандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады.
VI.Үйге тапсырма
§50Желілілер типіне жалпы сипаттама. Қандауырша - бассүйексіздердің өкілі
VІІ.Бағалау
Сабақ айтқан оқушыларды бағалау