САуат ашу. Жа?артыл?ан ба?дарлама бойынша. ? ? дыбысы мен ?рпі


Күні: 19.01.2017 ж
Сынып: 1 Ә
Пәні:Сауат ашу Қатысқандар саны: 29
Қатыспағандар саны: 1
Мұғалім: Алпысбаева Асель Қалиқызы
Сабақтың тақырыбы Табиғатқа саяхат. Ә дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.2.2.1 Мәтінде автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін түсіну
1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.
1.1.9.2 Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсіну
1.3.11.1 Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қою.
Сабақтың мақсаттары Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері -Әріпті танып, ажыратып оны дыбыспен сәйкестендіне алады.
-Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолданады.
- Мәтінде автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін түсінеді
- Дыбыстардың мағына ажыратушылық қызметін түсінеді
-Сөйлем бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгілерін қояды.
Тілдік құзыреттілік Ә әрпі мен дыбысы
Алдыңғы білім Табиғатқа саяхат З дыбысы мен әрпі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут (Ұ). Шаттық шеңберіне тұру Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Ал, балалар, енді сабағымызды бастамас бұрын апай ұсынған сурет қиындыларын таңдау арқылы топтарға бөлінейік. Біздің бөлім «Табиғатқа саяхат» бөлімі болғандықтан біз өзіміздің ауылымыздың табиғатын тамашалайық. Топтық жұмыс, яғни қиынды суреттерді жапсыру арқылы біз саяхат кезінде нелерді көргенімізді анықтап білетін боламыз.



Сонымен балалар біз, саяхатымызды жалғастырамыз, келесі аялдама «Әріптер мен дыбыстар әлемі». Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
25 минут
(МК;Ө;Қ). 1- тапсырма: «Танысайық»
-Ә дыбысы және әрпімен таныстыру. (баспа, жазба, үлкен, кіші)
-Ә дыбысының сөз басында ,ортасынды келу үлгілерін көрсету

2- тапсырма: «Сурет сыры»
Сюжетті суретте берілген (ән,сән,дәрі,тәтті) сөздерін тұтастай оқытып, бұл сөздермен буындық-дыбыстық талдау жасату.
- Әтеш сөзіне дыбыстық талдау жасату

3- тапсырма: (МК;Ж;Қ) Оқылым «Кім тез оқиды?» ойыны.

Мәтінді оқыту
-Мәтіндегі негізгі ойды түсініп,автордың кім(не) туралы айтқысы келгенін оқушылардан сұрау.
-Мәтінді хомен,тізбектеп, жеке оқыту.
-Мазмұны бойынша сұрақтар қою
-Мәтіннің мазмұнын айтқызу
-Өздерінің қыс мезгілінде ойнайтын сүйікті ойындары туралы әңгімелету.

4- тапсырма: (МК;Ө;Қ) Жаңылтпашты жаңылмай айтайық

Сергіту сәті:

5-тапсырма: (МК;Ө;Т;Қ). Әріптерден сөз құра. Оларға сәйкес суретті таңда.

Дәрігер,әтеш,Дәурен деген сөз шығады.

Дәптермен жұмыс: Ә әрпі мен ол кездесетін сөздерді қатесіз, әрі көркем жазуын қадағалау.
Әріптер түрі
Сюжетті сурет
Оқулық
Оқулық
Жеке суреттер
Жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
2 минут
«Балмұздақ» таяқшасы арқылы оқушылардың түсіну дәрежесін бағаладым.
Ә ә қандай дыбыс?
Ә дыбысы сөзің қай жерінде кездеседі?
Ә дыбысынан келетін сөз ойла
Сол сөзді қатыстырып сөйлем құра Балмұздақ таяқшасы
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Ә дыбысына қатысты бір буынды сөздерді жаз Бақылау
- Сабақтың мақсатына жеттім бе?
-Оқушылар не үйренді?
-Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?
-Оқушылар арасында диференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?
-Жоспарланған уақытты ұстандым ба?
-Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?
Өзім алдыма қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі оқушыларым толық Әә дыбысы мен әрпін меңгерді.
Оқушылар Ә дыбысы дауыссыз екенін анықтап, ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай алды.
Ынтымақтастық атмосферасы өте тамаша болды, балалар бірауыздан топтық жұмысқа белсенді қатысып, тапсырмаларлың бәрін орындадаы.
Әрине, ұтымды болды.
Жоспарланған уақытты ұстандым, дегенмен бағалауға келгенде уақыт жетпей калды. Алдағы сабақтарда уакытты тиімді пайдалану жағын ескеремін.
Жалпы осы сабағымда мен, стратегияларды көбірек алып койыппын. Келесі жоспарлау кезінде тапсырмаларды неғұрлым балалардың кабілетін есекеріп және саралау кезеңіне де көңіл бөлу керектігін байқадым.
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
-23812546990
Әрқайсысын жеке шығару керек 5-тапсырма әріптерден сөз құрайды Топпен
Дәурен, дәрігер, әтеш
Д ә у р е н
Д ә р і г е р
Ә т е ш