П?ні:?аза? тілі Та?ырыбы:Буын ж?не тасымал 2сынып


Тақырыбы: Буын және тасымал. 14-18 жаттығулар
Мақсаты: 1-сыныпта өткен буын және тасымал туралы алған білімдерін қайталау, пысықтау Сауатты көркем жазуға баулу. Білімділікке тәрбиелеу.
Типі: қайталау.
Көрнекігілі: суреттер, кеспе қағаздар
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік,
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық
ІІ. Мақсат қою кезеңі:Буын және тасымал
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру:13- жаттығу
ІІІ. Білімді тексеру:
1. Көркем жазу . Бб Бб Бб Балық, балық.2. Балапан, от, жұмыс, доп сөздерін буынға бөлу.
2). 14-жаттығу.Алфавит ретімен буынға бөліп жазу. Дауысты дыбысқа аяқталған буындардың астын сызу.
.Ши-е, бүл-дір-ген, өр-мек-ші, бүр-кіт, е-мен, ға-рыш, доп, хат, шар, ит, ән-ші,ки-ік , тас, үй,ұя. (Буынға бөлінбейтін сөздерді анықау, неліктен бөлінбейтінін дәлелдеу)
15- жаттығу (өздік жұмыс. Жатқа жазу, бір буынды сөздерді табу. Көп буынды сөздерді буынға бөлу.)
ІҮ. Бекіту:Жаттығулар орындау. 1) ойын «кім жылдам?» (көп сөздер ойлап,оны тасымалдап жарысу).
2).16- жаттығу. Ауызша ребусты шешу, тасымалдау.
Ү. Үйге тапсырма:
16-жаттығу «Тауық» туралы білетініңді жаз.
Бағалау