Урок по истории на тему «1920-1930 жылдарда?ы ?аза?стан м?дениеті


Сыныбы/11 10 01 2015 ж Ш.Зординов
Сабақ тақырыбы: 1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
Мақсаты:
а. Оқушыларға 20-ғасырдың 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетінің жай-күйі туралы жан-жақты мағлұматтар беру, ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін сұрақтарды анықтау арқылы ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жүргізу.
б. Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным-түсініктерін арттыру.
в. Оқушылардың бойында өз Отанына , халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра  отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақ типі: Жана сабақ
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, әдебиет,
 Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, фотосуреттер, Қазақстанның 20-30 жылдардағы картасы. 
Әдіс-тәсілдер: Топпен жұмыс, шығармашылық, сұрақ-жауап, проблемалық , оқулықпен жұмыс, Т – кестесі, шығу парағы, сүрет талдау.
 
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу, сыныпты топқа бөлу
«Қызығушылықты ояту» тілек айту.
2. Жаңа сабаққа даярлық: жаңа сабақтың мақсатын оқушыларға таныстырып өту.
Жаңа сабақ:  1920 – 1930-жылдардағы Қазақстан мәдениеті
     Жоспар:
I. Ересек адамдардың сауатсыздығын жою. 
II. Халық ағарту ісінің дамуы.
III. Кәсіптік білім берудің жайы.
IV Ғылыми – зерттеу жұмыстарының дамуы.V Әдебиеттің дамуы.VI Қазақ өнерінің гүлденуі.VII Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер. 3 Жаңа сабақ.
Мұғалім жаңа сабақтың негізгі мағынасын ашып көрсетіп(презентация арқылы), оқушыларға төмендегі нұсқауларды береді.
Үш тақырыпшадан топтарға бөліп беру. Сұрақтар беру арқылы
«Мағынаны тану»
1 – топ:
1. XX-ғ б азаматтардың жаппай сауатын ашу үшін қандай іс шаралар жүзеге асты?
2. 20-жылдардың аяқ кезінде әдебиетке келіп қосылған жастар:
3 30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы ілгері басты. Неліктен?
-. Қазақ тіліндегі оқулықтардың жағдайы?
4.     “Қазақтың 1000 әні” еңбегінің авторы?
5. 1925-ж. Парижде өзінің орындаушылық шеберлігімен көзге түскен қазақ әншісі?
6. Сандар сөйлейді: 1926-ж. , 1933-ж. , 1937.,1938-ж.
Қай жылы, қай студия «Амангелді» киносын түсірді. Және алдарыңдағы бұл картинаға сипаттама беріңдер2-топ:
1. 20-ж. басында техникумдар не үшін ашылды?
2. Сандар сөйлейді: 1928-ж, 1931-32ж, 1929, 1930ж.
3. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті қай жылы ашылды?
4. Қазақстандағы ЖОО жағдайы?
5. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы қай жылы құрылды?
6. Қазақстандағы ғылыми зерттеулер мен ғалымдардың еңбегі? мектепке арналған алғашқы оқулық қандай оқулық?
7. Қазақ мектептерін дамытуға үлес қосқан қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері:
8. 30-жылдардың екінші жартысынан бастап халық ағарту жұмысы ілгері басты. Неліктен?
Білім беру жүйесінде балаларға білім беретін мектептер қандай сатылардан тұрды?
Т кестесін құрастырыңдар?
Сүретпен жұмыс
 Бекіту: 
---- Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол » атты Қазақстан халқына Жолдауындағы білім беру ісіне арналған бөліміне қысқаша шолу жасау.
---- «поэзия әлеміне» шолу
7. Қорытынды: «неліктен» мұғалімге сұрақ
Бағалау: Ашық такта. Шығу парағы(оқушыларға өз-өзін бағалау үшін сұрақтар беріледі)
8. Үйге тапсырма беру: 19-параграф пен қосымша деректерді оқу, даталарды жаттау, дәптерге “Т” кестесін орындау.
 Т – кестесі
Мемлекет мәдениеттің дамуына  қандай
көмек көрсетеді, қандай талап қояды?
Мемлекет
      Қолдау көрсетеді                                               Талап етеді
Шығу парағы
Бүгін не үйрендің?
Сабақта ерекше бір әсер алдың ба? айта аласың ба ?
Сіз үшін сабақтың құнды жәйттері қандай болды?
Бүгінгі алған білімің болашақта қажет болады деп ойлайсың ба ?
Өз жұмысыңа көңлің толдыма?
Тақырыпты мәңгі есте сақтау үшін не істер едің?