Т?рбие са?аты Жол ережесін білейік,аман-есен ж?рейік


Сабақтың тақырыбы: «Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»
Сабақтың мақсаты: 
1Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру .
2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің
белгілерімен таныстыру
3.Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол
ережесіне арналған кітаптар.
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі :
Кіріспе :  Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады..
Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Тәрбиеші: Мен сендерге жұмбақтарды жасырам сендер шешулерін қажет:
Жұмбақтар
1.  Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,
Жол тәртібін нұсқаған.                                                    Адам тасып аялайды.
Өміріңді  күзеткен, (Автобус) Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)
 3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
 4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,
Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)
 5.     Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)
 6.     Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
 Тәрбиеші : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.
1.     Неге ?
Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.
2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.
3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .
4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.
 Тақтада мына түстер нені білдіреді айтыңдаршы
Қызыл — Тоқта !
Сары  — Сақтан !
Жасыл — Жол ашық!
1-бала :  Қызыл көзін ашқанда ,
Сынық сүйем  баспа  алға !
2- бала:  Сары  көзін ашқанда ,
Қарап қалма  аспанға !
Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,
Өте  бергін , жасқанба !.
 Ән: Бағдаршам
 Қорытындылау :
Тәрбиеші : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.