Коучинг на тему «СЫН Т?Р?ЫСЫНАН ОЙЛАУ?А ?ЙРЕТУ»


Коучинг сaбaғы туpaлы жaзбaлap
21 ақпан 2014 жыл
Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі
КОУЧИНГ ТAҚЫPЫБЫ: «СЫН ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ»
1-бөлiм: Тaқыpыпты негiздеу
-145415638810Коучингтің мақсаты сын тұрғысынан ойлау арқылы ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерістерінде оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйретудің әдіс-тәсілдерін насихаттау және сабақ үрдісінде пайдаланатын тиімді стратегиялардың меңгеруге әдістемелік көмек беру болды.
Коучингке ұстаздар ұжымы толық қатысты, ал коучингтің жоспарланған кезеңдеріне тікелей қатысуға қағаз қиындыларын сәйкестендіру тәсілін қолдану арқылы төрт топ құрылды.
2-бөлiм: Коучинг сaбaғының сипaттaмaсы және оқытуды бaғaлaу
Коучинг сабағы сын тұрғысынан ойлау стратегиясының сабақ кезеңдерін басшылыққа ала отырып, жоспарланды. Құрылған 4 топтың мүшелеріне топ ережелері нақыланып, ынтымақтастықтағы, бірлескен жұмыс жүргізу қажеттігі ескертілді.
Сабақтың «Қызығушылықты ояту» сатысына 4 топқа парақтан ешқандай құрал қолданбай қолмен өз бейнесін қиып жасау тапсырылды.
3872865147955«Мағынаны ажырату» сатысында:
-381095250 1-тапсырма: «Кубизм» стратегиясымен таныса отырып, ресурс қағаздарын пайдалану арқылы адамның темпераментін анықтады.
2-тапсырма: «Досыма» слайдын көру арқылы «Жуан және жіңішке сұрақтар» даярлап, «Өрмекші торы» стратегиясын пайдаланып бір-біріне сұрақтарын қойды.
-762011684003-тапсырма: «Признаки современного учителя» слайдын пайдалана отырып Э.Бононың «Алты телпек» стратегиясын қолданды. Қатысушылар өздеріне берілген уақыт ішінде нақты мысалдар арқылы «Алты телпек» стратегиясындағы әр телпектің мағынасын аша білді.
«Woman” бейнефильмі және «картоп салу» сергіту сәті ұйымдастырылды. Әріптестер арасында көңіл-күйлері көтеріліп, сергіту сәті жұмыс істеуге қолайлы орта тудыруға бағытталды.
Коучинг қатысушылары өз ойларын, пікірлерін ортаға сала отырып, топқа ұсынылған стратегиялардың тиімді жақтарын көре білді. Оны сабақ үрдісіне пайдалануға ынта білдірді.
-381073025
3-бөлiм: Бaғдapлaмaның идеялapынa қaтысты мұғaлiмдеpдi оқытуды бaғaлaу
Бұл коучинг бapысындa әpiптестеp топқa бөлiне ынтымaқтaстықтa жұмыс жaсaды, топтық жұмысты бaғaлaудa өзapa бaғaлaу және өзiн-өзi бaғaлaуды қолдaнуды, сaбaқтa кеpi бaйлaныс болу кеpектiгiн атап көрсете отырып, «Кері байланыс бутерброды: «Маған ұнады ......, себебі ..... Енді/келесі жолы ..... «бірінші жағымды түсініктеме беріп, кейін құрылымды сын айтып, соңынан тағы да жағымды пікір білдірді.
Қорытындылай келгенде, коучингте сабақ үрдісінде пайдаланылатын стратегиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгеруде ынтымақтастықта жұмыс жасады және әріптестердің алған әсерлері ерекше болды.