?арт?ожа Ж.Аймауытов (4 сынып)


2-сабақ
Әдебиет Уақыты Сынып 4 Мұғалімнің аты-жөні : Г.Н.Ильясова
Сабақтың атауы Қартқожа Ж.Аймауытов
Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Оқулық, жұмыс дәптері, Компьютер, слайдтар, карточкалар, кестелер.
Жалпы мақсаттарЖүсіпбек Аймауытұлының «Қартқожа» романы
Мақсаты«Қартқожа» романының мазмұнына талдау жасай отырып, тақырыбы мен идеясын ашу. Романдағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі кейіп -кердің өзінің дәуіріне сай тип ретінде қалыптасу жолын көрсету, романның көркемдік ерекшелігіне талдау.
Оқыту нәтижесі-көркем шығарманы талдай білуге төселеді, сын тұрғысынан ойлап,өз пікірін қорғауға дағдыланады.
– топпен жұмыс жасауға үйренеді.
– сабақта белсенділігі артады.
– шығармашылық қабілеті танылады.
Оқыту  нәтижесіТопқа бөлу Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
Ынтымақтастық атмосферасы Сәлеметсің бе,Көк АспанСәлеметсің бе,Нұрлы КүнСәлеметсің бе,Жер АнаСәлеметсіз бе,қонақтарСәлеметсіз бе,мұғалімСәлеметсіз бе,жан досымМіне,менің қолым босЖылуыңа жылу қос Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
Білемін Білгім келеді Үйрендім
     
 v  Кестенің «Білемін», «Білгім келеді», «Үйрендім» бөлігін толтыру.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, автормен қысқаша таныстыру. Жүсіпбек Аймауытовтың  өскен  ортасы,ата – анасы, алғашқы  білім алған орындары.
Жүсіпбек Аймауытовтың поэзиялық туындылары.
Прозалық жанрдағы шығармалары.
Қазақ драматургиясының дамытудағы сүбелі үлесі.
Ғылыми еңбектері, аудармалары.
«Қартқожа» романы туралы қысқаша  түсінік беру.
1.Оқиға қай кезеңді суреттейді?
2.Романдағы бала Қартқожаның портретін тауып оқы.
3.Қартқожаның жәбір көріп, әділетіздіктен жапа шеккен кездері болды  ма?  («Ұядағы зорлық » бөліміне талдау жаса.) 4.Қартқожаның білім алу жолындағы әрекеттерін әңгімеле.
5.Әкесі Жұман шаңырағының құт-берекесі болған, көк биесі өлген соң –ақ  бірінен соң бірі қырсық шала береді. «Әкесі төмен қарап: «Қол-аяғымызды  кестің бе?» деп еңкілдеп қоя беріп еді… «таңдайды бір жола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Кімге айтылған? Аллаға ма? Өліп бара жатқан жануарға ма, болысқа ма? Өсіп келе жатқан Қартқожа көз жасын көрсеткісі келмейді, үйді айнала барып жылайды…
(Қартқожаға  мінездеме беру)
6.Қартқожаның ой-өрісінің толысуына Андрейдің қандай әсері болды?
7.«Туған  жер» тарауы.  (Монолог)
8.Уақыт пен заман Қартқожаның өмірі мен тағдырына қандай өзгеріс жасады?
Сергіту сәті Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ. Оқушылар денелерін жатықтырады
Ой толғаныс
1-топ:  Қартқожа бейнесі бойынша тест-интервью
Қартқожаның өзіне тән ерекшелігі (ескерту: астын сызу керек; өзің жауап қосуға болады.)
Қартқожа бейнесі өзіңе ұнады ма, жоқ  па? Неліктен? Қартқожа  бейнесі арқылы өзіңнің болашаққа түйген түйінің.
2-топ:    Шығарманы талдау.
І бөлім.  Шығарма  тақырыбы:
ІІ бөлім. Шығарманың  идеясы:
ІІІ бөлім. Шығармадағы негізгі  кейіпкерлер:
ІV бөлім. Шығармадағы қосалқы кейіпкерлер:
Vбөлім. Шығарма жазылған әдеби бағыт:
VІ бөлім. Шығармада суреттелетін салт дәстүр:
VІІ бөлім. Қолданылған мақал-мәтелдер:
VІІІ бөлім. Басқа тілден енген сөздер:
3-топ: Шығарма құрылысы:
1.Басталуы  2.Байланысуы 3.Дамуы    4.Шиеленісуі    5.Шарықтау шегі    6.Шешімі.
«Менің мақсатым…» (ойтолғау)
«…Әсіресе, өз елі, өз ауылы қандай болды екен? Соларды  көрсем, көмегімді берсем, сонда менің жетілгендігім, жетілгендігімнің пайдасын көргенім.Әйтпесе мен не үшін, кім үшін оқып жүрмін? Өз басымның қамымен кетсем, менің оқығанымнан елге не пайда? » (Қартқожа  пікірін негізге алу)
Үй тапсырмасы «Қартқожа» романын оқу.  Қартқожаға мінездеме жазу.  «Түсініктеме күнделігін» толтыру. Күнделіктеріне жазады
 Бағалау Бағалау парақшаларын тарату Парақшаларды толтырады
Кері байланыс