Открытый урок А??ала бізде ?она?та


«Болашақ» мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 27.01.2016 жыл
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Аққала бізде қонақта»
Мақсаты: Білімділік: Сандарды тура жән кері санауды еске түсіру; Қосу, азайту амалдарын орындату;
Дамытушылық: Есте сақтау, зейін қоя білу, ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту, сөз байлығын молайту;
Тәрбиелік: Балаларға сұрақтарға толық, нақты жауап беруге үйрету; Тапсырманы тиянақты орындауларын қадағалау;
Әдіс – тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, әңгімелесу, сергіту сәті, шаттық шеңбері, сұрақ – жауап,
Блингвалдық компонент: қар – снег;
аққала – снеговик;
Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең Шаттық шеңберіне тұрғызады.
Армысың Арайлы таң!
Армысың Жер ана!
Армысың достарым,
Қайырлы таң, бүгінгі күн! Тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, қимыл – қозғалыстарын жасайды.
Ұйымдастырушылық – ізденушілік кезең Әңгімелесу:
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
Жұмбақ шешу:
Қыста ғана болады.Ұстасаң қолың тоңады
Қызықты сәт:
Есік қағылады, тәрбиеші есікті ашса, аққала кіреді.
Аққала:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар.
-Балалар, аққаланы қандай пішіннен жасаймыз?
-Дұрыс айтасыңдар, дөңгелектен жасаймыз.
-Балалар, аққала сендерге көптеген тапсырмалар алып келіпті, орындаймыз ба?
-Олай болса, аққала алып келген конверттерді ашайын. Сол конверттін ішіндегі тапсырмаларды орындаймыз.
1- тапсырма:
Балаларды тұрғызып, сандарды тура және кері санату.
2 – тапсырма:
Сандардың көрші сандарын атаңдар.
Әр балаға бір – бірден сан айтады, балалар оның көршілерін атаулары керек.
3-тапсырма:
Өлең есептерді шығару.
-Ал, балалар, шаршадыңдар ма?
Сергіту сәті:
Үш аю тұр орманда,
Үш аю тұр орманда.
Кішкентай қонжық мамақай,
Құлағы ұзын балақай.
Шомылуға келеді.
Мамасына ереді,
Әкелері артында.
Қорбаңдаған қалпында.
Бәрі суға шомылып,
Болды бәрі көңілді.
Мамасы да билейді,
Папасы да билейді.
Екеуіне қосылып,
Баласы да билейді.
4 – тапсырма:
Берілген көрнекіліктерден ойдан есептер құрастырып шығару.
5 – тапсырма:
- Әрқайсыларының алдарына берілген есептерді шығарып беріңдер.
-Мен сендерге, қазір есеп айтамын сендер бір – бірден шығып есепті шығарыңдар.
-Балалар, аққала өте қуанышты. Сендер оның әкелген барлық тапсырмаларын орындап бердіңдер. Жарайсыңдар, балалар! -Қыс мезгілі
-Қар жауады,боран соғады, далада аяз болады.
-қар.
Аққаламен амандасады.
-Дөңгелектен.
-Иә.

Балалар сандарды тура және кері санайды.
Балалар сандардың көрші сандарын айтады.
Балалар тәрбиеші айтқан, өлең есепті шығарады.
Тәрбиешіге қосылып сергіту сәтін орындайды.
Көрнекіліктерді қолдана отырып, есептер шығарады.
Берілген есептерді орындап шығарады.
Тақтаға шығып, есептерді есептейді.
Рефлексиялық – коррекциялаушы кезең -Балалар бізге қонаққа кім келді?
-Аққала бізге не әкеліпті?
-Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінде қандай есептер шығардық? Балалардың жауаптары толық тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Сандарды тура және кері санауды; Сандардың көршілерін атауды; Өлең есептерді шығаруды; Ойдан есеп құрастыруды;
Білу керек: Ойдан есеп шығаруда сөйлемді толық айтуды;
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі
Ашық сабақ
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: «Аққала бізде қонақта»
Өткізген: Касымова С.ҚБозанбай ауылы 2015 – 2016 оқу жылы