?аза? тілінен саба? жоспары Азиада (4 сынып)


Сыныбы: 4-сынып
Пәні: қазақ тілі
Cабақтың тақырыбы: Азиада
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Азиада туралы таныстыра түсу, оны қолданыста айта білуге машықтандыру. Лексикалық тақырып бойынша сөздік қор жинап, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
2.Дамытушылық: сауатты оқу және жазу дағдыларын дамыту; сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту, лексикалық тақырып бойынша сөйлей/сөйлесе алу дағдыларын қалыптастыру
3.Тәрбиелік: Отанға, туған жерге, спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелеу, аудару
Көрнекілік: суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дене шынықтыру
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындау
    (оқу құралдарының түгелдігін тексеру).
2.Психологиялық дайындық 
Сұраққа жауап беру
Отан дегеніміз не? Ендеше біздің Отанымыз қай республика? Біздің мемлекеттік тіліміз қай тіл? Мемлекеттік рәміздерді атап айт. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер?
ІІ. Үй жұмысын сұрау.
IIІ.  Жаңа сабақты меңгерту.
Жетелеу сұрақтарын қою.
Тақырыпты жариялау, мақсатымен таныстыру.
Сөздік
астам – свыше жарыстар – соревнования
қатысады – участвуют оңтүстік – южный
1-жаттығу. Сөздікті пайдаланып, мәтінді түсініп оқып, аударыңдар.
Азиада
VII Қысқы Азия Ойындар немесе Азиада 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан арасында Қазақстанның екі қалаларында (Алматы мен Астана) өтті. Жалпы алғанда, 7-қысқы Азия ойындарына Қазақстанда 17-ден астам ел қатысты, жарыстар спорттың 11-түрінен өткізілді және 59-дан астам медаль ойнатылады. Қазақстан спортшылары 32 алтын, 26 күміс, 17 қола, барлығы 70 наградаға ие болды. Тек оңтүстік мегаполистің өзіне 60 мыңнан астам турист келді.
2-жаттығу. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.
Үлгі: 2011 жылы Азиада қай қалаларда өтті?
3-жаттығу. «Азиада» сөзін септеңдер.
Сергіту сәті
4-жаттығу. Қысқы спорт түрлерін атаңдар .
5-жаттығу. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыр.
-
ІV.  Қорытынды. Жаңа білімді түсінуін тексеру.
V. Рефлексия
Біз бүгін не туралы айттық?
Не білдік?
Нені үйрендік?
Бекіту сұрақтары:
2011 жылы нешінші Қысқы Азия ойындары өтті?
Қысқы Азия ойындары қашан өтті?
Азиада 2011 қай қалаларда өтті?
VI. Сабақты бағалау
VII. Үйге тапсырма. Сөздік. Мәтінді әңгімелеу.