Сы??ырла , к?міс ?о?ырау


1-жүргізуші:
 Мектебіне шәкірттер ағылады,
Сана, білім сусаған табылады.
Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,
Ұстазына жеткенше сағынады.
2-жүргізуші: 
Жүректері тұратын лүпіл қағып,
Мұғалімдер оларды күтуде анық.
Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,
Осы шақты аңсайды бүкіл халық.
Армысыздар ардақты ұстаздар,қадірлі қонақтар, аяулы ата-аналар және оқушылар! Бүгін – Білім күні. Бұл күн – әр баланың көкірегіне нұр құйылған, әр ұстаздың жүрегі тебіреніп, көңілі шарықтаған, әр ата – ананың мерейі өсе түскен нағыз қуанышты күн. Ендеше сағынышқа, шаттыққа толы 1-қыркүйек – Білім күні құтты болсын!1-жүргізуші:
Біреулер енші ап өмірден,Аттанбақ болса асып қырБіреулер балғын көңілменАлғашқы қадам басып тұр Сондықтан да назарды, Солар жаққа бұрайық Балдырғандарды базарлы Қарсы алып, қол ұрайық.
1-жүргізуші:
 1 «А» сыныбын білім әлеміне апаратын ұстаз бірнеше облыстық , аудандық байқаулардың жәнеде облыстық «Үздік мұғалім» байқау марафонының жеңімпазы –Әжіғұлова Салтанат
2-жүргізуші: 
1 «Б» сыныбын  білім әлеміне апаратын ұстаз облыстық «Үздік мұғалім» байқау марафонының жеңімпазы және да облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасының иегері – Қожина Қапиға
1-жүргізуші: Бүлдіршіндер ертеңгі ел мамандары,
Құтты болсын алғашқы қадамдары!
2-жүргізуші: Құтты болсын басталған оқу жылы,
Құтты болсын, болашақ баспалдағы!
Сап түзел, салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Туы енгізілсін.
1-жүргізуші: 
Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Керей мен Жәнібек хандар Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 550 жыл. Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен Ұлы Жеңіске 70 жыл. Туған еліміздің тарихының ажырамас бөлігі, қазақтың кең байтақ еліне береке берген еліміздің асыл қазынасы болған тәуелсіздіктің тірегі – Ата заңға – 20 жыл. Татулық, бірлік, келісімді - ұранды ту етіп келе жатқан «Қазақстан халқы Ассамблясының» құрылғанына 20 жыл.
Мереке мерекеге ұлассын!
Ән : Сақтапбергенов Нұржанның орындауында «Алға, Қазақстан!»
1 - Жүргізуші:Мектеп деген білім күні, жыр күніМектеп деген ғылымның ең үлкеніМектеп деген тәрбиеші адамғаМектеп деген даналардың мекені
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Мұқанова Шолпан Байғазықызына беріледі.
2 - жүргізуші:
Құттықтау сөз кезегі қала әкімі Джуманов Сұлтан Ерімбетұлына беріледі.
Келесі құттықтау сөз аудандық әдістемелік құрылымдық бөлімше меңгерушісі Оспанова Әлия Оспанқызына беріледі.
1 - Жүргізуші:
Ата - ана тәрбиелеп балапанынӘлдилеп, аялаған алақанынБолашақта бақ тілеп тұрасыңдарОйлауменен алдағы бала қамын деп
Ата - аналар атынан тілек сөз Төреғұлова Гүлнар апайға беріледі.
2 - жүргізуші:
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,Құшақ жая төл мерекең қарсы алды.Қуанышпен жарқын тілек білдіріп,Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.
Келесі кезекті 1-сынып бүлдіршіндерінің лебізіне берелік.
1- жүргізуші:
Биылдан бастап республикамыздың барлық мектептерінде Елбасының атынан «Менің Отаным - Қазақстан!» кітабы сыйға таратылатын болады. Осынау кітаптың өсіп келе жатқан жаңа толқын жастарға берері көп. Бүлдіршіндердің патриоттық сезімдерін ұштайтын және жастайынан отансүйгіштікке баулитын жинақты табыстау рәсімі қала әкімі Джуманов Сұлтан Ерімбетұлына тапсырылады.
2 - жүргізуші:
Қоңырау сыңғырла, асығаҮн қосқан қиядан асуғаБілім ал, еңбек ет жас ұланӨрле сен биiк шың басына.Қоңырау үні сыңғырлап,Естілді жылы жанымаКүлкідей әсем сылдырлапБөбекті жиды маңына
Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы Жолдасов Ақниет пен 1 сынып оқушылары Өтеулиева Гауһар мен Мусағалиев Нұрсәтке тапсырылады.
1- жүргізуші:
Соғылсын қоңырау, соғылсын,Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.Толқыған жүректер тоғысынТолтырып бір арна, бір жырға.Шаттықтың үніндей мәңгілікСоғылсын қоңырау, соғылсын,Қуаныш әніндей жаңғырыпЖүректер ақ нұрға соғылсын.
2- жүргізуші:
Сап түзел, салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Туы шығарылсын.
Жаңа  2015 -2016 оқу жылы толағай табыс, жетістіктер әкелсін! Қоңырау сыңғырымен кең байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жаңа оқу жылы басталды. Олай болса,егемен еліміздің Көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!