Открытый урок по казахскому языку Жыл мезгілдері


 күні: сынып: 3 «А»
Сабақтың тақырыбы:«Жыл мезгілдері»    
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жыл мезгілдері тақырыбын аша отырып, сурет салу
шеберліктерін анықтау.
Дамытушылық: Жылдың әр мезгіліндегі табиғатты  көз алдына елестете
отырып сурет салу арқылы шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,
табиғатты қорғауға үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: Жыл мегілдері  слайд арқылы көрсетіледі.
суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, топтық жұмыс, тақырыпқа сурет салу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері.   Мейірімді жүрекпен,
                                    Ақпейілді тілекпен,
                                    Амандасып алайық,
                                    Бір жадырап қалайық!
а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
ә) Сабаққа назарын аудару;
б)Топқа бөлу, топ басшысын сайлау;
II. Жаңа сабақ:Оқушыларға төрт жетондарды қойып, өздеріне алдырамын. Сол арқылы оқушыларды 4 топқа бөлемін. Төрт топқа бөлінгеннен кейін топқа жұмбақ шешу арқылы ат береміз. (Интерактивті тақта арқылы).
 Грамматикалық кезеңі: Тәуелдік жалғау.
1. Қаһарлы, күшті, алып,
Жел сорып, қар қарып.
Жер кетті ұйқыға,
Ақ көрпе қымтанып.
Бұл қай мезгіл?                         (Қыс) 
2. Зеңгір көк – көкпеңбек,
Жып – жылы ескен леп,
Күн қызса, сөз кетіп,
Дүр етіп, көктер көк...
Бұл қай мезгіл?            (Көктем.)
  3.  Жапырақ селкеулеу,
      Ауа желкемдеу,
      Түн ұзақтау,
      Күн келтелеу.
      Бұл қай мезгіл?                (Күз)
 4.  Жер - жып – жылы ,
     Қып – қызыл қыр гүлі.
     Бау – жап- жасыл
     Сайраған бұлбұлы!
       Бұл қай мезгіл?                     (Жаз)
Оқушылар шешеді. Алдарына топ атын сурет бойынша беремін.
 «Қыс». «Көктем».  «Жаз». «Күз».
IIІ. Сұрақ - жауап. «Ойлан тап». 
Балалар біз төрт топқа бөліндік. Енді топ бойынша жұмыс жасаймыз. Алда талай қызықты кезеңдер бар. Сол кезеңдерге бірге жауап беріп, ұжымдаса жұмыс жасаймыз.
«Ойлан тап » сұраққа жауап береміз. Яғни біз жыл мезгілдеріне байланысты сұрақтарға  жауап береміз. Әр дұрыс жауапқа бір ЖЕТОН беріледі. Қай оқушы көп ЖЕТОН жинайды екен?
Егінді қай мегілде жинайды? (күз)
Наурыз тойын тойлайтын мезгіл. (көктем)
Алғашқы қоңырау қай кезде соғылады?  (күз)
Суға шомылып, күнге қыздырынатын мезгіл. (жаз)
Шаңғы, шана тебетін мезгіл. (қыс )Қауын, қарбыз пісетін мезгіл.  (жаз)
Қар еріп, күн жылынатын мезгіл. (көктем)
Қар қай кезде жауады?  (қыс)
Сергіту сәті.
IV.Топтық шығармашылық  жұмыс.  «Біз өнерлі баламыз».
Оқушылар, біз бір-біріміздің білімділігімізді тексердік. Енді қазір осы білімімізді сурет салу шеберлігіміз арқылы әрі қарай жалғастырайық. Ол үшін мен сендерге (әр топқа) сурет салуға уақыт беремін.
Қыс тобы – аққаланың суретін салады.
Көктем тобы –  бәйшешектің суретін бейнелейді.
Жаз тобы – көбелекті бейнелейді.
Күз тобы – күзгі ағаштың суретін салады.
Критериялық бағалау.
Кестені толтыр.
№ ТҮРЛЕРІ ҚЫС ТОБЫ КӨКТЕМ ТОБЫ ЖАЗ ТОБЫ КҮЗ ТОБЫ
1. Суреттің көлемі
2. Ұқсастығы
3. Көркемдігі 1. Суреттің көлемі 2. Ұқсастығы 3. Көркемдігі Оқушылар жұмыс жасап отырған кезде жай ырғақпен музыка ойнап тұрады.
Топтық бағалау.
V.Дәптермен жұмыс: Тапсырманы жазбаша орында.
«Алғырмын » деген сөздер жіктеңдер.
Мен алғырмын Біз алғырмыз
Сен алғырсың Сендер алғырсыңдар
Сіз алғырсыз Сіздер алғырсыздар
Ол алғыр Олар алғырлар
Өзара бағалау. (Әр топ бір –бірінің дәптерің тексереді).
VІ. Тапсырма: Диалог құрастыр.

Көктем
1.Көктемде не ериді?
2.Көктемде қар ериді.
3.Көктемде нелер ұшып келеді?
4.Көктемде құстар ұшып келеді.
5. Көктемнің алғашқы гүлі?
6. Бәйшешек.

Жаз
Жазда күн қандай болады?
Жазда күн ыстық болады.
Жазда не жауады?
Жазда жаңбыр жауады.
Жазда нелер піседі?
Жазда жемістер піседі.

Күз
Күзде нелер ұшып кетеді?
Күзде құстар ұшып кетеді.
Күз айларын ата?
Күз айлары: қыркүйек,қазан,қараша.
Күзде жапырақтардың түсі қандай болады?
Күзде жапырақтар сары, қоңыр,қызыл болады.
Қыс
Қыста не жауады?
Қыста қар жауады.
Қыста күн қандай болады?
Қыста күн суық болады.
Қыста балалар қардан не жасауды?
Қыста балалар қардан аққала жасайды.
Бағалау.
VІІ. Қорытындылау.
«Ізгі тілек». Оқушылар бір-біріне тілек айтады. Яғни, «Қыс» тобының суреті өте ұнады. Оларға шығармашылық табыс тілейміз!
«Тілек ағашы». Оқушылар, біз бүгін сендермен керемет жұмыс жасадық. Енді бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, мен сендерге қазір түрлі- түсті алмалар беремін, егер керемет әсер алсаңдар, сабақ ұнады деген оқушы қызыл  алманы тақтадағы жеміс ағашына апарып жабыстырыңдар.
VІІІ. Мақтау-Мадақтау. Оқушылардың жинаған жетондарын санату.

ІХ. Бағалау. 

 
 
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!
Мейірімді жүрекпен,
 Ақпейілді тілекпен,
 Амандасып алайық,
 Бір жадырап қалайық!