Открытый урок по казахскому языку на тему Ма?жан Ж?мабаев Са?ындым (8 класс)


Сабақ: қазақ әдебиеті Күні: 15 .12.2016ж
Мұғалім: Мендыбаева Ш.Ж Сынып: 8 "Б "
Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Сағындым »
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсінік беру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың мақсаты: білімділік:   оқушыларға ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңінің мазмұны мен идеясын меңгерту;
дамытушылық: Оқушылардың тіл байлықтарын арттырып, ұтқыр да ойлы сөйлеуге баулу, тілдерін дамыту.
тәрбиелік:  оқушыларға ақынның қаламынан туған «Сағындым» өлеңінің мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың құралдары: тақырып бойынша суреттер.
Сабақ барысы
Сабақ кезеңі Оқу материалының мазмұны Оқыту әдісі ОБАҰ
Оқушы-дың білім алуын ұйымдастыру түрі Функц-дық сауаттылықты дамытуға берілген тапсырмалар ОЖСБ-ге ҰБТ-ге
Дайын дық Жеке түзету жұмыс
І. Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау
балалар бүгін сабақта кім кезекші? Үй тапсырмасы қандай болды? Тіл дамыту кезеңі Бүгін аптаның қай күні?
Қыс айларын ата?
Аптасына неше күн болады?
Ауа райы қандай?
Ауызекі сөйлеу дағдысын жаттықттыру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 5-7 бет оқу ІІІӨткен тақырыпты қайталау
ІҮ. Жаңа сабақ.
Оқулықпен жұмыс

Сатылай кешенді талдау
Үй тапсырмасын тексеруМұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар өткен сабақта біз сіздермен Сәкен Сейфуллиннің Көкшетау поэмасын өткен болатынбыз, сол шығармадағы берілген тараулардың біреуінен үзінді жаттауға берілген болатын және өз туған өлкелерінің тарихи шежірелерін айта кетіп, табиғат көрінісін баяндап, шағын эссе жазып келуге бергенмін.Үй жұмысын сұрауда «Көкшетау» поэмасы шолу жасау«Көкшетау» поэмасы бойынша жұлдыздар әлемі:1.«Көкшетау» поэмасы қай жылы жазылды?2. Ол қандай поэма?3. Поэманың «Оқжетпес» тарауында таудың зәулім екенін танытатын сөздер мен сөз тіркестерін кім тауып оқиды?4. Портрет дегеніміз не?5. Ақын суреттеуіндегі қалмақ қызы қандай?6. Адақты поэмада қалай суреттейді?
Топтық жұмыс: Мағжанның өмірі мен шығармашылығынан алған білімдерін постер қағазы арқылы қорғайды.
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында бұрынғы Ақмола губерниясы Ақмола уезіндегі Полуден болысында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Мағжан атындағы ауылда) белгілі, текті, ауқатты отба-сында дүниеге келген. Төрт жасында ауыл мұғалімінен сауат ашып, хат таниды, ал 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түседі. Бұл медреседе араб, парсы, түрік тілдерін еркін игеріп, медресені 1910 жылы жақсы үлгеріммен бітіреді. Бұдан кейін Уфадағы «Ғалия» медресесінде, Омбыдағы мұғалімдер семина-риясында оқиды. 3. Мағжан 1916 жылы Омбының семинариясын ойдағыдай бітіріп, туған өлкесіне оралады. Қазақ даласында «Алаш» партиясын құруға қатысады, Ақмоладағы «Бостандық туы» газетінде редактор болып қызмет атқарады. 1922 жылы Ташкентке келіп, шығармашылық жұмыспен айналысады. Онда «Шолпан», «Сана» журналдарында, «Ақжол» газетінде қызмет атқара жүріп, бірнеше шығар-маларын жарыққа шығарады. 4. 1923-27 жылдары Мағжан Мәскеудегі жоғары әдебиет – көркемөнер институтында оқиды. Осы жылдары ол орыс, батыс Еуропа әдебиетін терең зерт-теп оқиды. 1929 жылы «Алқа» деген жасырын ұйым құрды деген айыптаумен 10 жылға сотталды. 1936 жылы орыс жазушысы М.Горький және Е.Пешкованың араласуымен аз ғана уақытқа бостандық алады, бірақ 1937 жылы қайта қамауға алынып, 1938 жылы ақын ғұмыры мәңгілікке үзіледі. 5. Мағжан өлгенмен, оның жазған еңбектері бізге өшпес мұра боп қалды. Ол – көптеген өлеңдер, поэмалар, әңгімелер мен аудармалар жазған бірегей тұлға. - Ақын өлеңдерімен таныстыру. Мәнерлеп оқу.- «Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау. ( Тақтаға шығып орындату)- Көркемдегіш құралдарын табу.( теңеу, эпитет, метафора)«Сағындым» өлеңіне сатылай кешенді талдау элементтерін енгізу.Тақырыбы: еліне, жеріне, анасына деген сағыныш.Идеясы: Шындық өмір көріністерін суреттей еркіндікті, бостандықты бағалау.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. 6 шумақты өлең.Тармақ – өлеңнің әр жолы. 4 тармақты.Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақтыҰйқас. Қара өлең ұйқасы. а - а - б - аӘдеби теориялық ұғымдар. Теңеулер бар.Түсіндірме сөздік. Абақты – түрме, ауыр иіс – жаман иіс, жүйрік жел – қатты жел.Өлеңнің негізгі түйіні. Туған жерге, туған табиғатқа, туысқан - бауырға деген махаббат.Әдебиет теориясы: Адамның көңіл - күйін, жүрек сезімін, күйінгенін, сүйінгенін, ішкі жан сырын жырлайтын өлең – лирикалық өлең деп аталады. Лириканың бас кейіпкері – ақынның өзі.Лириканың бір үлгісі – Мағжанның өлеңдері. “Мағжан өлеңдері өкіндіреді, мұңайтады, жылатады, аятқызады, есіркетеді, жігер береді” түсіндіру
мәтінмен жұмыс
Іздендіру
жаңа сөздерді оқу
баяндау
түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап, іздену, ойлау, топпен жұмыс, жеке жұмыс.
Жеке,топтық жұмыс
+
+
Дауыссыз дыбыстардың айырмашы-лығына
көңіл бөлу
Дұрыс айтуға дағдыландыру
Қатесіз дұрыс оқу.
Ү. Қорытындылау.
201612526035252095026035129222526035Класстер
202565099885512922258369302616200-12701111250560705100647518923025209507607302520950332105
1.Sinkuein стратегиясы Мағжанға бес жолды өлең арнау.
2. 1. Мағжан Жұмабаев қай жылы дүниеге келген?
а) 1894 ж. в) 1893 ж. с) 1895 ж.
2. Мағжан неше жасында атасынан бата алды?
а) 4 в) 5 с) 3
3. Мағжанның әкесі қандай қызмет істеді?
а) ауылнай в) болыс с) аға сұлтан4. Мағжанның анасының есімін көрсет.
а) Зейнеп в) Гүлсім с) Гүлбаһрам5. Мағжанның алғашқы ұстазы кім болды?
а) Ғалымжан Ибрагимовв) Мұхамеджан Бегімовс) Ахиетден Аханов6. Мағжан неше жасынан бастап сауатын ашты?
а) 5 в) 4 с) 3
7. «Тұтқын» өлеңін кімнен аударды?
а) Байрон в) Пушкин с) Лермонтов
8. Мағжанның поэмасын көрсет (дастан ).
а) «Сен сұлу»в) «Ескендірдің екі мүйізі»с) «Батыр Баян»
9. М.Жұмабаев қай жерде дүниеге келген?
а) Көкшетаудав) Солтүстік Қазақстан облысындас) Қарағанды облысында10. «Сағындым» өлеңнің тақырыбы
а) махаббат туралыв) сағыныш сезіміс) халық туралы ҮІ. Үйге тапсырма беру.  М. Жұмабаевтың «Сағындым»өлеңін жаттап келу. ҮІІ. Бағалау. Сабаққа белсене қатысып өз ойын толық жүйелі түрде жеткізе білген оқушыларды әділ бағамен бағалаймын.Сабақ аяқталды!Сау болыңыз!