Ашы? саба? Жануарлар ?лемін ?ор?ау


Тақырыбы: Жануарлар әлемін қорғау .Қазақстан қорықтары.
Мақсаты:
Оқушылардың жануарлар туралы білімдерін дамыту, «Қызыл кітапқа» енген қорықтардағы жануарлармен таныстыру;
Жануарлар әлемімен таныстыра отырып «Дүниетану» пәніне деген қызығушылықтарын арттыру; Кампьютермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырып , оны қороғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Қызыл кітап» , дербес компьтер , буклеттер , деңгейлік тапсырмалар
Түрі: жаңа сабақ;
Әдісі: дамыту оқыту; баяндау;
Пән аралық байланыс: география , информатика
Сабақ жоспары
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
3.Жаңа сабақ мақсатымен таныстыру.
4.Жаңа сабақ.
а) Қазақстан қорықтарымен таныстыру , «Қызыл кітап» туралы таныстыру. Оқулықпен жұмыс.
б) Компьютермен жұмыс. Презинтация беттерін қарау.
(Барлық балалар компьютердің алдына отырады).
Экран бетінде 1-бет пайда болады ,
«Жануарлар әлемін қорғау. Қазақстан қорықтары».
2-бет
Балалар, қорықтың атын оқыңдар. (Балалар жоғарыда жазылған «Алматы қорығы» деген сөзді оқиды. Оң жақтағы суретте не бейнеленген? Киік. Енді сол жақтағы сөзді оқиды.
Дәптерлеріне Алматы қорығы , киік сөздерін жазады.
3-бет.
-Балалар, қорықтың атын оқыңдар.(балалар жоғарыда жазылған «Ақсу- Жабағалы қорығы» деген сөзді оқиды. Сол жақтағы суретте не бейнеленген? Түлкі. Енді оң жақтағы сөзді оқиды.
Дәптеріне Ақсу - Жабағалы қорығы , түлкі сөздерін жазады.
Сергітту сәті. Компьютерден түлкі тақпағын тыңдату.
«Ақ сүйек» ойыны
4-бет
Балалар , келесі қорықтың атын оқыңдар.(балалар жоғарыда жазылған «Үстірт қорығы» деген сөзді оқиды. Сол жақтағы суретте не бейнеленген? Аққұтан. Енді оң жақтағы сөзді оқиды.
Дәптерлеріне Үстүрт қорығы , Аққұтан сөздерін жазады.
5-бет
Балалар, келесі қорықтың атын оқыңдар. (балалар жоғарыда жазылған «Қорғалжын қорығы» деген сөзді оқиды. Оң жақтағы суретте не бейнеленген? Аққу. Енді сол жақтағы сөзді оқиды.
Дәптерлеріне Қорғалжын қорығы , аққу сөздерін жазады.
6-бет.
Балалар, келесі қорықтың атын оқыңдар.(балалар жоғарыда жазылған «Наурызым қорығы» деген сөзді оқиды.) Оң жақтағы суретте не бейнеленген? Қоян. Енді сол жақтағы сөзді оқиды.
Дәптерлеріне Наурызым қорығы , қоян сөздерін жазады
7-бет
Балалар , келесі қорықтың атын оқыңдар .(балалар жоғарыда жазылған «Марқакөл қорығы» деген сөзді оқиды.) Оң жақтағы суретте не бейнеленген? Қасқыр. Енді сол жақтағы сөзді оқиды.
Дәптеріне Марқакөл қорығы , қасқыр сөздерін жазады.
5. Презинтация беттерінен жазған жануарларды оқиды.
6.Қосымша материалдармен (буклеттер) жұмыс.
7.Қорытынды. Деңгейлік тапсырмалар.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқу , баяндау , жануарлардың суретін салу , қорықтардың құрылған жылдарын іздеу.